Володин мен Қадыровтың айтысы: «Маған орысша сөйле демес бұрын, өзің өзбекше үйрен!»

Орыс әлемінің ұғынбайтын бір дүниесі – ол бұрынғы отар елдерінде тұратын тұрғындардың белгілі бір бөлігінің Мәскеуден өзіне қаржылық қолдау іздейтіні.

1715769696202193.jpg

(Коллаж: Mezgil.kz)

Бұны біз бұрынғыша – отарлық құлдық таңбасының ізі дейміз бе, әлде коммерциялық алымдылық дейміз бе? Осы соңғы ұғыным дұрыс сияқты. Себебі, Орталық Азия мигранттарының еңбегі арқасында ресейліктер де, аталған елден шыққан жылпос азаматтар да өзіне тиселі нәпаққаларын тауып жүр.

Ресей саясатшылары түсінбейтін тағы бір дүние, әлемнің ірі қалалардағы жабық диаспоралық ваккумдылық. Міне, осы ваккумдылықты Ресей саясатшылары ұғынбай келеді. Алысқа бармай АҚШ-ты алатын болсақ, 30 жыл осы елде тұрып, бір ауыз ағылшынша білмейтін мексикалықтар жетіп артылады.

ВОЛОДИН: ОА МИГРАНТТАРЫ ОРЫС ТІЛІН БІЛУІ КЕРЕК!

1715768902993705.jpg

(Сурет: РФ Думасы сайтынан алынды)

РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володин кеше пленарлық отырыста: «Ресейге тілді білетін һәм дәстүріміз бен мәдениетімізді құрметтейтін қызметкерлер келуі тиіс», - деп мәлімдеді.

«Көптеген проблемалар бізге жұмысқа келгендердің орыс тілін білмегендігінен бастау алып, әрі қарай біздің дәстүріміз бен мәдениетімізге пысқырып қарамайтын проблемаларды туындатуда. Біз бұған жол бермеуіміз керек», - деп айтты Дума тізгіншісі.

Жарылмаған шиқандай болған осы сөз Ресеймен ортақ шекарасы жоқ Орталық Азияның әр елінде түрлінше көңіл-күй туғызды.

1715768969555728.jpg

(Сурет: Олий Мажлис сайтынан алынды)

ҚАДЫРОВ: ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ОРЫСТАР ӨЗБЕК ТІЛІН БІЛМЕСЕ, ҚЫЗМЕТКЕ АЛЫНБАУЫ КЕРЕК!

Өзбекстандағы Мәжіліс депутаты және «Ұлттық тикланыш» партиясының көшбасшысы Әлішер Қадыров Дума спикері Вячеслав Володиннің «еңбек мигранттарының орыс тілін білуі керек» деген сөзіне жауап берді.

Қадыров: «Ресейде жұмыс істейтін өзбекстандықтар ғана емес, Өзбекстанда тұратын ресейліктер де өзбек тілін білуі керек!», - деп жауап берді.

Ол сондай-ақ, Өзбекстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді білуі керек екенін, ал ол үшін балабақшалар мен мектептерде өзбек тілін де міндетті ету керектігін мәлімдеді.

Соңында Қадыров: «Өзбекстанда өзбек тілін білмейтін адам мемлекеттік қызметте жұмыс істемеуі керек. Сонымен қатар, ондай адамдардың мемлекеттік қызметтерді пайдалана алмауына да қол жеткізуіміз керек!», - деп сөйледі.

Осылайша Володиннің сөзі «тоқал ешкінің мүйіз сұраймын деп сақалынан айырылды» деген тірлікке пара-пар болды...

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар