Зеленский Қазақстанға һәм Орталық Азияға қарата не айтты?

Украина президенті Владимир Зеленский алғаш рет Орталық Азияның БАҚ өкілдеріне көлемді сұхбат берді. Атап айтқанда, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан журналистеріне орыс тілінде сұхбат берді. БАҚ-пен кездесу Харьковта, Ресей соққысынан қираған баспалардың бірінде, үйінді-қирандының ортасында өтті. Бейнені «Орда» сайты жариялады.

1716813619252191.png

(Сурет: Орда сайты видеосының скрині)

Сонымен, Зеленский Қазақстан һәм Орталық Азия аудиториясына қарата не айтты?

РЕСЕЙМЕН КЕЛІССӨЗГЕ КЕЛУ МҮМКІН ЕМЕС!

Ресеймен атысты тоқтату ықтималдығы туралы түсініктеме бере отырып, Зеленский уағдаластықтарға қол жеткізу мүмкіндігін көрмейтінін мәлімдеді. Президенттің пікірінше, БҰЛ үзілісті ресейлік тарап армияның позициясын нығайту үшін пайдалануы мүмкін.

Зеленский: «Егер осындай жағдайда, яғни, Ресей мен Украина Харьков түбінде қиян-кескі шайқасып жатқан уақытта оқ атуды тоқтату туралы келісімге келсек, онда Ресей армиясының ауыр техникасы тоқтамайды және қозғалысын жалғастыра береді», - деді.

Зеленский Батыс көшбасшыларының бірі оған оқ атуды тоқтатуға келісуді және оқиғалардың дамуын қадағалауды ұсынғанын айтты. Президенттің айтуынша, егер ресейлік тарап келісімдерді орындамаса, онда оның ілгерілеуін тежеу өте қиын болады.

Зеленский сондай-ақ: «Шамамен екі апта бұрын басталған Харьков облысына басқыншылық барысында Ресей армиясының шығыны еселеп артқан. Ресей қазір Харьков облысында бір украин жауынгеріне сегіз ресейлік жауынгерді құрбан етіп отыр. Бір украин сегіз орыстың өмірін өзімен бірге ала кетуде. Бірақ, Путиннің өз адамдарына, әскерилеріне түкіргені бар», - деді.

ЕШБІР ЕЛ ПУТИНМЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ОДАҚТАС БОЛА АЛМАЙДЫ!

Украина басшысы Орталық Азия мемлекеттерінің Ресеймен ынтымақтастығы туралы айта келе, Владимир Путинмен стратегиялық одақ ешбір елде бола алмайтынын атап өтті.

«ҰҚШҰ және тағы басқа одақтар шын мәнінде Ресейдің сіздердің елдеріңізге ықпал ету мүмкіндігі ғана», - деді Зеленский. Оның айтуынша, Ресейдің болашақтағы шабуыл нысандары – Балтық елдері, Молдова Республикасы және Қазақстан.

Зеленскийдің айтуынша, Орталық Азия елдерінің басшылары соғыстағы бейтарап ұстанымына қарамастан, Ресей жағына көбірек бейімделеді.

«Сіздердің көшбасшыларыңыздың Кремльден қорыққанынан теңгерімі жоқ. Олар Путиннен қорқады. Сіздердің елдеріңіз менің сіздерде болуымнан қорқады», - дейді Украина көшбасшысы.

Зеленский сұхбатында Ресейдің Қазақстанмен, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен достық қарым-қатынасын «өтірік» деп атады және Ресей бұл елдерге басып кіре алатынын мәлімдеді.

РЕСЕЙДІҢ БАЛТЫҚҚА ҚАРАЙ ШАБУЫЛЫ: НАТО НЕ ДЕЙДІ?

Өз кезегінде Зеленский Сыртқы барлау мәліметтеріне сілтеме жасай отырып, қазір Балтық елдері ең үлкен соққыға ұшырағанын атап өтті.

«Ресей үкіметі Балтық теңізіндегі шекараны қайта қарауды ұсынып жатыр. Бұған ешқандай реакция болған жоқ, себебі НАТО елдері өте сақтық танытады. Ал Ресейге өз күшін көрсету керек», - деп қосты Зеленский.

Ресей Балтық теңізіндегі шекараны жылжытқысы келді. Швеция өз аралы үшін қорқып, өңірдегі бақылаудан айрылудан қорқады. Кремльдің ниетін «геосаяси конвульсия» деп атайды.

Сонымен қатар, Зеленский Еуроодақ пен АҚШ билігінен Ресейге қарсы санкциялар енгізуді өтінгенін айтты. Ол сондай-ақ, Ресей кіретін одақтар мен халықаралық бірлестіктерді «басқа елдерде болып жатқан оқиғаларға ықпал ету тәсілі» деп атады.

БЕЙБІТШІЛІК САММИТІ: НЕ ТАЛҚЫЛАНАДЫ?

Украина президенті Швейцарияда өтетін бейбітшілік саммитінде энергетикалық жәе ядролық қауіпсіздікті, азық-түлік қауіпсіздігін және тұтқындармен алмасуды талқылауға ниетті екенін айтты.

Өзінің заңдылығы туралы сауалға Зеленский Ресей тарапынан айтылған мәлімдемелер оны алаңдатпайтынын айтты: «Украиндар өз Конституциясын біледі, заңдарды біледі. Ресейдің заңсыз президентінің Украина президентінің легитимділігі туралы сөз етуі – тіпті қызықсыз», - деді Зеленский.

Түйін: Президент сайлауы Украинада 31 наурызда өтуі тиіс еді, бірақ ол елдегі соғыс жағдайына байланысты тоқтатылды. Ал Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін «Зеленскийдің президенттігі легитимді емес» деп мәлімдеген.  

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар