"Ұлттық мәдениетке жат киімдерге тыйым": Тәжікстан билігі заң қабылдады

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон «Мерекелер мен салт-дәстүрлерді реттеу туралы» заңға қол қойды. Онда басқалармен қатар «ұлттық мәдениетке жат киімдерді әкелуге, сатуға және қоғамдық орындарда киюге» тыйым салынады. Бұл туралы президенттің сайтында хабарланды.


Муфтий предупредил о последствиях запрета на ношение никаба | Общество

 

Заңда «ұлттық мәдениетке қайшы келетін киім кию» деген сөз тіркесінің мағынасы ашып түсіндірілмеген. Сарапшылар Тәжікстан билігі ең алдымен аталған тіркесті діни киімдерге негіздегенін айтуда. Оның ішінде хиджаб, сатр және никаб киюге тыйым салу көріністері заңға дейін де болған еді.  

 

Заңда көрсетілген киімді әкелуге, сатуға және киюге тыйым салуды бұзған жеке тұлғаларға 7920 сомони (733 АҚШ доллары), ал шенеуніктерге 39600 сомони (3668 доллар) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

 

Тәжікстан парламенті бұған дейін аталмыш заң жобасын қоғамдық талқылауға ұсынбай қабылдаған болатын.

 

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Тәжікстан билігі қабылдап жатқан заңдарды сынға алып, адам құқығын шектеудің бір көрінісі деп атады. Тәжікстан билігі бұған дейін бірнеше мәрте рейдтер өткізіп, діни сипатта киінген ел тұрғындарын арнайы тізімге алған болатын.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар