"Шығыс Қазақстанды бөліп алайық" деген сепаратистер сотталды

Өскемен қаласының№2 қалалық соты Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғынына интернеттегі сепаратистік мәлімдемелері үшін үкім шығарды. Бұл туралы аймақтың прокуратурасы мәлімдеді.  


Житель Сарани получил пять лет колонии за сепаратизм и разжигание  межнациональной розни

 

«Ақпан айында Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны чат-рулетка желісінде ШҚО-ны бөліп алу мақсатында референдум өткізу керектігін айтқан. Референдумда оң нәтижеге қол жеткізбесе, аймақты күшпен басып алу керектігін айтқан», - делінген іс материалында.

 

Айыпталушылар іс барысында өздерінің айыптарын толық мойындап, өкінетінін айтқан. Сот айыптаушы тараптың позициясын қолдап, екі айыпталушыны 5 жыл бас бостандығынан айырды.

 

«Мемлекеттің қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің жіті бақылауында», - дейді прокуратура қызметі.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар