Татарстан билігі республика тұрғындарына жақындарын, достарын, туыстарын келісімшарт негізінде әскерге қосылуға үгіттеуге шақырды. Келісімшарт бойынша әскерге қосылуға келіскен әр азамат үшін үгіттеушіге 100 мың рубль төлеу іске аспақ. Бұл туралы ақпаратты Татарстандағы келісімшарт бойынша қызметке арнап ашылған сайт жария етті.
«Бұл арнайы акция» дейді сайт жариялымында. Бұған дейін үгіттеушіге әр азамат үшін берілетін қаржы көлемі екі есе аз болатын. 100 мың рубльді алу үшін үгіттеуші келісімшарт негізінде әскерге қосылуға келісімін беріп, Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа қол қоюға келісетін адамды табуы қажет. Ол қызметіне кіріскен сәтте, үгіттеушіге қаржы аударылатын болады.
Келісімшарт бойынша әскери қызметке 18 жасқа толмағандар, сотталғандар және істі болып жатқандар алынбайды. Сарапшылар Ресей билігі Харьков облысында тағы бір фронт ашқаннан кейін, соғысқа үгіттеуді күшейткенін жазды. Үгіт қалалық және ауылды аймақтарды іске асуда.
Ресей түрмелерінде де соғысқа үгіттеу жалғасуда. 18-65 жас аралығындағы дені сау азаматтар соғысқа аттануға келіссе, онда оларға қатысты қылмыстық іс тоқтатылып, рақымшылық жасалуы мүмкін.
Соғысқа аттанушылар санын азайтпау үшін Ресей аймақтары қаржылай төлем көлемін де арттырды. Кей аймақта бір реттік төлем 1,25 млн рубльге дейін көтерілген. Ұлыбританияның барлау қызметі Ресей әскері Харьков облысына шабуыл жасау сәтінде ең көп сарбазынан айырылғанын жазды. Мамыр айында Ресейдің күндік шығыны 1,2 мың сарбазға жеткен.
Mezgil.kz