«Бізге қарсы соғыспақ болды»: Пашинян кімге өкпелі: Қазаққа ма, қос орысқа ма?

Қарбақ соғысындағы сәтсіздік – Пашинян командасы үшін одан ақталудың түрлі сылтауын табуға ұмытылдыруда. Кеше Армения премьері Никол Пашинян ҰҚШҰ-ның екі елін 2020 жылғы 44 күндік соғыста «Армения жағынан табылмады» деп айыптады.

1716464738517324.jpg

(Коллаж: Mezgil.kz)

«Бұл соғыстың мақсаты Қарабақпен емес, Армения Республикасымен байланысты болды»,- деп мәлімдеді Пашинян.

Онан әрі: «ҰҚШҰ-ның кем дегенде екі елі Арменияға қарсы әрекет ете отырып, 2020 жылғы 44 күндік соғысқа дайындыққа қатысты», - деді.

Пашинян бұл туралы Армения парламентінде айтты. Беларусь президенті Лукашенконың таяуда Әзербайжанға жасаған сапары туралы, сондағы Лукашенконың жасаған мәлімдемелеріне түсініктеме бере отырып айтты.

Ал Лукашенко Әзербайжанға барғанда президент Ильхам Әлиевке қарап тұрып: «2020 жылғы Қарабақтағы соғыс – бұл сіздің азаттық соғысыңыз», - деп атаған еді. Лукашенко әрі қарай өз сөзін: «Дәл қазір осы жерлерді қайта жаңғырту қажет болатын қиын кезең келді», - деп жалғаған.

Бұған қатысты премьер-министр Пашинян: «Енді айқын болды. 44 күндік соғыста біздің одақтастарымыз біздің жағымызда болмай, бізге қарсы тарапты болып шықты. Мен білемін. ҰҚШҰ-ның кем дегенде екі елі Арменияға қарсы әрекет ете отырып, 2020 жылғы 44 күндік соғысқа дайындыққа қатысты. Бұл елдер бізге көмектің имитациясын ғана жасауы мүмкін...», - деді.

«Олар үшін Таулы Қарабақтың мәселесі маңызды болмады. Олар соғысқа дейін әлдеқашан кімнің жағында болатындарын шешіп қойған. Ал бұл соғыс Арменияның үміті еді. Ал олардың ниеттері Арменияның тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтату болды», - деп жалғады сөзін Пашинян.

Одан әрі тоқтамастан: «Бірақ, олардың бұл жоспарлары сәтсіз болды. Арменияны жоқ ету жоспары 2020 жылғы 9 қарашадан кейін (үшжақты келісімге қол қойылғаннан кейін) 2021 жылғы мамырда жалғасты. Осындай әрекеттер 2022 жылғы қыркүйекте тағы жалғасты. 2023 жылғы қыркүйекте де жалғасты болды. Бұл әрекеттер әлеуметтік желілерде билікке қарсы шығуға шақыратын белсенді кампаниямен қатар жүрді. Осындай тағы бір әрекет 2024 жылғы 9 мамырда жасалды, бірақ ол да сәтсіз аяқталды. Бұл, атап айтқанда, шекараны делимитациялау үдерісінің арқасында болды», - деді Пашинян.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян 2024 жылғы ақпанда Ереван ҰҚШҰ-ға қатысуын тоқтатқанын мәлімдеді.

Биыл наурызда Пашинян егер ұйым Ереван көтерген елдің егеменді аумағына қатысты мәселелерге жауап бермесе, Армения ҰҚШҰ-дан шығатынын хабарлады. Бұл ретте армян тарапы бұдан бұрын да ҰҚШҰ іс-шараларына қатысуды тоқтатқан болатын.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар