Зеленский: Бізге 120-130 дана F-16 керек!

Украина әуе кеңістігін қорғау үшін кемі 120 дана F-16 ұшағы қажет. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский Reuters ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында айтты. «Ресейлік тарап Украина аумағына шабуыл жасау барысында 300-ден астам ұшақ қолдануда. Оларға қарсы тұру үшін бізге кемі 120–130 дана F-16 қажет», - дейді ол.


Зеленский приехал в Данию для переговоров об F-16 — РБК

 

Зеленский Батыс тарапы айтылған көлемдегі ұшақтарды қазір бере алмайтын болса, онда Украинаның әуе қорғанысын қамтамасыз етудің басқа жолы бар екенін жеткізді.

 

«Сіздер бұл жойғыш ұшақтарды қазір бере алмайсыздар ма? Жақсы. Онда НАТО аумағында тұрған ұшақтарға оралайық. Сол ұшақтарды зымыран шабуылы болған сәтте әуеге көтеріп, ресейлік зымырандарды қағып түсіріңдер, қарапайым халықты қорғаңдар», - дейді Зеленский. Зеленскийдің ойынша бұл әрекет Батыс елдерін Ресеймен тікелей қақтығысқа әкелмейді және халықаралық құқыққа байланысты қалыпты әрекет саналады.

 

Украина президенті одақтастардың шешімді тым ұзақ қабылдайтынын айтты. Оның сөзінше маңызды шешімдер бір жылға дейін кешіктіріліп барып қабылдануда.

 

Зеленский Батыс елдерінің қаруын Ресей аумағын атқылау үшін қолдануға қатысты одақтастармен келіссөз жүріп жатқанын айтты. АҚШ пен Еуропа елдері әзірге бұл әрекетке рұқсат бермеуде. Тек Ұлыбритания мен Балтық елдері «Киев қаруды өз қалауы бойынша қолдансын» деген позицияны ұстануда. Дүйсенбіде АҚШ билігі Украинаның қаруды оккупациядағы аймақтарды азат ету үшін қолдануға болатынын, алайда Ресейге қарсы қолдануға болмайтынын тағы бір мәрте мәлімдеді.

 

Украина билігі алғашқы F-16 ұшақтарын жазда алмақ. Қазіргі сәтте Украинаға Дания, Нидерланды, Норвегия, Бельгия 65 дана ұшақ беруге әзір. Алайда Украина президенті бұл ұшақтардың жеткіліксіз екенін айтып, санын арттыруды сұрауда.

 

Сарапшылар Украинаның әуе кеңістігін қорғауда Израиль мысалын ұсынуда. Иранның Израильге зымыран және дрон шабуылы барысында АҚШ, Франция, Ұлыбритания ұшақтары Израиль әуе кеңістігін қорғап, Иранның зымырандары мен дрондарын әуеде қағып түсірген болатын.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар