"Аяқталған спектакль", Полинаның көз жасы немесе 14-ші пакет санкция...

ЕО елдері Ресейге қарсы 14-ші санкциялық пакетті бекітуге келісті. Бұл туралы ЕО-ға қазіргі таңда төрағалық ететін Бельгия үкіметі мәлімдеді. Қандай санкциялық шектеулер болатынын «Настоящее Время» сайты бүге-шүгесіне дейін жазды.


Почему санкции против России бьют мимо цели - Мир финансов - Wfin.kz

(Сурет wfin.kz сайтынан алынды)

 

«Аталмыш санкцияның негізгі мақсаты осыған дейін салынған санкцияларды айналып өту жолдарын барынша жабуға бағытталған», - делінген мәлімдемеде. Санкцияға қатысты өзге ақпараттар мәлімдемеде келтірілмеген.  

 

Санкцияда Ресейдің сұйытылған газын сатып алуға, гелий экспортына тыйым салынғаны және Украина аумағындағы музейлерден ұрланып, тоналған мәдени жәдігерлерді саудаға шығарғандарға қатысты қылмыстық қудалауды іске асыру жайлы жазылған.

 

Санкцияға заңды және жеке тұлғалар, компаниялар да ұшырауы мүмкін. Олардың ішінде 22 заңды тұлға мен 20 жеке тұлға бар. Олардың қатарында ресейлік агрессияны насихаттаушы, әнші Полина Гагарина бар. Әнші үшін Еуропаға концерттік турлар мен "Спектакль аяқталған" сияқты. Санкция әншінің алдағы уақытта Еуропаға жоспарланған ән кештеріне кедергі болмақ. 


Тізімде «Ульяновск конструкторлық бюросы» АҚ бас директоры Александр Войт, «Ресей мыс компаниясының» негізін қалаушы Игорь Алтушкин бар, Ресейдегі «ЛХР» деп аталатын сепаратистік құрылымның заңсыз «елшісі» Родион Мирошник, «Барнаултрансмаш» АҚ бас директоры Виктор Силивакин, «Интернетті дамыту институтының» бас директоры Алексей Гореславский және Құрылыс министрлігі басшысының орынбасарлары Александр Ломакин, Вадим Васильев, Константин Михайлик, Юрий Гордеев, Алексей Ереско және т.б. бар.


Санкция тізімінде кәсіпкер Роман Троценко да болуы мүмкін. ЕО миллиардердің компаниялары Ресей бюджетінің маңызды кіріс көзі болып табылады деп санайды. Ал Троценко Ресей билігіне материалдық, қаржылай көмек көрсетуде деген күдікке ілініп отыр.

 

Құжат жобасында Солтүстік Осетияның кәсіпкерлері Таймураз Боллоев пен Елена Милскаяның есімдері де бар. Carlsberg Group активтерін мемлекет иелігіне алғаннан кейін Боллоев «Балтика» компаниясының бас директоры болды. Ол Ресейдегі еуропалық компаниялардың активтерін тәркілегені үшін санкцияға ұшыраған алғашқы ресейлік кәсіпкер саналады.

 

Ал Елена Мильская – «Архангел Михаил» қорының президенті, «Ұлы Әулие Василий» қорының бас директоры және «Жоғалған, зардап шеккен балаларға көмек көрсету ұлттық орталығының» қамқоршылар кеңесінің төрағасы саналады. Түрлі зерттеу жұмыстары оның украин балаларын заңсыз әкету әрекеттеріне қатысы барын айтуда.

 

Ресейге салынатын 14-ші пакет санкцияда өзге де шектеулер жеерлік. Ол Ресейге чип жеткізушілерді қатаң жазалау, Ресейе салынған санкцияны айналып өтуге көмектескен компанияларға қысымды арттыру, Ресей мұнайын сатуға бақылауды күшейту және басқаны құрайды.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар