Ресей соты Қазақстан азаматын соттады: "Слава Украине" деп ұрандатқан!

Ресейдің Свердлов аймағы, Ревда қалалық соты Қазақстан азаматы Андрей Хохловты 13 күнге қамауға алды. Ол полиция бөлімшесінде «Слава Украине» деп ұрандаған. Бұл туралы «Медиазона» сайты соттың арнайы қаулысына сүйене отырып жазды.


Купить Флаг Украины Слава Україні! Героям Слава! 100х50 см (4319475) — по  выгодной цене | В интернет магазине Я в шоке!™ с быстрой доставкой.  Заказать в Киеве, Харькове, Днепропетровске, Одессе, Запорожье, Львове.

 

Андрей Хохловты полиция қызметкерлері 4 маусым күні көшеде балағат сөздер айтқаны үшін ұстаған. Оны Цветников көшесіндегі полиция бөлімшесіне әкелген. Бөлімшеде Қазақстан азаматы «Слава Украине» деп ұрандатқан.  

 

Полиция қызметкерлері оған қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны үшін тәртіпсіздік бабымен хаттама толтырған. Ал «Слава Украине» сөзін ұрандатқаны үшін экстремистік символиканы қолдану деген айыппен хаттама толтырған. Ресей соты бұған дейін «Слава Украине» сөзін «Правый сектор» және УНА-УНСО ұйымдарының ұран сөзі деп танып, аталмыш ұранды айтуға тыйым салған болатын.

 

Тәртіпсіздік және экстремистік ұйым нышанын қолдану айыптары бойынша Қазақстан азаматына 500 рубль айыппұл мен 13 күнге қамауға алу жазасы тағайындалды.


Ресей соттары соңғы үш жылда Украинаға қатысы бар сөздер мен нышандарды экстремистік деп тануды жалғастыруда. Мысалы Украина туы, украин ұлттық әндері мен бірқатар сөздеріне тыйым салынды.


Mezgil.kz




Ұқсас тақырыптар