Қылмысқа тұншыққан қоғам: Ресейді соғыстан кейін не күтіп тұр?

Соғыстан кейін Ресей экономикасы қылмыстың өршуіне байланысты өсуін азайтуы ықтимал. Bloomberg Economics-ке сұхбат берген экономист Александр Исаков былай дейді: «Әдетте қылмыс көрсеткіші соғыс басталған сәтте азайып, соғыс аяқталған соң көбейеді. Ресей де бұл тенденциядан қашып құтыла алмайды. Егер соғыс тағы бірнеше жылға созылып, оған кемі 3 млн ресейлік қатысатын болса, онда соғыстан кейінгі қылмыс экономикаға кемі ЖІӨ-нің 0,2-0,6 пайызына тең шығын әкелуі ықтимал».


Ответственность за преступления экстремистской и террористической  направленности

 

Ресей билігінің соғысқа аса көп ер азаматтарды аттандыруы 2022 жылы Ресей қоғамындағы қылмыс көлемін азайтты. Алайда олардың қайтып оралуы қылмысты керісінше арттырмақ. Ресейдің Жоғарғы Сотының ақпаратынша 2023 жылы соғыстан келгендер жасайтын қылмыс көлемі 20 пайызға артқан.

 

Bloomberg басылымының жазуынша Ресей қоғамында «Вагнер» құрамында соғысып, артынша рақымшылық алып, Ресейге оралған сотталушылар қолымен жасалған қылмыс саны еселеп артқан. Дей-тұра Ресей билігі мен ақпарат көздері бұл туралы аз жазуға тырысады.

 

Соғыстан қайтқандар ұрлық, есірткі саудасы, тонау және зорлық қылмыстарын көп жасайтындар қатарына жатады. Сарапшылар Украинаның оккупациялық аймақтарында Ресей әскерінің қолымен күн сайын жүздеген қылмыс жасалатынын, алайда оны Ресей билігі тіркемейтінін айтты.

 

2023 жылы Ресейде ең соңғы 12 жылдағы ең көп зорлық-зомбылық қылмыстары жасалған жыл болып тіркелді. «Верстка» басылымының жазуынша 2023 жылы Ресейде 589 мың ауыр және аса ауыр категориясындағы қылмыс жасалған. Бұл соңғы 12 жылдағы рекорд саналады.

 

Сарапшылар соғыстан кейін Ресей қоғамында түрлі қылмыс артатынын болжауда. Бұл соғысқа қатысқандардың статусына (әдетте оларды көп жазаламайды) және психологиялық жағдайына байланысты болмақ. Дәл осы сценарий Украина қоғамын да к.тіп тұр дейді мамандар. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар