Иранның президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза тапқанын білеміз. Сарапшылар Раиси мінген тікұшақтың ескілігін, ұзақ уақыт жөндеу көрмсегенін сөз етті. Ирандағы жағдайдың ыстығы басылмай жатып, Армения премьері Никол Пашинян мінген тікұшақ та апатты жағдайда жерге қонды.
ТІКҰШАҚ АПАТТАРЫ: МЕРКЕЛЬ ҚАЛАЙ АМАН ҚАЛДЫ?
Жалпы бұл жһандық саяси текетірестердің көлеңкесінде көп көрінбейтін, қызу талқыланбайтын тақырыптардың бірі. Мұндай апаттар жиі орын алып тұрады. Мысалы, 2011 жылдың наурызында неміс канцлері Ангела Меркельдің тікұшағы қозғалтқыштардың істен шығуына байланысты апатқа ұшырады. Жерге соқтығысқанға дейін жүз метрдей қалғанда ұшқыштар әуе кемесін тізгіндеп үлгерді. Ол жолы тікұшақ бортында канцлер Меркель ханым болмаған.
(Иран президенті Раиси мен Армения премьері Пашинян. Коллаж: Mezgil.kz)
Осы ретте біз: «Әлем лидерлерінің тікұшақтары қандай?», «АҚШ пен Ресей және т.б. әлем лидерлері қандай тікұшақ мінеді?» және «Қазақстан басшысында қандай тікұшақ бар?» деген сауалдарға жауап іздеп көрдік. Қазақстан президентінің тікұшағын басқа мемлекет басшыларының әуе көлігімен салыстырдық. Қараңыз:
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚАНДАЙ ТІКҰШАҚ МІНЕДІ?
ҚР президенті Іс басқармасының президент пен үкімет басшыларын тасымалдайтын «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясының өз паркінде оннан астам ұшақ пен тікұшақ бар. Соның ішінде: «Ми-8» тікұшақтары бар.
(Қазақстан президенті Тоқаев. Суреттер ҚазТАГ сайтынан алынды. Коллаж: Mezgil.kz)
Президент Тоқаев ресейлік «Ми-8» тік ұшағын пайдаланды. «Ми-8» - 1960 жылдардың басында әзірленген кеңестік тікұшақ. Әлемдегі ең көпшілікқолды екі қозғалтқышты тікұшақ. Бұл тікұшақтар авиация тарихындағы ең қолжетімді және кең тараған тікұшақтар тізіміне кіреді.
ПУТИН МЕН ЛУКАШЕНКО ДА «МИ-8-БЕН» ҰШАДЫ
Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь президенті Александр Лукашенко да «Ми-8» ұшағымен ұшады. Бұл ұшақтардың орташа құны, шамамен: 8,2 млн доллар тұрады.
БАЙДЕН НЕМЕН ҰШАДЫ?
Тікұшақтарды президенттік көлік ретінде пайдалану АҚШ-та 1957 жылы Дуайт Эйзенхауэрдің «H-13-пен» ұшуынан басталды. 1958 жылы президенттік тікұшақ лауазымы «H-34-ке», ал 1961 жылы «VH-3A-ға» ауысқан. 1976 жылға дейін президент үшін тікұшақ көлігі «Army One» айырым белгісін пайдаланды.
(АҚШ, Ресей және Беларусь президенттерінің тікұшақтары. Коллаж: Mezgil.kz)
АҚШ-тың қазіргі президенті «VH-3D» тікұшағын пайдаланады. Бұл ұшақтың орташа құны, шамамен: 6,4 млн доллар тұрады.
Бұл 1961 жылдан бері американдық «Sikorsky Aero Engineering Corporation» шығарған белгілі «Sikorsky S-61 Sea King» тікұшағының модификациясы. «VH-3D-ның» пайдалану мерзімі 2014 жылы аяқталуы тиіс-тін. АҚШ-та президенттер ұшатын тікұшақтар жасыл және ақ түске боялған және Куантикода орналасқан АҚШ теңіз жаяу әскерлері корпусының №1 эскадрильясының құрамына кіреді.
Әлемнің өзге лидерлері қандай тікұшақтарды қолданады? Қараңыз:
Украина президенті Владимир Зеленский – «Leonardo AW139» тікұшағымен ұшады. Құны шамамен: 17 млн доллар. Украина президенті әкімшілігінде сонымен қатар, «Ми-8» тікұшағы да бар.
Неміс канцлері Олаф Щолц – «Eurocopter Super Puma 332» компаниясы шығарған «Super Puma 332» тікұшағымен ұшады. Құны: 15 млн доллар.
Ұлыбритания монархтары – «VIP S-76C + +» тікұшақтарымен ұшады. Болжамды құны: $7,9 млн.
Ұлыбритания Үкіметін тасымалдауға – «Agusta A.109» тікұшағы қолданылса, Корольді тасымалдауға – «Sikorsky S-76 Spirit» тікұшағы қолданылады.
Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов – «AgustaWestland AW-101» тікұшағын пайдаланады.
Франция басшылығы – «Eurocopter» компаниясы шығарған «Super Puma 332» тікұшағын пайдаланады.
Болгария басшылығын тасымалтауға – «Ми-8» және «AW109» тікұшақтары қолданылады.
Бразилия билігінің өкілдерін тасымалдау үшін – «AS 332» «Супер пума» (Airbus Helicopters H215) тікұшағы пайдаланылады. Құны: 15,5 млн доллар.
Рим Папасы – «Sikorsky S-61 Sea King» тікұшағымен ұшады.
(Сурет: dailysabah.com)
ЕРДОҒАН: «КӨК МЫРЗАСЫ» БІЗДЕ!
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған да тікұшақпен ұшуда өзгелерге есе жіберген емес. Ердоғанның әуе айлағында – «Sikorsky S-92 HELIBUS» тікұшағы бар. Бұл ұшақтың орташа құны – 13-14 млн доллар тұрады. АҚШ өндірісі.
Ердоған қайсыбірде «T625 Gökbey» атты жаңа көпфункционалды түрік тікұшағын таныстырған еді. Таныстырып тұрып: «Бұл біздің отандық «Gökbey» тікұшағы (түрік тілінде – «Көк мырзасы»). Сізге ұнады ма? Ал есімі ұнады ма? Ол аспан иесі болады. Жақында оның сериялық өндірісіне кірісеміз», - деген еді Ердоған.
Mezgil.kz