БАҚ: Песковтың санкциядағы қызы Қазақстаннан ЖСН жасатқан

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың қызы Елизавета Пескова Қазақстаннан ЖСН жасатқан. Бұл туралы ақпаратты «Система»  зерттеу жобасына сүйене отырып "Настоящее время" сайты жария етті. Артынша ақпарат ресейлік, батыстық және қазақстандық БАҚ беттерінде пайда болды.


Дочь Пескова получила ИИН в Казахстане для обхода санкций

 

«Система» зерттеу жобасының сарапшылары Елизавета Пескова ЖСН-ді 2022 жылдың қыркүйегіне дейін жасатуы мүмкін деп болжайды. Себебі нөмір Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелген. Ал Нұр-Сұлтан қаласы 2022 жылдың қыркүйегінде қайта Астана атауына ие болған еді.

 

ЖСН арқылы банктық қызметтерге қол жеткізуге болады. Украинаға Ресей басып кіріп, соғыс басталғаннан кейін өзге елге барып, ЖСН жасатушы ресейліктердің саны жүздеген мың адамды құрайды. Ресей азаматтары өзге елден банк шоттарын ашып, Visa мен Mastercard тарапынан болған шектеулерді еңсеруге тырысты.

 

Елизавета Пескова қазіргі таңда АҚШ-тың және ЕО-ның санкциялық тізімінде. 26 жастағы Елизавета Мәскеудегі ірі жарнама агенттігі саналатын «Центрум» орталығының 30 пайыз акциясына иелік етеді. Ресей БАҚ-тары Елизавета Песковаға тиесілі болған киім үлгісін шығару бренді, жарнама агенттігі мен туристік орталықтардың мемлекетке салық төлемей, сотты болғанын бірнеше мәрте жазған болатын.

 

«Система» зерттеу жобасының мәліметінше Елизавета Пескова Қазақстанда алған ЖСН арқылы банктық қызметтерге қол жеткізгені немесе ЖСН-ді қолданбағаны белгісіз. Қазіргі таңда Батыс тарапынан санкциялық тізімге енгізілген тұлғалар мен компанияларға қаржылық қызмет көрсететін органдарға бақылау артып, қысым күшейген. Сол себепті санкция тізімінде бар тұлғаларға қаржылық мекемелер қызмет көрсетуден бас тартуда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар