ШЫҰ: Бұл саммиттің басты қонағы кім? Президент Путин бе, төраға Ши ме?

Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті Астанада 3-4 шілде аралығында өтеді. 2024 жылғы кездесудің ұраны: «Көпжақты диалогты нығайту - тұрақты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу».

1719993978432202.jpg

Іс-шара шеңберінде қатысушылар 24 құжатқа қол қояды, сондай-ақ қорытынды декларация мен тату көршілік және бірлік қағидаттарын ұстану туралы мәлімдемені қабылдайды деп күтілуде. Бұдан басқа, көшбасшылар ШЫҰ-ның дамуына серпін беру үшін оны кешенді жаңғырту жөніндегі ұсыныстарды мақұлдай алады.

Қазақ жерін тарихи отанынан бөліп, ертеден өз бауырына басқан қос империяның басшыларының ШЫҰ саммитіне келуі мен қарсы алуын отандық БАҚ жыр қылып жазды. Бірақ Си төраға мен Путинді кім қарсы алды, қалай қарсы алғандығын ұлт журналистері түрлі қисында жазғаны орынды. Біздің сайт қос империяның басшыларының қарсы алынуына қатысты редакция ұжымының пікірін алға тартпақпыз.

1719993910543379.jpg

(Сурет Ақорда сайтынан алынды)

ҚЫТАЙ ТӨРАҒАСЫН ҚАЛАЙ КҮТІП АЛДЫҚ?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді әуежайда қарсы алды.

Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында қарсы алды

Аспан асты елінен келген мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрып, екі ел арасындағы   шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, Төраға Си Цзиньпин бастаған ҚХР делегациясына ілтипат білдіріп, қытай тілінде ән шырқады зор құрмет көрсетті. Си төрағаның ұшағын Қазақстанның истребительі, кортежін тікұшағы қорғап жүрді.

Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

1719993860204888.jpeg

(Сурет Спутник сайтынан алынды)

РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІН ҚАЛАЙ КҮТІП АЛДЫҚ?

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді күтіп алды

Ресей президенті Владимир Путин саммит аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға ұшып келді. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады. Әуежайда Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

3 шілдеде Путиннің Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі жоспарланған, деп хабарлады журналистерге Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков.

Қытайдың «Синьхуа» мемлекеттік агенттігіне берген сұхбатында Тоқаев іс-шараның кейбір мақсаттары туралы мәлімдеді: «Астанадағы саммит қатысушылары әлемдік қоғамдастыққа адал әрі ашық жаһандық диалогты бастауға, қауіпсіздіктің жаңа парадигмасын қабылдауға, әділ экономикалық орта құруға және планетаның тазалығын қорғау үшін қажетті күш-жігер жұмсауға шақырады».

Осылайша қос көршінің ішінде Қазақ билігінің қайсысына бүйрегі бұратындығының кімінің кімді қалай қарсы алғандығы танытады. Ресей ОА тізгінін Қытайға өз қолымен қалай бергенін білмей қалуда дегенді саяси сарапшылар тегін сөз етіп жүрменгіндігін қазақ билігінің осы қадамы танытты.

Сондай-ақ, саммитте ШЫҰ-ның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясы мен 2030 жылға дейінгі энергетикалық ынтымақтастықты дамыту стратегиясы бекітілетін болады. Бұл мұнай және газ, электр энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы өзара іс-қимылға қосымша серпін береді деп күтілуде.

Сонымен қатар, терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы іс-қимылдың 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы және ШЫҰ-ның 2024-2029 жылдарға арналған есірткіге қарсы стратегиясы қабылданатын болады.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар