Сталиннің мойындауы: «lend-lease-сіз» КСРО жеңілер еді...

І Дүниежүзілік соғыстың тағдырын шешкен Тегеран конференциясы болды. Аталған конференция 1943 жылғы 28 қарашадан 1943 жылғы 1 желтоқсан аралығында бейтарап мемлекет саналатын Иранда өтті.

1715094692845599.jpg

Шын мәнісінде тағдырдың басқа салуымен антигитлерлік коалицияда одақтас болған елдердің басшылары алғаш рет бірігіп, бас қосты. Конференцияда екінші майданның ашылуы мен болашақ соғыстан кейінгі әлемнің саяси келбеті талқыға салынды. Өздерін жеңімпаз санаған елдер ықпал ету аймақтарын бөліске салған себебі, фашистік Алманияның жеңілетіндігі ашық байқалды.

1715093865714428.jpg

(Сурет: Imperial War Museums / Сталиннің Черчилль үшін тілек айтып тұрған сәті)

СТАЛИННІҢ ЧЕРЧИЛЬГЕ АРНАҒАН ТІЛЕГІ ҺӘМ МОЙЫНДАУ СӨЗІ

Осы конференция барысында 30 қараша Черчилль өзінің туған күні атап өтті. Оның құрметіне жасалған банкетте Сталин тост көтеріп, көрсеткен көмегі үшін Черчилль алғыс білдіріп, Рузвельт пен Америка Құрама Штаттарының Үшінші рейхке қарсы соғысқа қосқан үлесіне қатысты сөз ауанын өзгертті. Осы тоста айтылған сөздер АҚШ президентінің Тегеран конференциясы кезіндегі күнделікті оқиғалар журналында: «Мен сізге кеңестік көзқарас бойынша Президент пен Америка Құрама Штаттары соғыста жеңіске жету үшін не істегенін айтқым келеді. Бұл соғыстағы ең маңызды нәрсе - машиналар. Америка Құрама Штаттары айына 8 мыңнан 10 мыңға дейін ұшақ шығара алатынын дәлелдеді. КСРО айына ең көбі 3000 ұшақ шығара алады. Англия айына 3000 - 3500, негізінен ауыр бомбалаушы ұшақтарды шығарады. Осылайша, Америка Құрама Штаттары машиналар елі болып табылды. Бұл «Lend-Lease» көліктері болмаса, біз бұл соғыста жеңіліп қалар едік», - деп жазылды. Бұл Сталиннің мойындау сөзі еді.

КСРО-дағы БАҚ бұл оқиғаны назардан тыс қалдырды. Әсілі әжептәуір бұрмалады. Десе де, Сталиннің осы мойындау сөзі 1961 жылы Америка Құрама Штаттарында «Америка Құрама Штаттарының халықаралық қатынастары: дипломатиялық құжаттар, Каир мен Тегерандағы конференциялар» журналында жарық көрді. КСРО бұл кезде Сталинді ағаш атқа мінгізіп қойған-тын.

1715093993800719.jpg

(Сурет: Imperial War Museums / КСРО-ға одақтастары берген көмектің бір бөлігі)

СОҒЫСТА КСРО ҚАРУЫ ЕМЕС, АҚШ ҚАРУЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКІЗДІ!

Құпияның беті ашылып, Ресей жағы «Ұлы Отан соғысы», ал Батыстағылар «Шығыс майдан» деп атайтын ІІ Дүниежүзілік соғыстағы антигитлерлік коалицияда одақтас болған елдердің басшыларына қатысты Сталиннің: «Lend-Lease» көліктері болмаса, біз бұл соғыста жеңіліп қалар едік», - деген сөзін қазіргі сталиндік тарихшылар жоққа шығармай, аударманың дұрыстығын жоққа шығарып, соңғы тіркес қате аударылғанын алға тартып, былай дейді: «Бұл ленд-лиз көліктері соғыста жеңіске жетуімізге көмектеседі», - деп ұқанымыз жөн деп байбаламдатуда.

Дәл сол кезде Сталин айтқан бұл сөздер КСРО-да идеологиялық себептерге байланысты өзгертілгенімен, Сталиннің айтқанының мәні мүлдем өзгермейтіндігіде орекеңдердің еш шатағы жоқ. Тек оларды орыс қаруы емес, АҚШ қаруы жеңіске жеткізді деген сөз шаптарына шоқ түсіріп шамдандырады.

1715094076972028.jpg

(Сурет: Imperial War Museums / Черчилььдің туған күнінде түскен сурет)

КСРО БАТЫСТЫҚ ҮЛГІДЕ ӨМІРГЕ КЕЛДІ!

КСРО деп аталатын Қызыл Империя о бастан батыстық үлгі бойынша өмірге келді. Тарихты безбендейтін болсақ, 1929 жылы АҚШ-тағы Ұлы депрессия мен КСРО-да сталиндік индустрияландырудың қатар басталуы кездейсоқ оқиға емес. АҚШ-та миллиондаған фермерлер қалалық пролетариат армиясын толтыру үшін өз жерлерінен қуыпса, бұның ұсқынсыз үлгісі КСРО-да да орын алып, елдегі миллиондаған жеке шаруалар оспадар колхоздық жүйенің кесірінен жойылып, бұрынғы меншік иелері тақыр кедейге әп-сәтте айналып, ірі мемлекеттік кәсіпорындардың тегін жұмыс күшіне айналды.

Қазір Ресей мақтан ететін индустрия ғажабы Харьков, Сталинград және Челябинскіде әлемдегі ең ірі үш трактор зауытын және Ростовтағы алып комбайн зауытын салған америкалықтар еді. Шолақ есеппен ой қозғайтын болсақ, америкалықтар орыстардың қолын ұзартқан бір трактор 80 шаруаны керексіз етті. Бас-аяғы 8 жыл ішінде КСРО әлемдегі ең үлкен трактор паркіне ие болды. Бұл ғылыми-техникалық прогресс егістік алқаптарын қысқартпай, 28 миллион шаруаны қалаларға босылтты.

1715094194463942.jpg

(Сурет: Imperial War Museums / АҚШ басшысы Рузвельттің "ленд-лизге" қол қою сәті)

АҚШ КСРО-ҒА НЕ БЕРДІ?

Біз сөз еткен зауыттар трактормен қатар цистерналар шығаратын. КСРО дамыған елге айналдыру үшін жасалған қадамдағы алғашқы тракторлар мен цистерналарға арналған сызбалар мен бөлшектер жинақтары да АҚШ-тан әкелінгендігін жасырып жабуға еш болмайды.

Тағы бір сөз орайында атап өтерлік жайт - 1939 жылы әлемнің басқа елдерімен салыстырғанда КСРО-да орасан көп танк болғандығы. Бірақ тракторлар мен цистерналарды бір нәрсемен толтыру керек. Осы орайда КСРО үшін америкалықтар елдегі бүкіл мұнай өңдеу кешенін салып берді. Ауыл шаруашылығына тыңайтқыш қажет болғандықтан тағыда сол америкалықтар суперфосфат және басқа зауыттар салуға қызылдар үшін бел шеше кірісіп кетті. Бұл байлықты тек электр қуаты ғана қамтамасыз ете алады. Оны да орыс ойы емес, америка ақылы қолға тигізді.

Осылайша америкалықтар Днепрогэстен бастап барлық ірі электр станцияларын салып беріп, КСРО экономикасын нығайтты. Жан жағын жау санап, өзгелердің бәрін дұшпан санаған елдің қорғанысы үшін тек танктер ғана емес, ұшақ қажет. Тағы да сол америкалықтар ұшақ зауыттарын салды. Ұшақ үшін алюминий керек. Оны өндіретін зауыттарды да солар салады. Соғыстан бөлек, бейбіт тірілік бар ол заманалық көліксіз алға баспайды. Сондықтан қызылдарға автокөліктер қажет болды, «General Motors» пен «Ford» қолұшын беріп, орыстар біздікі деп қазір төс кере мақтанатын «Газ» бен «Зилді» салып берді. Машина болған соң, оны алға сүйрейтін дөңгелек қажет. Орыстардың осы ділгірлігін тез ұғынған амреикалықтар тағы да алдыны орап, Ярославльде әлемдегі ең үлкен шина зауытын салды. Техникаға ділгір болып отырған Сталинге жақсы болат керек тағы да сол америкалықтар Магнитогорск және Липецк металлургия зауыттарын тұрғызды. Машиналардың қозғалыс бөліктері подшипниктер қажет – америкалықтар тағы да қызылдарды жерге қаратпай екі бірегей шарикті мойынтіректер зауытын салды. Тарихи дерекке көз жүгіртсек, олар КСРО-ға 1500 ең озық ірі кәсіпорынды сыйға тартты.

Бір кездері патшалық Ресейден мұраға қалған техникалық артта қалушылық бірте-бірте жойылып, өнеркәсіпті жаңғыртуға шетелдік қатысудың үлесі артты. КСРО 1939-1940 жж. аралығында Батыстан дәлме-дәл станоктар мен кемелерді сатып алып, соның үлгісінде өз өнімдерін шығаруды жолға қоя бастады. Сонымен қатар КСРО экономикасы бұрынғысынша екінші деңгейдегі ел болып қала берді. Шығарған өнімдерінің барлығы батыстық үлгіде болды. Кеңес-Герман соғысы қарсаңында КСРО Бессарабияны қайтарып, Балтық жағалауын жаулап алғанымен Финляндияны «аннексиялауға» тұмсығы тасқа соғылды.

1715094354155233.jpg

(Сурет: voenhronika.ru)

ГИТЛЕРДІҢ МАЙДАН АШУЫ...

Сол кездегі, яғни, 1940 жылы шыққан барлық кеңестік газеттерде елдің бүкіл экономикасын әскери салаға көшірудің сталиндік теңдессіз шаралары туралы қаулылар жарияланды. Гитлер кеңестік БАҚ даңғойлыққа сеніп, жылдам табысқа жету мүмкіндігі аз болады деп ойлап, КСРО-ға жылдам соққы беру қажет деп шешті. Кеңестік әскери қолбасшылық Гитлер қолында бар болғаны 149 дивизиямен мұндай ауқымды операцияны бастауға тәуекел етпейді деген ойда болды. Бәрі керісінше болып шығып, бірінші кезекте 103 дивизия КСРО-ға тарпа бас салды.

1715094453333461.jpg

(Сурет: Википедиядан алынды)

«LEND-LEASE» ҚАЛАЙ БЕРІЛДІ?

* КСРО-ға берілген көмектің алғашқы жөнелтімі 22 маусымда Ливерпульден Архангельскіге аттандырылды.

* Орыс-неміс майданының үшінші күнінде-ақ Қызыл Армияның апатқа ұшырағаны айқын бола түскен шақта, британдықтар өздерінің көлігінің КСРО-ға келуін күтпей, әскери сарапшыларға толы ұшақ жөнелтті.

* Мәскеуге 1941 жылы 27 маусымда генерал-лейтенант Макфарлейн мен контр-адмирал Майлз бастаған тұтас миссия келіп жетті. Соғыстың алғашқы екі жылында Мәскеудегі британдық әскери миссия үздіксіз ұлғайды. Алайда, британдықтарды бұл біріншіліктен көп кешікпей америкалықтар айырды. 

* Американдықтар кеңес халқының әрбір 10-ның 7-уін киіндірген, 10-ның 8-ін тамақтандырған. Нақтылай айтсақ, майдан даласындағы әрбір екінші кеңес жауынгері АҚШ формасын киіп соғысқан болып шығады.

* Аспанда ұшқан кеңестік ұшақтың тең жартысы америкадан жеткізілгендігі. Үш мәрте КСРО батыры Кожедуб тек қана америкалық Кобрамен әуеде самағаған.

* Әлемдегі ең ірі Луганск паровоз зауыты жау қолында қалған шақта қызылдар ділгір болған 2000 локомотив пен 11000 вагонның орнын 1942-43 ж.ж. америкалықтар толтырған еді.

* Әуе шабуылдарынан кейін темір жолдар толықтай істен шығып, оларды қалпына келтірудегі барлық қозғалыстың 95%-ын АҚШ қамтамасыз етті. Рельстер қажет болып, оны тағы да америкалықтар қамтамасыз етіп берді.

* Батыс 1941 жылдың қарашасында Қызыл Армия үшін әскери байланыс орнатуды қолға алды. Осы мақсатта КСРО-ға 2 000 000 километр далалық телефон кабелі жеткізілді. 4000 км теңіз кабелі, 35 800 радиостанция, олар үшін батареялар мен зарядтағыштардың үлкен саны, 89 000 дала телефондары, 6000 қабылдағыш соғыс даласында өз міндеттін атқарды.

* Одақтастық уәдесіне адал америкалықтар КСРО-да мүлдем шығарылмаған 3 арналы және 12 арналы жоғары жиілікті телефония жүйелерін жеткізіп, 300-ден астам кеңестік кеме неміс сүңгуір қайықтарымен күресу үшін аталған құрылғылармен жабдықталды.

* Қызылдарда керек десеңіз, радарлар шығаратын өнеркәсіптік кешен болмады. Сондықтан орыстар өтініп сұрағандықтан, айтқан сөзіне берік британдықтар мен американдықтар 2000 дана радар беріп, ділгірліктен құтқарып қалды. Одақтастары қолына ұстатқан бірінші дәрежелі 250 американдық радиостанция Бас Қолбасшы Сталинді барлық майдандардың қолбасшыларымен тұрақты байланыспен қамтамасыз ете білді. Бір сөзбен айтқанда 1943 жылға қарай майдан даласында әрекет еткен 150 кеңес дивизиясы, барлық броньды және барлық әуе әскерлері «Ленд-лиз» радиостанцияларымен жабдықталып үлгерді.

1715094582232820.jpg

(Сурет: Википедиядан алынды)

КСРО АНГЛО-САКСТАРДЫҢ ЛЕГИОНЕРЛІК АРМИЯСЫНА АЙНАЛДЫ!

КСРО-да әскери радиостанция саласы кенжелеп қалды, тіпті болған жоқ деп айтса да болады. Осы ділгірлікті тағы да америкалықтар өтегені Батыс пен әлем жұртшылығы үшін еш жасырын емес. Тек Ресей ғана бұны жоққа шығарып келеді.

Америкалықтар кеңес армиясының майданды шып-шырғасын шығармай ұстап тұруы үшін жеткілікті түрде барлық көмек түрімен қамтамасыз ете алды. Бір қызық жағдай тым арыға бармай, шетінен суыртпақтап сөз ететін болсақ, кеңес әскери экономикасы «Ленд-лиз» инесіне де тәуелді болды. Осылайша Сталин армиясының шабуылдық қарқыны, техникамен жабдықталуы жеткізілім жылдамдығы мен көлеміне байланысты болды.

Бір сөзбен айтқанда өзінде түгі жоқ, экономикалық қуаты әлсіз КСРО англо-сакстардың легионерлік армиясына айналды.

Фашизмнің ініе су құйған Берлин операциясында КСРО-ның шығыны жүздеген мыңды құрады. Осынша зор шығынмен ақыр аяғы Берлин алынды. Бір айдан кейін қаланың төрттен үш бөлігі Ялтада келісілгендіктен, англо-америкалықтарға берілді. Шындап келгенде одақтастар өз тарапынан бірде-бір адамын жоғалтпай, қоржындарына жүз мыңдаған адамдарын құрбан еткен елден үш есе көп олжа салды. Польшаның аумағы 1945 жылы Германия есебінен ұлғайтылды. «Версальдың ұсқынсыз ұрпағы» потсдамдық «шаршы тоқашқа» айналды. Осы одақтастар масайраған жеңістің құны КСРО үшін Бреслау үшін қанды шайқастар, Помераниядағы қыңыр шайқастарда сайқал саясаттың құрбаны болған 700 мың кеңес жауынгерлерінің өмірінен тұрды.

КСРО НЕ ЖОҒАЛТТЫ, НЕ ҰТТЫ?

Тарихшылардың пікірінше, антигитлерлік коалициядағы одақтастарының көмегінсіз КСРО бәрі-бір жеңіске жетер еді. Осы жеңіске тек бір жыл кешігіп барып жетер еді.

КСРО-ға фашистік Германиямен соғыста одақтас елдерден жеткізілген ұшақтар, танктер мен машиналар үлкен көмек болғаны дау тудырмайды. Бұдан бөлек қызылдардың химия өнеркәсібі мүлдем дамымағандықтан, озық технологияға ғана емес, оқ-ұнтаққа арналған компоненттерге де өте мұқтаж болғаны да рас.

Тарихи шындықтың бетіне тура қарайтын болсақ, КСРО ешқандай одақтассыз Германияны жеңе алғанымен, бұл жеңіс оны мүлдем бас көтермейтіндей етіп тұралатып тастар еді. Қызыл Армия Берлинге жете алмай, өз шекарасымен шектеліп, бар күшін сарқып, Гитлердің орнын басқандар ұсынған бейбіт келісімге қол қойып, Берлин АҚШ пен Британия алдында бас иетін еді. Кеңес солдаты «Жеңіс Сарбазы» деген атағы дардай болғанымен, Коммунистік партия мен Сталиннің билігін сақтау үшін, ал жаһандық деңгейде АҚШ-тың әлемдік гегемониясы үшін күрескендігін көздері жұмылғанша сезінген жоқ. Әлем 8 мамырда, орыс әлемі 9 мамырда тойлайтын Жеңіс Күнін нағыз мереке деп біліп өмірден өтті.

Мақала деректері тарихшы Керімсал Жұбатқановтың мұрағаттарынан алынды

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар