Ресейдің 5 өңіріне шабуыл һәм ATACMS-тың әлегі: Бір соққыдан жүздеген сарбаз қырылып қалды...

Украина Қарулы күштері кеше түнде Ресей аумағына дрондар арқылы ауқымды шабуыл жасады. Украина шабуылы Ресейдің энергетикалық нысандарына бағытталған. Украина Ресейдің қанша өңіріне, қандай нысандарға шабуыл жасады? Біз шолып шықтық...

1714651181947896.jpg

Өткен түні украиналық дрондар Ресейдің Брянск, Курск, Ростов облыстарында, Краснодар өлкесіне шабуылдар жасаған.

Ресейдің бес өңірінің үстінен өлім сепкен 12 украиналық ұшқышсыз ұшу аппаратының 5-еуін Брянск облысында, 3-еуін Краснодар өлкесінда, екеуін Ростов облысында, біреуін Белгород және біреуін Курск облыстарыда атып түсіргенін Ресей жағы мәлімдеді. Десе де, бірнеше өңірде энергетикалық инфрақұрылым нысандарына зақым келген. Яғни, дөп тиген. Солардың бірсыпырасы:

Смоленск облысында соққы өңірдің оңтүстік-шығысындағы Рославль ауданындағы нысанға түскен.

Орлов облысында дрондар Глазуновский және Свердлов аудандарына шабуыл жасады. Оның салдарынан энергетикалық инфрақұрылымға зақым келген. Электрмен жабдықтау жартылай бұзылды. Облыстың бір бөлігі жарықсыз қалды.

Курск облысының оңтүстігінде украиналық ұшқышсыз ұшақ атып түсірілді. Дрон шабуылынан Обоян ауданындағы Поныри кентіндегі электр желісі зақымданып, елдімекен жарықсыз қалды.

Краснодар өлкесінде жергілікті тұрғындар мұнай өңдеу зауыты орналасқан Афипский кентінің маңында жарылыс болғаны туралы хабарлады.

Брянск облысында дрондар Стародуб муниципалды округі мен Погар ауданы маңында жарылған.

1714651023666769.jpg

ЛУГАНСК ОБЛЫСЫНДАҒЫ ПОЛИГОНҒА ATACMS-ПЕН СОҚҚЫ ЖАСАЛДЫ!

Украина Қарулы күштері оккупацияланған Луганск облысындағы Ресейдің әскери полигонына ATACMS зымыранын қолданған. Кей деректерде, бір соққыдан 110-нан астам басқыншының көзі жойылғаны айтылады. Енді осы ақпаратты тарқата кетейік:

Украин әскерлері Луганск облысындағы Роговое ауылының маңында Ресей армиясының жеке құрамына соққы берді. Соққы алыс қашықтыққа жететін ATACMS баллистикалық зымыранымен жасалуы мүмкін. Украина ҚК ATACMS баллистикалық зымыранымен соққы жасаған деген бейнежазбаны 1 мамырда «X» (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде «OSINT» қоғамдастығының волонтері жариялады. Бейнежазбадан Ресей армиясының жеке құрамы бір жерге жиналғанын көруге болады. Кейіннен олардың орналасқан жерінде едәуір аумаққа зақым келтіретін қосалқы оқ-дәрілермен снаряд жарылады. 

Сарапшылар пікірінше, соққы түскен жердегі ойықтың диаметрі 340 метр немесе 10 гектар (10 мың шаршы метрге жуық) шеңберді қамтиды. Зақымдану алаңы HIMARS жүйелеріне арналған GMLRS алыстан ататын снарядтарға қарағанда едәуір үлкен екенін көрсетеді. Сондықтан сарапшылар ATACMS зымырандары соққы берген деген қорытынды шығарады. Бұл соққыдан Ресейдің кем дегенде 116 әскери қызметшісі көз жұмған немесе жараланған.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айының соңында АҚШ Украина үшін әскери көмек туралы заңды қабылдады, соның ішінде алыс қашықтыққа жететін ATACMS зымырандарын беру де бар. Бұл тікелей қаржыландыру туралы заң жобасында көрсетілген. Кейіннен президент Владимир Зеленский ATACMS зымырандары бірінші қолдау топтамасында болатынын растады.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар