Референдум дегенде референдум: Қазақстан тарихындағы референдумдар!

Елімізде тағы бір референдум өтеді. Бұл туралы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми мәлімдеді. Бұл жолы Қазақстан халқы жалпыұлттық референдум арқылы атом электр станциясын салу немесе салмау туралы шешімге дауысын беретін болады. Ал референдумның қай күні, қай айда өтетіні әлі нақтыланбады. Оны үкімет анықтап, көпшілікке жария етеді.


Эксперт: Референдум – это важнейший институт волеизъявления граждан

 

Осы ретте «референдум дегенміз не» деген заңды сұрақ туындайды. Референдум дегеніміз елімізде өткізілетін жалпыхалықтық дауыс беру процесі. Қоғамдық өмірдің маңызды мәселелері референдумда шешіліп, анықталады. Әдетте референдум барысында екі сұрақ қамтылады. Яғни көтеріліп отырған мәселені қолдайсыз ба немесе қолдамайсыз ба дегендей. Ол «иа» немесе «жоқ» деген форматта таңдау жасауға мүмкіндік береді.

 

Референдумдар маңызды заңнамалық актіні, құжатты немесе Конституцияға өзгертулерді қабылдау үшін жиі өткізіледі. Кей жағдайда референдум қандай да бір әскери блокқа, саяси ұйымға кіру немесе АЭС салу сияқты маңызды сұрақтар бойынша да өткізіліп жатады.

 

Референдумның бірнеше түрі бар: конституциялық (Конституция жобасы немесе конституциялық өзгертулер жалпыхалықтық дауыс беруге ұсынылады) және заң шығарушылық (референдумның талқы тақырыбы - заң жобасы), міндетті немесе факультативтік. Заң жобасы бойынша референдумдар да аса маңызды саналады. Ондай сәтте қандай да бір Конституция өзгеріске енгізілмейді, тек парламент ұсынып отырған маңызды заңды қабылдау үшін референдум жасалуы ықтимал. Әдетте бұл ел арасында үлкен толқулар мен қарсылықтарды туындататын маңызды заңдар аясында іске асады. Жақында ғана ТМД елдері «шетелдік агент» заңын қабылдауға қатысты бастары дауға қалды. Оның ішінде Қырғызстан мен Грузия, Ресей бар. Грузиядағы қарсылықтар тіпті Батыс елдері тарапынан да үлкен қолдау тауып, Грузия билігіне салмақ салды. Кей сарапшылар заңды парламентте талқы етпей, бірден жалпыұлттық дауыс беруге шығарайық дегенді де айтты. Міне, осындай сәттерде заңнамалық жобаны референдумға шығаратын сәттер болады.

 

Міндетті референдумда тиісті актінің жобасы сайлау корпусының барлығымен немесе басым көпшілігімен ратификациялануы тиіс. Факультативтік референдум өткізу туралы бастама сайлау корпусынан, федерацияның жекелеген субъектілерінен немесе орталық үкіметтен шығуы мүмкін. Референдумды әртүрлі саяси күштер мен елдер тануы, мойындамауы немесе жартылай мойындауы мүмкін. Оның нәтижесін өзге елдер мен ұйымдардың мойындауы референдумды легетимді ете түседі.

 

Кейда аса ауқымды сауалнамалар жүргізілетін сәтте бар. Алайда оны референдум деуге келмейді және оны ажырата алу маңызды. Бұл консультативтік шаралар болып саналады. Кей азаматтар оны референдумға жатқызып, қате түсінік қалыптастыратын сәттер бар.


Референдум по форме правления. Топ-10 наиболее часто задаваемых вопросов •  Общественный фонд «Гражданская платформа»

 

Елімізде «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заң бар. Құжатқа сәйкес республикалық референдум дегенміз – Қазақстан Республикасы Конституцияларының, конституциялық заңдарының, заңдарының және қоғамдық өмірінің өзге де маңызды мәселелері бойынша шешімдердің жобалары бойынша жалпыхалықтық дауыс беру болып саналады.

 

Референдум тағайындау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне тиесілі. Оны өткізуге 200 мың адамнан кем емес үкімет, парламент немесе қазақстандықтардың өзі де бастама көтере алады. Яғни маңызды деген мәселе бойынша референдум өткізу құқығына ие болады.

 

Референдум бүкіл ел бойынша өткізіледі. Алайда оған қатысу ерікті форматта іске асады. Бұл саяси белсенділікке тікелей байланысты. Кейде референдумға келушілер саны көтерілген мәселе мәніне сәйкес не көп, не аз болуы да ықтимал. Референдумға қатысу құқығы бар қазақстандықтардың жасы 18-ден төмен болмауы тиіс. Яғни заң бойынша шешім қабылдай алатын, таңдау жасай алатын жастағы жандар қатыса алады. Жалпы референдумға кімдер қатыса алмайды? Ол келесідей категориялар:  Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған; сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында ұсталып отырғандар және Қазақстан азаматы емес жандар қатыса алмайды.

 

Қазақстанның басқа азаматтарының референдумға қатысу құқықтарын кез келген тікелей немесе жанама шектеуге жол берілмейді және ол заңмен жазаланады. Референдумды ұйымдастыру және өткізу ашық және жария түрде жүзеге асырылады. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қазақстандықтардың назарына референдум өткізу туралы шешім мен оған қойылған мәселелер жеткізіледі. Ол нақты түсіндіріліп, бұл шешім не үшін қабылданғаны ашық айтылады.

 

Референдум өткізуге өкілеттіктері Орталық референдум комиссиясы белгілеген тәртіппен куәландырылған қазақстандық қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатыса алады. Өкілдер мен байқаушылардың референдум комиссияларының жұмысына араласуына жол берілмейді. Олардың басты мақсаты референдумның әділ өтуін қадағалау, заң бұзушылық болған жағдайда оны тоқтатуға тырысу, арнайы органдарға хабарлап, заңсыздық жайлы айту, ал дауыс санау процесіне қатысып, хаттаманы алу және оны халық назарына көрінетін арнайы орынға жайғастыруын қадағалау болып табылады.

 

Заңға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары референдумды дайындау мен өткізу барысы туралы ақпарат береді және референдум өтетін аумаққа кіруге кепілдік алады.

 

Референдум бойынша дауыс беру орындарында учаскелік комиссиялар жұмыс істейді. Учаскелік референдум комиссиясы дауыс беру уақыты мен орны туралы азаматтарды дауыс беру күніне кемінде 10 күн бұрын хабарлайды. Белгіленген күні азаматтар өз сайлау учаскелеріне келіп, әрбір көтерілген сұрақтың мәтіні мен сайлаушының жауап нұсқаларын қамтитын бюллетень толтырып, өз таңдауын жасайды.

 

Егер референдумға бiрден бiрнеше мәселе қойылса, олардың әрқайсысына қолданылатын бюллетеньдер түсi бойынша ерекшеленуге тиiс. Ондай жайттар көп кездеспейді. Алайда кейде болуы да мүмкін. Көбіне мемлекеттер қоғамды толғандырған сұрақтарды жинақтап, бір референдум жасайтын сәттер бар. Міне, бұл осы мысалға жақсы келеді.


Республиканский референдум обойдется казахстанцам в 16,4 миллиарда тенге

 

Сайлау бюллетеньдері қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жинақы тұратын халықтың көпшілігінің тілінде басылуы мүмкін. Дауыс беру қорытындылары Орталық референдум комиссиясының отырысында шығарылады. Конституция, конституциялық заңдар, заңдар мен референдумда қабылданған түзетулер референдум қорытындылары туралы ресми есеп жарияланған күннен бастап күшiне енедi. Егер сайлаушылардың 50 пайызынан астамы оң дауыс берсе, референдумға қойылған мәселе қабылданды деп есептеледі.

 

Референдум талаптары түсінікті болса, Қазақстанда қандай референдумдар болғанына тоқтала кетейік. Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы референдум 1995 жылы 29 сәуірде өтті. Қазақстан Президентінің өкілеттігін ұзарту жөніндегі республикалық референдум жарияланған күні күшіне енген президенттің (ол сәтте Нұрсұлтан Назарбаев) жарлығы негізінде өтті.

 

Референдумға қойылған жалғыз сұрақ: «1991 жылғы 1 желтоқсанда жалпыхалықтық сайланған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартуға келісесіз бе?». Референдум нәтижесінде Назарбаевтың президенттік өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. Оны сайлаушылардың 95,46 пайызы қолдады. Жалпы дауыс берушілердің 91,21 пайызы қатысқан еді.

 

Келесі референдум конститутциялық сұрақ бойынша өтті. Конституциялық референдум сол 1995 жылы, 30 тамызда ұйымдастырылды. Референдумға «Сіз жобасы 1995 жылы 1 тамызда баспасөзде жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сұрақ қойылды. Жаңа Конституцияны сайлаушылардың 90 пайызы қолдап, 90,6 пайызы дауыс берді. Сол сәттен бері 30 тамызда Қазақстан мемлекеттік мереке – Конституция күнін атап өтіп келеді.

 

Соңғы референдум да Конституцияға тікелей қатысты еді. Қазақстандағы республикалық референдум 2022 жылдың 5 маусымында өтті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оны 2022 жылғы 29 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында өткізу ұсынысын жасады, ал 2022 жылғы 5 мамырда референдум өткізу туралы жарлық шықты.

 

Республикалық референдумға «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ұсынылды. Заңның жобасы 2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған болатын.

 

Қазақстандық сарапшылардың айтуынша, түзетулердің мақсаты «жаңа мемлекеттік үлгіге, мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа форматына көшу болып саналады. Жұмыс тобы конституцияның 33 бабына түзетулер дайындады. Президенттің сөзінше конституцияны өзгерту арқылы «суперпрезиденттік басқару түрінен ықпалды парламенті мен есеп беретін үкіметі бар президенттік республикаға» көшу жоспары іске асатыны айтылды.

 

Ресми нәтижелер бойынша сайлау құқығы бар азаматтардың жалпы саны 11 734 642 адамды құрады, оның ішінде 7 986 293 адам немесе 68,06 пайызы дауыс беруге қатысты. Бұл ретте азаматтардың 77,18 пайызы конституцияға өзгерістер енгізуге дауыс берді. Одан бөлек 18,66%-ы, яғни 1 490 475 адам өзгерістерге қарсы болды. Осылайша соңғы референдум өтті.

 

Қазақстанды енді тағы бір референдум күтіп тұр. Ол АЭС-ке қатысты болмақ.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар