АҚШ ережені өзгертті: Атқылауға рұқсат!

Украина әскері АҚШ қаруымен ендігі таңда Харьков облысына шекаралас Ресей аумақтарын ғана емес, сонымен бірге Ресейдің өзге аймақтарындағы әскери нысандарды атқылай алады. АҚШ Ресей аумағындағы әскери, стратегиялық нысандарға қарсы өз қаруын қолдануға рұқсат беру аясын кеңейтті. Аталмыш шешімді Вашингтон Ресей әскерінің Сум облысына жақын маңда топтасуынан және ресейлік делегацияның Солтүстік Кореяға сапарынан кейін қабылдады. Сондай-ақ Ресей өзінің Украинаға жақын маңдағы территорияларына екі жылда бірнеше әуежай салып, Украина аймақтарын бомбалаумен келеді. Аталған қауіпті азайту мақсатында да АҚШ билігі қаруды қолдануға қатысты шешіміне өзгертулер енгізуде.

 

Сколько HIMARS в Украине и цена одной установки – ответ эксперта

 

АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джейк Салливан былай дейді: «АҚШ пен Украина арасындағы қаруды қолдану бойынша келісім енді Ресей шекарасынан Украинаға қарай өтетін барлық әскери бөлімшеге, аймаққа қатысты қолданылады».

 

10 мамыр күні Ресей әскері Харьков облысына шабуыл бастап, Украина соғысындағы тағы бір фронтты ашты. Украина тарапы Ресей әскерінің алға жылжуын бір апта салып тоқтата білді және қазіргі уақытта Волчанск қалашығы үшін ұрыс жүруде. Мәскеудің Харьковке шабуыл жасауы Батыс елдерінің Ресей аумағына Киевке берген қаруымен соққы жасауға рұқсат беру шешіміне ұласты.

 

Вашингтон мамырдың соңында Киевке АҚШ берген қарумен Ресей аумағындағы әскери нысандарды атқылауға рұқсат етті. Алайда Киев АҚШ қаруымен Харьков облысына шабуыл жасап кірген бөлімшелерді ғана атқылау мүмкіндігіне ие болды. Ендігі таңда ол шешім бірқатар өзгеріске ұшырады.

 

Салливан бүй деді: «Мәселе географияда емес, жағдайды нақты бағалауда. Егер Ресей Украина аумағын шабуылдап жатса немесе шабуылдауға дайындалса, ендеше Украинаға шабуылдауға дайындалып жатқан, Украина шекарасын бұзып кіруге қамданып жатқан ресейлік бөлімшелерге соққы жасауға рұқсат еткеніміз дұрыс болады. Дей-тұра алыс қашықтықтағы нысандарға АҚШ қаруымен соққы жасауға әлі де рұқсат жоқ», - деді.

 

Украина Батыс қаруымен Ресей аумағын атқылауға рұқсат етілгеннен кейін, Ресей территориясындағы әскери штабтар мен бөлімшелерге бірнеше соққы жасаған. Соққы HIMARS зымырандарымен жасалуда. Соңғы мәрте Украина Белгород облысындағы С-300/С-400 әуе қорғаныс кешендерінің ату қондырғыларын жойған. Аталмыш ақпаратты Politico растады.

 

Жаңа шешімдерге байланысты Украина Ресей аумағындағы ондаған әскери бөлімше мен әуежайларды және әскери қоймаларды атқылауға мүмкіндік алды.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар