Алаш даласынан АҚШ-қа дейінгі сайлау жүйесі қалай дамыды?

Сайлау жүйесі демократияның негізі болып саналады. Біздің түсінігімізде демократия Батыста пайда болып, басқа елдерге тараған деген сенім қалыптасқан. Алайда шындығында демократиялық процесстер тек Батыста емес, Азия елдері мен көшпенділер арасында да болған. Олардың бірі Қазақстан жеріндегі ежелгі қағанаттар мен билер соттары, халықтың ой білдіру құқығы еді.


Какие преимущества имел ныне несуществующий институт суда биев

 

Ежелгі Қазақ даласында демократиялық үрдістердің негізін билер соты анықтады. Түрлі дау бойынша биге жүгініп, арнай алқабилер отырысы барысында ақиқатқа жол ашылды. Кінәлі тарапқа жаза беру және айып өтеміне құн сұрау процесі болды. Қара халық хан алдына барып, датын айтатын сәт аз болмаған. Бұл Қазақстандағы демократиялық үрдістерді және сайлау процесін жасақтауға әсер етті дейді сарапшылар.

 

Ал енді сайлау жүйесінің Батысты туындаған жолына назар аударсақ. Ежелгі Рим мен Грекияда қазіргі сайлаудың негізі қалыптасты және халық саяси үрдістерге белсене қатысып, халықтық отырыстарға қатысуы міндетті саналды. Халықтық отырыстағы көпшіліктің дауысы арнайы заңдарда ескерілуі міндетті еді. Бұл алғашқы сайлау жүйесінің көріністері болатын.

 

Ежелгі Грекияда ашық дауыс беру және құпия дауыс беру болды. Ол көбіне жеребе тарту рәсімі арқылы жүзеге асты. Ақ және қара бұршақтың көмегімен халық дауыс беруде қолдайтынын не қарсы екенін көрсетті. Ал Афина қаласында халық қаланың қоғамдық өміріне кесірі тиетін танымал тұлғаларды қаладан қуып жіберу үшін дауыс беретін. Бұл қаладағы демократияның көрінісі саналды, себебі қуғындауға ауқатты, беделді адамдар да ұшырауы мүмкін еді, ал олардың тағдыры осындай құпия дауыс беруде анықталды. Дауыс беру келесідей негізде іске асатын. Халық қала өміріне кесірі тиетін адамды анықтау үшін, арнайы бұйымға сол адамның есімін азатын. Кімнің есімі көп жазылса, сол адамды қаладан шығарып жіберу іске асты. Кейде қарапайым адамдар да қуғындалып кететін.

 

Ал енді Ежелгі Римге ат басын бұрсақ. Римде дауыс беруге, сайлауға ерекше мән берілді. Дауыс беру, сайлау процесіне тыңғылықты дайындалып, бірнеше ай бұрын науқанды бастайтын. Кандидат билік органдарына сайлауға қатысуға ниетті екенін алдын-ала мәлімдейтін. Билік органдарына кандидаттың заңға сәйкес талапқа сайлығын тексеретін. Егер талапқа сай келсе, тізімге қосатын. Осыдан кейін барып сайлау науқаны басталатын. Сайлаудағы үгіт-насихат келесі әдіспен іске асты. Кандидат ақ киім киюі тиіс еді. Бұл оның ар-намысының тазалығын білдірді. Арнайы киім киген кандидат қала орталығына барып (әдетте базар немесе іс-шара ұйымдастырылатын алаң), сөз сөйлейтін, көпшілікке жағуға және өзін қолдауға шақыратын. Сайлау күні тұрғындар кішкентай қағаз алып, өзіне ұнаған кандидаттың есімін жазатын. Арнайы жәшікке салып, дауыс санау процесі барысында кімнің үздік екені анықталатын.


Сайлау жүйесінің дамуына Ұлы француз революциясы әсер етті. Революциядан кейін «сайлау құқығы», «сайлаушылар тізімі». «адам құқығы мен азамат» деген түсініктер қалыптасты. Франция азаматтары заңға сәйкес 21 жастан бастап дауыс беруге құқылы болды. Арнайы адам құқығына қатысты декларация қабылданып, әлемдегі демократияның дамуына ықпал етті. Революциядан кейін Франция тұрғындары патшаға тәуелділіктен арылып, жеке тұлға және ел азаматы статусын иемдене бастады. «Азамат» түсінігі ерекше екпінмен айтылды және сайлау науқанында белсенділер санының артуына әсер етті.

 

Қазіргі таңда іске асатын құпия дауыс беру жүйесі Аустрияда ХІХ ғасырда пайда болды. Бұл кандидат пен дауыс беруші арасында дау туындамауы үшін іске асты. Кейін бұл тәжірибе жаппай әлем елдерінде қолданысқай ие бола бастады.

 

Алайда әлем үшін сайлау жүйесінде АҚШ-тың алар орны ерекше. АҚШ сайлау жүйесін ұдайы дамытушы және әлемнің өзге елдерін де сайлау жүйесін ашық етуге, бәсекеге қабілетті етуге шақырушы ел саналады. Осы ретте АҚШ-тың сайлау жүйесін зерттеу, білу біз үшін маңызды. Себебі Қазақстан өзінің сайлау жүйесін үнемі дамытып, өзге елдердің тиімді тәжірибелерін алуға тырысады.

 

АҚШ-та президент пен вице-президенттің лауазымдары 1787 жылы қабылданған АҚШ Конституциясымен енгізіп, 1789 жылы күшіне енді. Конституцияның 2-ші бабына сәйкес, осы елде кем дегенде 14 жыл өмір сүріп, 35 жасқа толған АҚШ азаматы президенттікке таласа алады. Вице-президенттікке таласатын адамға қойылатын талаптар да осыған ұқсас келеді.

 

Демократиялық және Республикалық партиялардың (елдегі екі негізгі саяси күш) кандидаттары ішкі партиялық праймериз кезінде таңдалады және осы партиялардың съездерінде бекітіледі. Басқа партиялардың кандидаттары (қазіргі уақытта федералды деңгейде 40-тан астам саяси бірлестіктер мен партиялар бар) әдетте партия съездері арқылы ұсынылады және сайлауда 1-2% ғана дауыс жинайды. Тарихта өзге партиядан түсіп, аса көп дауысты алған бір ғана жайт бар. 1912 жылы Прогрессивті партиядан додаға түскен бұрынғы республикашыл президент Теодор Рузвельт 27,4% дауыс алған болатын. Теориялық тұрғыдан партиясыз сайлануға да болады, бірақ партиялық ұйымдардың ресурстарынсыз сайлау науқанын өткізу іс жүзінде өте қиын, тіпті мүмкін емес десек те болады. Тәуелсіз кандидаттар арасындағы ең жоғары нәтиже Техас миллиардері Росс Пероға тиесілі. Ол 1992 жылы 20 миллионға жуық дауыс жинады, бұл шамамен 19% деген сөз.

 

200 жылдан астам уақыт бойы Америка Құрама Штаттары сайлау жүйесін дамытумен келеді. 1845 жылғы Президенттік сайлау күні туралы заң бойынша дауыс беру әрбір кібісе жылдың қараша айының бірінші дүйсенбісінен кейінгі бірінші сейсенбіде өтуін талап етеді. Бұл күні АҚШ азаматтары ел президенті ретінде кандидатын көргісі келетін партияның сайлаушылар тізіміне дауыс беру үшін сайлау учаскелеріне барады. Мұндай партиялардың тізімдері әр штатта жасалады. Көп жағдайда көпшілік сайлаушыларды таңдайды, ал сайлаушылар (выборщик) кандидаттарға дауыс береді. Яғни тікелей дауыс беру екі этапты кезеңнен өтеді.

 

Егер кандидаттардың ешқайсысы сайлаушылардың абсолютті көпшілік дауысын алмаса немесе екі кандидат бірдей дауыс алса, онда Өкілдер палатасы (Конгрестің төменгі палатасы) президентті сайлайды. Бұл жағдайда әрбір штат бір дауысқа ие (Палатада өкілдікке қарамастан), жеңімпаз абсолютті көпшілік дауысты алуы керек. Президентті сайлаудың бұл төтенше процедурасы АҚШ тарихында екі рет қолданылған: 1800 жылы Томас Джефферсон (1801-1809 жж. президент), 1824 жылы Джон Куинси Адамс (1825-1829) осы жолмен сайланды.

 

АҚШ тарихында қарсыласынан аз халық дауысын (бірақ сайлаушылардың көп дауысын) алған кандидат президент болып сайланған бірнеше жағдай болды. Олардың ішінде Джон Куинси Адамс, Ратерфорд Хейс, Бенджамин Гаррисон, Джордж Буш пен атышулы Дональд Трамп бар.

 

2000 жылы президенттік сайлаудың жеңімпазын анықтау үшін бір айдың ішінде Флоридада жүздеген мың бюллетеньдерді қайта санау жүргізілді. Нәтижесінде Джордж Буш Альберт Гордан небәрі 537 дауыс көп жинағаны анықталды.

 

Міне, АҚШ-тың сайлау жүйесі осындай ызу-қызу қызыққа толы. Қазақстан билігі де, Орталық сайлау жүйесі де АҚШ, Еуропа және Азия елдерімен сайлау процесін дамыту, науқанын қыздыру үшін ұдайы тәжірибе алмасып, бірлесе жұмыс істейді. Мамандарды үйрету курстарына жібереді. Бұл елімізде бәсекеге қабілетті, шынайы сайлаудың қалыптасуына әсер етеді.


Mezgil.kz

 

 

 



Ұқсас тақырыптар