Ресей экономикасы: Кремль мен сарапшылардың есептеуі екі түрлі

АҚШ және Еуропа тарапынан салынған санкциялар Ресей рубліне соққы жасады және Ресей экономикасын әлемдегі он экономика қатарынан шығарды дейді сарапшылар. Қаржыгерлер бұл көрсеткішті Ресей президенті Владимир Путиннің сатып алу қабілеті бойынша есептеуіне емес, долларлық көрсеткішпен есептеуге сүйене отырып шығарған.


Экономика РФ стремительно падает | Postfuctum.info

 

2023 жылы Ресей экономикасы 3,6 пайызға өскен. Алайда рубльдің долларға шаққанда құнсыздануына байланысты экономикалық өсім керісінше 10,8 пайызға азайған. Дүниежүзілік банктің есептеуі бойынша бұл көрсеткіш 2,27 трлн доллардан 2,02 трлн долларға дейін түскен. Осылайша Ресей экономикасы сегізінші орыннан 11 орынға жайғасқан. Ресейдің алдына Италия, Бразилия және Канада шыққан.

 

Осыған ұқсас жағдай Жапонияда да тіркелді. Жапон йені де ұзақ жылдардан кейін құнсызданып, экономикалық өсім бойынша Германияны алға жіберді және төртінші орынға түсті. Осылайша ең қуатты үш экономика қатарына АҚШ, Қытай және Германия жайғасты.

 

ЖІӨ-ді адам басына шаққанда Ресейдің көрсеткіші әлдеқайда нашар. Ресейдің көрсеткіші 2023 жылы бұл есептеу бойынша 13817 долларды құрап, 86-орынға жайғасты. Яғни Аргентина мен Мексика арасын місе тұтты. 2022 жылы бұл көрсеткіш 15444 долларды құраған болатын.

 

Ресей экономикасы Дүниежүзілік банктің есептеуі бойынша ондыққа кіреді. Алайда дағдарыс уақытында, девальвация кезеңінде Ресейдің экономикасы бұл көрсеткіштен түскен сәттері бар. 2009 жылы, 2015 жылы және 2021 жылы Ресей экономикасы алғашқы ондыққа ене алмады. 2022 жылы рубльдің күшеюіне байланысты сегіздікке жайғасса, 2023 жылдың көрсеткіші бойынша 11-орынға табан тіреді. Сарапшылар 2024 жылдың соңында ресейлік экономика ондыққа кіретінін болжауда.

 

Сарапшылар мұнай мен газдың сатылымы Ресей экономикасын ұстап тұруға негізгі ресурс екенін айтуда. Сарапшылар Кремльдің экономиканы өлшеуді сатып алу қабілетіне сай есептеуі қателік дейді және шынайы экономикалық жағдайды бүркемелеу әдісі санайды.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар