Израиль ультиматумы: Нетаньяхуге тықыр таянды ма? Байден не дейді?

Израиль үкіметі АҚШ президенті Жо Байденнің әкімшілігін: «Егер Халықаралық қылмыстық сот Израиль басшыларын қамауға алу туралы ордер шығарса, Палестина билігіне қарсы оның құлдырауына әкелуі мүмкін «жауап қайтару шараларын» қолданамыз», - деп ескертті.

1714652861684995.jpg

(Коллаж суреттері: DW.com)

Соңғы кездері Израильдің ресми тұлғалары Халықаралық қылмыстық соттың Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды, қорғаныс министрі Йоав Галантты және Израиль қорғаныс армиясы штабының бастығы Герци Халевиді қамауға алуға ордер беруге дайындалып жатқанына алаңдаулы.

Израиль АҚШ-қа: «Палестина билігінің ресми тұлғалары Израиль басшыларын қамауға алуға ордер беру үшін ХҚС прокурорына қысым көрсетуде», - деп мәлімдеді.

Axios: «Израиль билігі Халықаралық құқықтық сот тарапынан премьер-министр Биньямин Нетаньяху, Йоав Галлант және Израиль әскерінің штаб басшысы Херц Халевиге қарсы тұтқындау ордерін шығарса, онда Палестина билігіне салық түсімін толық тоқтататынын айтты.

Израиль жүйесі арқылы өтетін салық түсімдері тоқтатылса, Палестина әкімшілігі толық банкротқа ұшырамақ. Сонымен бірге Израиль Иордан өзенінің батысындағы Палестинаның халқын жұмысқа алу тәжірибесін тоқтатуы да мүмкін», - деп жазады.

ХҚС-ның Израиль премьері Нетаньяхуды қамауға ордер шығаруы мүмкін деген әңгіме сол Нетаньяху мен Байденнің өткен жексенбідегі әңгімелесуі кезінде талқы болған. Израиль премьері Байденнен сотқа ықпал етуін сұраған.

Байден өз кезегінде: «Израильдегі 12-ші арна таратқан «АҚШ Израиль көшбасшыларын қамауға алуға ордер беру үшін ХҚС-ға «жасыл жарық» беруі мүмкін», - деген ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп мәлімдеді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар