Трамптың жоспары: Украина НАТО-ға кірмейді, НАТО құрылымы өзгереді

АҚШ-тың бұрынғы президенті, 2024 жылғы президенттік додаға қатысушы Дональд Трамптың қайта билікті қолға алса НАТО-ға қатысты саясаты белгілі болды. Бұл туралы Politico басылымы Трампты жақтаушы сарапшылардың пікіріне сүйене отырып жазды.  


СМИ узнали, кто из окружения Трампа больше всего давил на Зеленского - |  Диалог.UA

 

Трамптың Путинге жасауы мүмкін ұсынысы да мақалада қамтылған. Мақалада Трамп билікке келсе Путинге арнайы ұсыныс жасап, НАТО-ны шығысқа кеңейтпейтінін және Грузия мен Украинаны альянсқа алмайтынын айтпақ дейді авторлар. Ресей мен АҚШ Украинаға қатысты келіссөз жүргізіп, Мәскеу қолында Украина жерінің қандай бөлігі қалатынын талқыламақ. Сондай-ақ, Трамп НАТО-ға Украинаны қабылдамай, орнына Израильге берген кепілдікті ұсынып, заманауи қару-жарақ жеткізетінін айтқан.

 

Politico басылымының мәліметінше Трамп НАТО-ға қатысты бірқатар өзгеріс жасамақ. НАТО құрамына кіретін мемлекеттер қорғанысына ЖІӨ-нің 2 пайызын жұмсамаса, онда АҚШ аталмыш елдерді қорғау міндеттемесінен бас тартады. Осылайша қорғаныс саласына аз қаржы жұмсайтын елдерге НАТО-ның жарғысындағы бесінші бап қолданылмайтын болады. Бесінші бапта НАТО-ның бір еліне шабуыл жасау НАТО-ға мүше барлық елге шабуыл жасау екені жазылған.

 

Сарапшылар Трамп президенттік тізгінді қолға алған сәтте Еуропаны ядролық қолшатыр жүйесімен қорғауды жалғастыратынын айтты. Алайда Еуропадағы АҚШ әскерін азайтып, бронды техника, артиллериялық жүйелерін алып кетуді жоспарлауда. Германия, Түркия, Ұлыбританиядағы әскери базалары жұмыс істеуін жалғастырады. Трамп Еуропа қауіпсіздігіне бөлінетін қаржыны азайтып, қауіпсіздік мәселесін Еуропаның өзіне жүктемек.

 

Трамп өз мәлімдемелерінде Украинадағы соғысты жылдам тоқтатуға ниетті екенін айтумен келеді. Ол Байденмен өткен пікірсайыс барысында да соғысты жылдам аяқтауды қолға алатынын айтты. Тіпті президенттік өкілеттілігі басталмай тұрып соғысты тоқтата алатынын мәлімдеді. Пікірсайыс барысында Трамп Путин ұсынған бейбіт келісімді қабыл алмайтынын да айтқан болатын.  

 

Батыстық басылымдар бұған дейін Трамптың қос кеңесшісі Украина соғысын аяқтауға қатысты жоспарды әзірлегенін жария етті. Жоспарда Трамп билікке келе сала тараптар арасындағы ұрысты дереу тоқтатуды талап етіп, бейбіт келіссөздер бастауға мұрындық болатыны айтылған. Ол мақалаға Украина мен Еуропа тарапы реакция танытып, «оны қабылдау халықаралық жүйені бұзу» деген еді.


Mezgil.kz

 



Ұқсас тақырыптар