Өзбекстан Жоғарғы Соты: «Алға, Қарақалпақстан» - экстремистік ұйым!

Өзбекстанның Жоғарғы Соты «Алға, Қарақалпақстан» қозғалысын экстремистік ұйым деп танып, оның қызметіне тыйым салды. Бұл туралы «Азаттық» радиосы «Мемориал» құқық қорғау орталығының Орталық Азия бойынша директоры Виталий Пономаревқа сүйене отырып жазды.


В Каракалпакстане народ вышел на митинги из-за поправок в Конституцию  Узбекистана. МВД назвало «незаконными» массовую демонстрацию в Нукусе –  K-News

 

Пономаревтің сөзінше Өзбекстан соты шешімді 2024 жылдың 22-ақпанында шығарған, алайда шешім жайлы ақпарат енді белгілі болып отыр. Өзбекстан соты мамыр айының соңында белсенді Парахат Мусапбаровқа қатысты сот үкімін оқыған сәтте, «тыйым салынған экстремистік ұйымға қатысты» деген айып айтылды. Сот үкімді оқу сәтінде Жоғарғы соттың «Алға, Қарақалпақстан» қозғалысын экстремистік ұйым деп тапқанына сүйенді. Осылайша ұйымның «экстремистік ұйым» деп танылғаны белгілі болды.   

 

Пономаревтің ойынша ендігі таңда «Алға, Қарақалпақстан» ұйымына қатысты әлеуметтік желіде жазғандар қудалануы мүмкін және оларға әкімшілік емес, қылмыстық іс қозғалуы ықтимал. Себебі ұйымның сипаты ендігі таңда заң бойынша «экстремистік». Өзбекстанның тәуелсіз құқық қорғаушылары ұйымды «экстремистік» деп тану қоғамдағы қудалаулар санын арттыруы мүмкін деп қауіптенеді.

 

2023 жылдың мамырында Қарақалпақстан Республикасының соты «Алға, Қарақалпақстан» ұйымының басшысы Аман Сағидуллаевты Нүкістегі наразылықты ұйымдастырушы деп танып, сырттай 18 жылға соттаған еді. Аман Сағидуллаев қазіргі таңда Норвегияда тұрады.

 

Қарақалпақстандағы наразылық акциялары 2 жыл бұрын конституциялық реформалар барысында өтті. Конституциядан «Қарақалпақстан суверенитеті» сөзін алып тастау ұсынысына қарақалпақ халқы жаппай нарызылық танытты. Өзбекстанның Бас прокуратурасы наразылық барысында роесми 18 адамның көз жұмғанын мәлімдеді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар