Ресейден ресми хабар: «Өлмейтін полк» тірі ме?

2024 жылы Ресейде «Өлмейтін полк» (Бессмертный полк) шеруі дәстүрлі форматта өткізілмейді. Ресей билігі дәстүрлі форматта шеруді өткізу қауіпті болуы мүмкін деген шешімге келді. Шерудің дәстүрлі форматта өтпейтінін шеруді ұйымдастырушылардың бірі, депутат Елена Цунаева пресс-конференция барысында айтты.


Традиционное шествие «Бессмертного полка» в этом году не планируется –  Коммерсантъ

 

Цунаеваның сөзінше шеруді дәстүрлі форматта өткізу Ресейде бірқатар қауіпке байланысты іске аспайтын болды. Ол дрондар шабуылы, лаңкестік болуы мүмкін дейді. Ал өзге мемлекеттерде шеру форматында ұйымдастырылуы ықтимал. Қазіргі таңда Ресей ресми түрде шеруді ұйымдастыру үшін 60 елге өтініш жібергенін айтты. Әлем елдеріндегі Ресей елшіліктері шеруді өткізетін болады.

 

«Өлмейтін полк» (Бессмертный полк) акциялары 2024 жылы Ресейде және әлемнің өзге елдерінде 1-12 мамыр аралығында ұйымдастырылады. Ресейде шеруді өткізудің жаңа форматы ұсынылды. «Азаматтар футболкаларына аталарының суреттерін жабыстырса болады немесе көлікке іліп қойса да құптаймыз» дейді шеруді ұйымдастырушылар. Ол үшін шерудің арнайы сайтындағы дайын дизайндық жұмыстарды қолданса болады. Шеруді ұйымдастырушылар онлайн форматтағы шеруге азаматтарды Рейх әскерінің суретін қоймауға шақырды. Бұған дейін Ресейдегі шерулерде соғыс жылдарындағы Германия әскерінің суретін алып шыққан жайттар кездескен еді. 

 

Әлеуметтік желідегі аватарларға соғысқа қатысқан ата-бабасының суретін қою, жаппай жазбалар жазу да құптарлық іс дейді олар. 9-мамыр күні «Бессмертный полк» сайты тікелей эфирде соғысқа қатысқандардың суреттерін онлайн режимде көрсетеді. «Өлмейтін полк» қозғалысы 2012 жылы құрылған болатын. 2023 жылы аталмыш қозғалыстың шеруі дәстүрлі форматта ұйымдастырылмады. Бұл Украина-Ресей соғысына байланысты еді. 2024 жылы да шеру дәстүрлі форматтан бас тартып отыр.

 

«Бессмертный полк» шеруі Қазақстанда «Батырларға тағзым» шеруі деген атауға ие болды. 2024 жылы шеру Қазақстанда болатыны немесе болмайтыны әзірге белгісіз. Бұған дейін Қазақстан 9-мамыр күні әскери шеру жасаудан бас тартқан еді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар