Агрессорды ұлықтау: Инаугурацияға кімдер барады?

7‑мамыр күні Ресейдің су жаңа сайланған президенті Владимир Путин инаугурация өткізбекші. Естеріңізге сала кетейік, Ресей наурыз айында «президенттік сайлау» өткізіп, онда сайлаушылардың 87,28% дауысын жинаған Путин айқын басымдылықпен жеңіске жеткен болатын. Енді, ол Ресей Конституциясы бойынша инаугурация өткізіп, Ресей халқына РФ Конституциясына қолын қойып 82‑конституциялық заң бабында жазылған мәтінді оқу арқылы ант беруі тиіс. Осылайша, В.Путин өзінің президенттік өкілеттігін халық алдында заңдастырады.


Где смотреть инаугурация Путина 7 мая (видео сегодня онлайн-трансляйция)  Москва - Видеотрансляция стартует в полдень и продлится 50 минут

 

Әрине, қазір елдің батысын соғыс өрті шарпып, оңтүстүгік‑шығысында алып территорияны су басып жатқан кезде иннаугурация өткізу оңай емес. Мәселен, осының алдында ғана ол 9 мамырда дәстүрлі түрде өткізілетін «Мәңігілік полк» атты бүкілхалықтық «еске алу» шеруін «қауіпсіздік шараларына байланысты» деген себеппен өткізбеу  туралы шешім шығарған болатын. Ал, инаугурацияда олай жасамады. Соған қарағанда, өз лигитимдігін қамтамасыз етудің саяси салмағы «мәңгілік полк» шеруінен басым болып шыққанын көреміз.

 

«Путин кімдерді шақырды, кімдер оған барады?» деген мәселеге қазір әлем көз тігіп отыр. Оған заң бойынша Ресей билігінің үш тармағы: заң шағарушы, атқарушы және сот жүйесінің атаулы өкілдері «шақыру құжатымен» қатысады. Ол қатарда Президент әкімшілігі қызметкерлері, Мемлекеттік Дума депутаттары, соттар бар. Сонымен қатар «Отан алдындағы еңбегі үшін» орденінің І және ІІ дәрежедегі иегерлері, Қасиетті аппостол Андрей Первозданный орденінің кавалерлері, «Ресей Қаһарманы» орденінің иегерлері  шақырумен қатысады. Алайда, оның тізімі әзірге өте құпия ұсталады. Сақтықтан бұрын, бұл құпиялық қоғамда әртүрлі толқулар мен наразылықтың туындамауын көздеп отырған түсінікті...

 

Ал, «Алыс‑жақын шет елдерден кімдер келеді екен?» деген сұрақ одан да маңызды ма дейміз. Себебі, қазір бүкіл әлем осыған назар аударатын болады. Ол Ресейдің қазіргі халықаралық жағдайдағы беделін анықтаушы фактор болып табылады. Осыған дейін Евроодаққа біріккен Еуропа елдері Путиннікң сайлауын мойындамаймыз деп жариялады. Себебі, Халықаралық нормалар бойынша Ресейдің өзі оккупациялаған территорияда сайлау өткізуге қақысы жоқ. Ал, Ресей әлі де БҰҰ картасында Украина территориясы саналатын Қырымда, Донецк, Луганск, Херсон, Запорожье облыстарда сайлау өткізді. Ресей Конституциясында ол жерлер Ресейдікі, әрине, Бірақ, Халықаралық деңгейде бұл территориялар әлі мойындалмаған. Оны тек қана Белоруссия және Солтүстік Корея, бірнеше шағын Африкалық мемлекеттер ғана мойындағанн білеміз. Сол себепті, әлемнің Ресей‑Украина соғысында Украина жағын қолдаған 145 мемлекеттің біреуі де бұл инагурацияға келмейді деп сеніммен айтуға болады.

 

Сонда, оған кімдер баруы мүмкін?

 

Әрине, бірінші болып Беларусь пен Солтүстүк Корея президенті, екінші болып Иран басшылығы өкілдері баратын болар, үшіншіден бірқатар Африка мемлекет басшылары, Ауғанстан басшысы. Ал, енді, Қытайға келсек – мәселе күрделі. Жақында ғана Қытай лидері Си Цзиньпин  Америка өкілдерімен кездесті. Олардың қандай шешімге келгені белгісіз, бірақ Қытай Ресейдің агрессиялық соғысына араласуға құлықсыз екенін танытуда. Ендеше, Мәскеуге Цзиньпиннің келуі екіталай. Мүмкін оның Сыртқы Істер министрі келетін болар. Ол мүмкін.

 

Ал, ЕАЭО‑на мүше елдерден кім келуі мүмкін? Мұнда да өте күрделі мәселелердің шырмауығы шешілмей тұр. Қырғызстан мен Тәжікстан мемлекеттерінің президенттері оған міндетті түрде баруы тиіс. Себебі, олар өз елдерінің Ресейдегі еңбек мигранттарының тағдырынан теріс айнала алмайды. Ал, енді, бұл жерде түйткіл Армения мен Қазақстанға келіп тіреледі. Қазақстан өзіне Ресей тарапынан айтылып жатқан қоқан‑лоқыны «ұмыта» салмайды. Бірақ, өткендегі Тоқаев мырзаның Армения сапарында бұл мәселе көтерілуі әбден мүмкін. Ол кезде Қазақстан Арменияны «көндіре» алса, онда инаугурацияда Қ.Тоқаев та, Н.Пашинян да бой көрсетеді деуге болады.

 

Меніңше, Путинді әбден «зерттеп білген» батыс елдері Қазақстан мен Арменияның бұл қадамдарына «түсіністікпен» қарайтын шығар деп ойлаймыз. Себебі, Батыс пен АҚШ қазіргі Ресей‑Украина соғысында өздеріне сенімді ‑ көмекті аямай беріп, Украинаның жеңіске жететінін болжауда. Олай болса, батыс үшін бұл инаугурацияның саяси болашағы «көмескі» деуге болады. Бар мәселе осында болып тұр...

 

Ал, Турция бұл шараға қатысады. Өйткені, Ердоғанның қолында «бебітшілік делдалы» деген жазылмаған мандат бар, сол үшін оның Ресейге емін‑еркін келе беруге қақысы бар. Оған Грузия, Белоруссия президенттері қосылады, әрине...


Mezgil.kz

 

 



Ұқсас тақырыптар