Су тасқыны: Қазақтың қабырғасы қайысса, біздің бауырымыз сыздайды!

Еліміздің бірсыпыра аймақтарында қарғын судың беті қатты. Елдімекендер мен ірілі-ұсақты қалаларға төніп тұпған қауіп әлі сейілген жоқ. Десе де, елімізге алыс-жақын, көршілес мемлекеттер гуманитарлық көмектер жіберуде. Бұл санатта: Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Тәжікстан, Әзербайжан мен Ресей құрамындағы Ингушетия бар.

1713873222224025.jpg

Сонымен, елімізде қарғын судың зардаптарын жою, су басқан аймақтардағы ел-жұртты құтқару жүмыстары қалай жүргізіліп жатыр? Mezgil.kz ақпараттық порталы осы тақырыптардағы негізгі ақпараттарға шолуын ұсынады.

1713871824572318.jpg

(Сурет: primeminister.kz)

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ НЕ ДЕЙДІ?

Су тасқынына байланысты Үкімет басшысы Олжас Бектенов қарауындағыларға бірқатар тапсырма берді. 

– Маған үй-жайларын тастап кеткісі келмейтін тұрғындардың әрекеті эвакуациялау жұмыстарын қиындатып жатқаны туралы айтылды. Олар су тасқынының ауыр зардаптарына сенгілері келмейді. Биыл мұндай апат су тасқыны бұрын-соңды болмаған жерлерде де орын алуда. Сондықтан, қазақстандықтарды әкімдіктер мен арнайы қызметтердің хабарламаларына ерекше мән беріп, олардың нұсқауларын орындауларын сұраймын. Бұл адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді, – дейді Бектенов.

Премьер-министр Олжас Бектенов қазіргідей қиын жағдайда ел тұрғындарына көмек қолын созып жатқан құтқарушыларға, ұшқыштарға, ішкі істер, қорғаныс министрліктеріне мен ұлттық ұланның қызметкерлеріне, медицина қызметкерлеріне және қатардағы еріктілерге алғысын білдірді.

Үкімет басшысының айтуынша, эвакуациялау – бірінші кезекте, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бектенов сол себепті құтқарушылардың жұмысын қиындатпай, оларға қарсылық емес, керісінше, қолдау көрсету керектігін:

«...төтенше жағдайлар, ұлттық экономика, қаржы, көлік, құрылыс, су ресурстары министрліктері мен өңір әкімдіктері тез арада апаттан келген шығын көлемін бағалап, зардап шеккен адамдарға материалдық көмек көрсетуге кіріссін. Әкімдіктер жергілікті жерлерде зардап шеккен тұрғындарды шығынды өтеу алгоритмі және үй салу үшін көрсетілетін көмек туралы атаулы түрде хабардар етуге тиіс. Зардап шеккендердің ешқайсысы назардан тыс қалмайды. Бәріне көмек беріледі», - деп, атап айтты.

1713871953794070.jpg

(Сурет: Сергей Нагорняктың баспасөз қызметі)

УКРАИНА ХАЛҚЫ: ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАЙҒЫСЫНА БІЗ ДЕ ОРТАҚПЫЗ!

Украиналық оқушылар бас болып, Украина халқы қос болып, су тасқынына байланысты Қазақстан халқына қолдау білдіріп, акция өткізіп жатыр. Бұл туралы Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Қалетаев Григорий Ващенко атындағы № 144 Киев лицейінің оқушылары мен педагогтарымен кездесу өткізді. Кездесуге сондай-ақ Украина Жоғарғы Радасының Қазақстан Республикасымен парламентаралық байланыстар жөніндегі депутаттық тобының жетекшісі Сергей Нагорняк қатысты.

Кездесу барысында украин оқушылары қиратушы су тасқыны салдарынан Қазақстан халқына шынайы қолдау білдіруді сұрады. Сондай-ақ, лицей өкілдері зардап шеккен аймақтардың тезірек қалпына келуіне тілектестіктерін білдірді», - делінген хабарламада.

Өз кезегінде Елші Қалетаев кездесуге қатысушыларға су тасқынына байланысты қолдау білдіргендері үшін алғысын білдіріп, елдеріміз арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға және нығайтуға бағытталған бірқатар бастамаларды айтты.

Қазақстандағы шетін оқиғаға қадысты Украина халқы өз қолдау сөздерін әлеуметтік желілерде де айтып жатыр. Олардың қатарында, Украина саясаткерлері, БАҚ өкілдері мен мәдениет өкілдері баршылық.

1713872179787870.jpg

(Коллаж: Mezgil.kz)

ТҮРКИЯ: БІЗ ӘРДАЙЫМ ҚАЗАҚТЫҢ ҚАСЫНАН ТАБЫЛАМЫЗ!

Түркия Қазақстанға су тасқынымен күресте кез келген көмек көрсетуге дайын. Бұл туралы Түркия Үкіметі Қазақстан Үкіметіне жолдаған жеделхатында айтқан.

«Түркия ауқымды су тасқынына байланысты Қазақстанға көңіл бөледі. Республика кез келген көмекті көрсетуге дайын», - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

«Біз Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі апатты су тасқынына қатты қайғырып, ондаған мың қазақстандық бауырларымызды эвакуациялауға мәжбүр еттік. Қазақстан халқы мен үкіметіне көңіл айтамыз. Түркия табиғи апаттан болған жарақаттарды емдеу үшін қажетті кез келген көмекті көрсетуге дайын»,  - делінген хабарламада.

1713872288306362.jpg

(Сурет: АкиПресс Қырғызстан)

ҚЫРҒЫЗСТАН: МАҒАН ҚИЫН КЕЗДЕ СЕН ЖҮРДІҢ, САҒАН ҚИЫН КЕЗДЕ МЕН БАРМЫН!

Алғашқы гуманитарлық көш: 300 тонна

Бұған дейін Қырғызстан Қазақстанға екі кезек гуманитарлық көмек аттандырған. Жиынтығы 300 тоннаны құрайтын алғашқы гуманитарлық көмек 15 жүк көлігіне тиеліп, келген еді. Ол кезде Қырғыз ағайындар азық-түлік, киім-кешек, төсек жабдықтары, жылытқыштар жіберген. Ол Қазақстанның төрт облысына бөлінді.

Екінші гуманитарлық көмек: 144 тонна

Артынша Қырғызстан су тасқынынан зардап шеккендерге арналған гуманитарлық көмектің екінші партиясын жіберді. Екінші жолы Қырғызстан азық-түліктер мен сүт өнімдерін жіберді.

ҚР ТЖМ хабарлағандай, жүк жергілікті сүт өнімдерінен тұрады - 10 мың литр айран, 14,2 мың қорап қаймақ, 10 мың литр сары май және 10 мың литр өсімдік майы, 20 тонна голланд ірімшігі және 80 тонна майсыз құрғақ сүт.

«Жүк қырғыз халқының күшімен жиналды, сондай-ақ Президенттің резервтік қорынан қосымша бөлінді», - деп хабарлады Қырғызстан ТЖМ.

1713872355273473.jpg

(Сурет: Түркістан облысы әкімдігі)

ӨЗБЕКСТАН: МИРЗИЕВ ТЕ МҮКӘММӘЛ КӨМЕК ЖІБЕРДІ

Қазақстанға көршілес Өзбекстан да гуманитарлық көмек жіберді. Қарағандыға сенбі күні Өзбекстаннан азық-түлік өнімдері, киім-кешек және қажетті мүкәммал тиелген 15 жүк көлігі келді. Бұ гуманитарлық көмекті Өзбекстаннан келген делегация алып келді. Оның құрамына Өзбекстан Республикасы Президентінің Арал өңірін тұрақты дамыту мәселелері жөніндегі кеңесшісі Тұрсынпулат Құдайбергенов, Сыртқы істер министрінің орынбасары Бобур Усманов және Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Шухрат Джураев бар.

Делегация Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына қолдау білдірді.

ТАШКЕНТ ҚАЗАҚТАРЫ: БҮТІН НАНДЫ БӨЛІП ЖЕП, ЖАРТЫ НАНДЫ ЖАРЫП ЖЕГЕН ҚАЗАҚПЫЗ!

Ташкент қазақтары да су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан халқына гуманитарлық көмек жіберді. Өзбек астанасындағы қазақтар қоғамдастығының мүшелері жинаған жүк көлігіне баспанасыз қалғандарға қажетті киім-кешек, азық-түлік, төсек-орын керек-жарақтары тиелді. Жүк Қазақстанның солтүстігіне - Қостанай облысына жөнелтілді.

Өзбекстан премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлағандай, гуманитарлық көмекке азық-түлік өнімдері, гигиена құралдары, балалар мен ересектерге арналған киімдер, матрастар, көрпелер, жастықтар, арнайы жабдықтары бар шатырлар, резеңке қайықтар жиынтықтары және т.б. кірді.

1713872565282990.jpg

(Коллаж: Mezgil.kz)

ТӘЖІКСТАН: БІЗ БІР-БІРІМІЗДІ ҚОЛДАУҒА ТИІСПІЗ!

Тәжікстан да үнсіз қалмады. Қазақстанның зардап шеккен өңірлеріне гуманитарлық көмек берді. Душанбе мен Худжандтан 61 вагон мен 13 жүк көлігі жөнелтілді. Гуманитарлық көмек азық-түлік, ауыз су, құрылыс материалдары мен үйлердің шатырларын қамтиды.

«Қазақстандағы жағдай бізді күйзелтті. Біз бей-жай қала алмадық. Егер біздің елімізде күрделі проблема туындаса, онда ең көп көмекті Қазақстан жіберетін болады. Сондықтан, Тәжікстан Республикасы Президентінің шешімімен біз гуманитарлық керуен жібердік. Стратегиялық серіктес ретінде біз бір-бірімізді қолдауға тиіспіз», - деп мәлімдеді гуманитарлық көмек керуенін басқарған Тәжікстанның төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы Рустам Назарзода.

1713872724993127.jpg

(Сурет: eadaily.com)

ИНГУШЕТИЯ: 4 МЫҢ ШАҚЫРЫМДЫ АТТАП ӨТІП, ҚЫЗЫЛЖАРҒА КӨМЕК БЕРЕМІЗ!

Ресей құрамындағы Ингушетия су басқан Қызылжарға гуманитарлық көмек ретінде 20 тонна мұздық су мен киім-кешек, азық-түлік жіберді. Ингушетияның жәберген көмегін Қазақстан халқы Ассамблеясы күтіп алды. Бұл көмек 4 мың шақырымды артқа тастап, солтүстіктегі Қызылжар халқына жетті.

Су тасқыны бойынша Республикалық штабтың таратқан ақырғы ақпаратына арқа сүйесек, қазір Республика бойынша 26 785 адам өз үйлеріне оралған. 8 795 адам, соның ішінде 3 828 бала эвакуациялау орындарын паналауда.

Ал бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов су басқан өңірлерге, ондағы халыққа қандай көмектер көрсетліп жатқанын айтты. Үкімет басшысының сөзінше, қазірге дейін 11 мыңға жуық отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш (369 200 теңге) мөлшерінде төлем алған.

«Бұл – үлкен жұмыстың басы ғана. Оған қосымша тағы 150 айлық есептік көрсеткішке (553 800) дейін төлейтін боламыз. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады», – деді Олжас Бектенов.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар