Гаага соты: Симоньян мен Соловьев соттала ма?

Халықаралық адам құқығы бойынша федерация (FIDH) Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттан Ресейдің Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Дмитрий Медведев пен ресейлік пропагандистерді тұтқындауға қатысты ордер шығаруды сұрады. Бұл туралы аталмыш ұйымның ресми мәлімдемесінде айтылған. Ақпаратты Мoscowtimes басылымы жария етті. 


Врать надо заканчивать": Соловьев и Симоньян с началом мобилизации сменили  риторику - TOPNews.RU

 

FIDH халықаралық құқықтық жауапкершілікке ресейлік пропагандистерді, соның ішінде Владимир Соловьев, RT арнасының бас редакторының бірі Маргарита Симоньян, «Россия сегодня» медиа тобының жетекшісі Дмитрий Киселев және тележүргізуші Сергей Марданды жауапкершілікке тартуға шақырды. Сонымен бірге ресейлік пропаганданы алға жылжытушы және қаржылық тұрғыдан қолдау көрсетуші тарап ретінде Ресей президенті әкімшілігінің бірінші орынбасары Алексей Громовқа да қатысты іс ашылу керек деп санайды. Соғыс басталған сәттен бастап ресейлік пропагандистердің бірқатарына санкция салынған болатын. 

 

FIDH өз мәлімдемесінде ресейлік пропагандистер Украинаға қарсы негізсіз өшпенділікті күшейтіп, Ресей әскерінің әскери қылмысын ақтап алумен айналысатыны айтылған.

 

«Күн сайын украин халқы Ресей тастаған бомбадан көз жұмуда. Оккупациядағы аймақтарда украин халқын қинап, қорлау жалғасуда, ал украин балаларын Ресей аумағына депортациялауда. Бұл әрекеттерді ақтап алып, адами құндылықтарды ысырып тастауда ресейлік пропагандистердің рөлі жоғары. Олар автоматтың шүріппесін басқандармен бірдей қылмыс жасауда», - дейді FIDH ресми мәлімдемесінде.

 

Құқық қорғаушылар ресейлік пропагандистердің 2 мыңнан астам видеоларына сараптама жасаған. Аталмыш видеолардан кемі 300 мәрте агрессияға шақыру, соғысты жақтау, геноцидті ақтау, ядролық соғысқа үндеу әрекеттерін анықтаған. Құқық қорғаушылар ресейлік пропагандистердің әрекеттерін адамзатқа қарсы әрекет ретінде қабылдауға болатынын айтуда. FIDH өз сараптамасын Халықаралық қылмыстық соттың офисіне жіберіп, ресми мәлімдемесін жария етті.

 

Бұған дейін Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путин мен Ресейдегі бала құқығы бойынша омбудсмен  Мария Львова-Беловаға қатысты ордер шығарған еді. Оларға Украина жерінде қылмыс жасап, украин балаларын депортациялады деген айып тағылуда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар