Түркия Иранға: Қару жеткізуді дереу тоқтат!

Түркия билігі дипломатиялық байланыс арналары арқылы Иранға ескерту жасап, Жұмысшы күрд партиясына қару-жарақ жеткізбеуді талап етті. Сонымен бірге күрд қарулы жасақтарына қарсы Түркия іске асыратын әскери операцияға кедергі жасамауды сұрады. Бұл туралы Yeni Şafak газеті басылымы жазды.


Турция, Иран, Ирак

 

Басылымның жазуы бойынша Түркия әскері күрдтерге жеткізілетін кез келген қаруды жоюға бұйрық алған.

 

«Өткен аптада Ирактағы Сүлеймани қаласында Түркия мен Иран өкілдері кездесті. Кездесуге Түркияның және Иранның қорғаныс министрлігі мен СІМ өкілдері қатысты. Түркия кездесу барысында Ираннан күрдтерге қару жеткізуді тоқтатуды талап етіп, лаңкестікке қарсы бірге күресуге шақырды», - делінген мақалада.

 

Иран тарапы «күрд жасақтарына қару жеткізген емесміз» дейді. Түркия тарапы Иранның сөздеріне қарсы дәлел келтіріп, фото және видео түсірілімдерді көрсеткен. Иран фото және видеодағы қарудың Тегеранға қатысы жоқтығын айтқан, ал Түркия өз кезегінде ендігі таңда күрд жасақтарына жеткізілетін барлық қару жойылатынын мәлімдеді.

 

Иранның ұзақ жылдар бойы Ирактағы және Сириядағы күрд жасақтарын қару жеткізуі Анкара мен Тегеран арасындағы келіспеушілікке себепкер болуда. Түркия Иранның әрекеті Анкараға қарсы бағытталғанын айтуда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар