Киев пен Мәскеу арасын кезген Орбан: «Соғысты мен тоқтатамын», - дейді...

Әлгінде ғана Венгрияның «путиншіл» премьер-министрі күтпеген жерден Украинаға барып, «оқ атуды тоқтатуды» ұсынды.

1720187262989503.jpg

(Коллаж: Mezgil.kz)

Иә, ЕО ішіндегі «путиншіл көшбасшы» деп аталатын және Украинаға әскери көмекке бірнеше рет тосқауыл қойған Венгрия премьері Виктор Орбан Киевке күтпеген жерден сапарлап барды. Орбанның ол сапары 2 шілдеде, Венгрия Еуроодақ Кеңесіне төрағалық еткеннен кейін жасалды.

Венгрия ЕО Кеңесіне кем дегенде жыл соңына дейін төрағалық жасайды. Бұл тағайындау көптеген еуропалық саясаткерлерді қынжылтатын тұсы - Венгрия ішкі және сыртқы саясатқа байланысты Брюссельмен жиі қақтығысқа түсетін мемлекет.

ОРБАН САПАРЫНЫҢ ІЛКІ ТАРИХАТЫ

Орбанның Ресей бастаған Украинаға соғысчқа қатысты ұстаным-көзқарасы әу бастан күрделі болды. Бір жағынан Венгрия басшылығы Ресей әскерлерінің Украинаның Донбасс қаласына кіруін айыптады. Сондай-ақ, ЕО-ның кейбір шешімдерін, атап айтқанда ресейлік банктердің «Swift» жүйесінен ажыратуды қолдады.

Екінші жағынан Орбан үкіметі ресейлік газға эмбарго жариялауға үзілді-кесілді қарсы шықты, себебі Венгрия экономикасы осы жеткізілімдерге 85% тәуелді болды.

2022 жылдың желтоқсанында Орбан үкіметі ЕО-ның Украинаға 18 млрд еуро, ал 2023 жылдың желтоқсанында 50 млрд еуро қаржылай көмек беру туралы бастамаларын бұғаттады.

КҮТПЕГЕН САПАР

Венгрия премьер-министрінің Киевке сапары алдын ала жарияланған да, талқыланған да жоқ. Екі көшбасшының кездесу бағдарламасы туралы де ештеңе белгісіз болды. Сондықтан Орбанның кенеттен Киевке атбасын тіреуі әлемдік саясатты бір сілкінтіп тастады.

Виктор Орбанның Украинаға сапары соғыс басталғаннан бергі алғашқы сапар болды. Бұған дейін Венгрия премьер-министрі мен Украина президенті Зеленский 2023 жылдың желтоқсанында Аргентина президенті Милейдің инаугурациясында кездескен болатын.

ОРБАН МЕН ЗЕЛЕНСКИЙ НЕ ТАЛҚЫЛАДЫ?

Орбан мен Зеленскийдің келіссөздерінің қорытындысы мажар премьері «Украинаға оқ атуды тоқтатуды» және «жанжалды бейбіт жолмен реттеуді» талқылай бастауды ұсынған.

Орбан: «Мұндай қадам бейбітшілікке қол жеткізу процесін жеделдетуге септігін тигізеді», - деп есептейді. «Менің ойымша, Венгрия төрағалық ететін келесі алты айдағы Еуропа үшін ең маңызды мәселе - Ресей мен Украина арасындағы соғыс пен бейбітшілік мәселесі», - деді Виктор Орбан.

Сондай-ақ, Орбан бұған дейінгі барлық дауларды жабуға және Венгрия мен Украина арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың болашағына назар аударуға ниет білдірді.

Кейінірек Украина президентінің кеңсесі: «Киев мұндай ұсынысты қабылдай алмайтынын, ал Зеленскийдің ұстанымы - Украина бастамашы болған бейбіт саммиттер арқылы әскери іс-қимылдарды аяқтауға қол жеткізу» екенін мәлімдеді.

«Мажарстан президенттігінің [ЕО Кеңесіндегі] мақсаты - Еуропалық одақ алдында тұрған сынақтардан өтуге ықпал ету. Осылайша, менің алғашқы сапарым Киевке болды», - деп жазды Виктор Орбан.

ОРБАННЫҢ САПАРЫ: САРАПШЫЛАР НЕ ДЕЙДІ?

«Келіссөздер Еуропада бейбітшілікке қол жеткізу мүмкіндіктеріне, сондай-ақ екіжақты Украина-Венгрия қарым-қатынастарына шоғырландырылады», - деп жазды Венгрия премьер-министрінің баспасөз хатшысы Золтан Ковач.

Мажарстанның Сыртқы істер министрі Петер Сийятро Украинаға толыққанды басып кіргеннен бері Ресейге кем дегенде бес сапар жасады, оның ең соңғысы Санкт-Петербургтегі экономикалық форумға сапары болды. Ал Орбанның Украинаға сапары - 12 жыл ішіндегі алғашқы сапар.

Ал кейбір Эстониялық сарапшылар «Орбанды Кремльге жұмыс істегені үшін» айыптады, ал оның дау-дамайды реттеуге деген ниетін Дональд Трамппен тығыз қарым-қатынас деп түсіндірді.

Украиналық сарапшылар да Орбанның сапары туралы жағымсыз пікір білдіріп, оны «кремль консервісі» деп атады.

Кремль өз кезегінде Орбанның Украинаға сапарына түсініктеме берді. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков: «Орбан ЕО Кеңесінің төрағасы ретінде өз міндеттерін ғана атқарады», - деп мәлімдеді.

ОРБАН МӘСКЕУГЕ БАРДЫ: ПУТИН МЕН ОРБАН НЕ СӨЙЛЕСПЕК?

Ал бүгін Венгрия премьері Виктор Орбан Ресейге, Мәскеуге ресми сапармен барды. Мәскеу әуежайынан сурет жариялапр: «Бейбіт миссия жалғасады», - деп жазды. Онан соң, Ресей БАҚ-тары Орбан мен Путиннің ресми кездесуінен ақпараттар тарата бастады.

«Венгрия премьер-министрі Будапешт Еуроодаққа ротация тәртібімен төрағалық ете бастағаннан кейін «Ресей мен Украина арасында делдал болуға тырысады», - деп жазады Батыстағы БАҚ.

Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишель: «ЕО атынан Ресеймен өзара іс-қимыл жасауға ешкімнің өкілеттігі жоқ! Украина туралы ешқандай пікірталас Украинасыз жүргізілмейді!», - деп жазба қалдырды.

«The Guardian» басылымы: «Орбан командасы Владимир Зеленскиймен кездеспес бұрын Мәскеуге сапарын жоспарлаған болатын. Ол Ресей мен Украина арасында делдал болуға тырысады. Оның Украина президентімен әңгімелесуінен кейін бұл кездесудің мағынасы бар.

Орбанның Мәскеуге сапары Брюссельде және басқа да мүше мемлекеттерде одан сайын алаңдаушылық тудыруы мүмкін, онда соңғы жылдары еуропалық бірлік пен заң үстемдігіне нұқсан келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған көшбасшы алдағы алты айға блоктың басты өкілі болып табылады.

Мажарстан көшбасшысы бүкіл әлемдегі оңшыл радикалдық топтармен байланыста және бұрыннан бері Венгрияға Украинадағы бейбітшілікті орнатуда өз рөлін атқаруды ұсынып келген, бірақ бұл негізінен ескерілмеген.

Бірақ осы аптаның соңында Франциядағы сайлауға және Дональд Трамптың АҚШ президенттігіне қайта оралуына байланысты Орбан геосаяси үрдістердің өзгеріп жатқанын сезінуі мүмкін. «Бізде басынан бастап делдалдық рөл ойнау амбициясы болды», - деп жазады.

Венгрия көшбасшысы соңғы рет Ресейге 2022 жылдың қыркүйегінде барып, соңғы кеңестік көшбасшы Михаил Горбачевты жерлеуге қатысқан болатын.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар