Макрон: Не өзгереміз, не өлеміз!

Франция президенті Эмманюэль Макрон Еуропа қауіпсіздігіне қатысты сөз сөйлеп, баяндама жасады. Ол Еуропаның экономикалық, саяси және әскери ұстанымдары толық өзгеру керектігін айтты. Еуропа өзгеріс жасамаса, түбі құритынын ескертті.


Мини-Наполеон. "Откосивший" от армии Макрон вернул Франции военный призыв -  РИА Новости, 28.02.2018

 

Сорбонна университетінде екі сағат сөз сөйлеген француз басшысы Еуропаның қиын-қыстау кезеңге келіп жеткенін және тірі қалу үшін өзгеріс жолына түсіп жатқанын мойындады. «Біз Еуропаның өлуі мүмкін екенін түсінуіміз керек. Ол өліп қалуы мүмкін. Барлығы да біз жасайтын таңдауға байланысты, таңдауды дәп қазір жасауға тиіспіз», - дейді Макрон.  

 

Сорбонна университетінде Макрон 2017 жылы да үлкен баяндама жасап, Еуропалық Одақты жеке саясат жүргізуге, экономикалық дербестікке шақырған болатын.  

 

Макронның ойынша Ресейдің Еуропаға деген жауластығы, АҚШ-тағы сайлау мен Вашингтонның қызығушылығының аздығы, Қытайдың бәсекелестігі ЕО-ны рейтингі төмен қауымдастыққа айналдыруы ықтимал. «ЕО-ның Ресейден энергия мен тыңайтқыш сатып алатын, Қытайға технологиялық өнімін беретін және қауіпсіздігін АҚШ-қа артып қоятын дәуірі аяқталды», - дейді Франция президенті.  

 

Ол ЕО басшыларының барлығын масштабты реформалар бастауға шақырды. Макронның сөзінше Еуропада қуатты, заманауи өз әскері және қорғаныс саласы болуы тиіс. «ЕО АҚШ-тың көмегінсіз қорғана және шабуылдай алатын қабілетке ие болуы қажет» дейді ол. Ол Еуропа елдеріне ортақ әскер құрудың қажеті жоқ екенін айтты. Алайда ортақ әуе қорғаныс жүйесі мен Еуропалық әскери академиясын құруға шақырды. Оның ойынша кез келген қауіпке жылдам қарсы әрекет ете алатын ЕО-ның 5 мың арнайы жасақ сарбаздары болуы тиіс. 

 

Ол халықаралық саясатта ірі державалар ойын шартын сақтамайтын дәрежеге жеткенін айтып, «ЕО-ның ғана ойын ережесін ұстануы әділетсіз болар еді» деді. АҚШ пен Қытай ірі экономика ретінде ойын ережесінен тыс бәсекелестікке түсіп жатқанын ашық айтты.

 

Макрон Еуропаның АҚШ-тың вассалы емес, дербес күш екенін дәлелдейтін сәт жеткенін мәлімдеді. Ол Еуропа елдері рухани өзгеріске бет бұру қажеттігін айтып, балаларға әлеуметтік желіге кіруді 15 жастан бастау қажеттінін ұсынды. Франция басшысы Еуропа елдері түрлі қауіптерді ескеріп, оянып келе жатқанына қуанатынын жасырмады. Ол Украинаға әскер жіберу идеясынан бас тартпайтынын тағы бір мәрте жеткізді.


Mezgil.kz

 



Ұқсас тақырыптар