Қ.Тоқаев: Табысқа жету үшін өз ісінің хас шебері бол!

Бүгін Алматыға ресми сапармен келген Мемлекет басшысының ғалымдармен кездесті. Біз аяқ басып отырған цифрландыру дәуірінде мәліметтер саф «алтынға» айналып отыр.  Осы саф «алтынға» айналған мәліметтерді толыққанды қорғау мәселесінің маңызы зор.

1717161639324228.jpg

(Сурет Ақорда телеграм арнасынан алынды)

Бұл салада ұлтымыз өзін судағы балықтай еркін сезінуі үшін қазірден бастап киберқауіпсіздік саласында маман даярлап, озық зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет. Ұлттың табысқа жетуі жайында Мемлекет басшысы:

«Сонымен қатар Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге ниетті. Алайда ол үшін біз экономиканы терең трансформациялауымыз керек. Бұл күрделі үдеріс зор сын-қатермен қатар жүреді», - деп, ғылымының дамуының оң мен терісі барлығын қазақтың қаперіне салды.

Президент:

«Жалпы, білімге негізделген экономика құру үшін ғылыми мекемелер мен бизнестің өзара тығыз байланысын қамтамасыз ету маңызды. Бұл жұмыс барысында ғылыми идеяларды коммерциялық табысты өнімге айналдыратын инновациялық кластерлер, технопарктер мен бизнес-инкубаторлар ашылады. Мұндай құрылымдар тиісті жобаларға идеядан бастап оны нарықта жүзеге асыруға дейінгі барлық кезеңде қолдау көрсетуі керек», - деп сөйледі.

Қазақстан агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін ауыл шаруашылығындағы барлық мүмкіндікті іске асыру мақсатында еңбек өнімділігін арттыруда заманауи технологияларды енгізу үшін аграрлық ғылымның тасын өрге доматылуға тиіспіз.

Мемлекет басшысы: «Ғалымдарымыз малдың тұқымын асылдандырумен айналысып, климатымызға бейімделген, мол өнім беретін әрі қуаңшылыққа төзімді өсімдік сұрыптарын шығарып жатыр. Бұл жұмысты барынша күшейту қажет», - деп нақты тапсырмалар берді.

Қазақ мал тұқымын асылдандыруда ірі табысқа жетпесе, басқа салада да алға басқан қадамы кейін кетері анық. Осыны Президент тамыршыдай тап баса білді. Ұлттық жаппай табысқа жетудің жолы. Агроөндірістің ғана соңында кетпей басқа салаларда ТМД бойынша оқ бойы озық болуды ескеруге тиіспіз.

Осыған орай Мемлекет басшысы: «Медицина, фармацевтика, биотехнология саласындағы ғалымдарымыздың әлеуеті өте жоғары. Елімізде сұранысқа ие препараттардың баламасын, вакциналарды және басқа да медициналық өнімдерді өндіруге қабілетті ірі кәсіпорындар табысты жұмыс істеп жатыр. Халықты отандық медициналық бұйымдармен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету деңгейін кезең-кезеңімен көтеру маңызды. Біз осы салада халықаралық деңгейдегі жетекші компаниялармен қарым-қатынас орнатып жатырмыз.

Отандық денсаулық сақтау саласының дамуы халықтың орташа өмір сүру ұзақтығынан көрінеді. Қазақстанда бұл меже 75 жастан асты. Бірақ осы көрсеткіш бойынша әлемдегі жетекші елдерден ондаған жылға артта қалып қойдық. Бұл – біз ұмтылатын мақсаттың бірі», - деп мәлімдеді.  

Өз салаларын қалай дамыту мен қалай жетістікке жетуге болатыны жайындағы Президенттің сындарлы ойы һәм идеясымен қанаттанған қазақ ғалымдарының алмайтын қамалы жоқ деген аңсары ұлттық мұратқа ден қоялық, Ағайын! Өйткені, Мемлекет басшысы: «Табысқа жету үшін өз ісінің хас шебері бол», - деп жарқын жол нұсқады.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар