Путин мен Сиге сапарлап барған Орбан, енді Трамптың есігін қақты...

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Украинадағы қақтығысты тоқтату үшін бір айда үш сапар жасады. Ол Украинаға, артынша Ресейге сапарлап барып, тараптарды ұрысты тоқтатып, келіссөз жүргізуді бастауды ұсынды. Алайда Киев те, Мәскеу де ұрысты тоқтатудан бас тартты. Артынша Венгрия басшысы Қытайға сапарлап, Си Цзиньпинмен бейресми кездесу ұйымдастырды. Тақырып Украина соғысын тоқтату және келіссөз форматын анықтау болатын.


Новость дня". Орбан сделал важное заявление после встречи с Трампом - РИА  Новости, 12.07.2024

 

Қазіргі таңда Венгрия басшысы АҚШ-тағы НАТО саммитіне қатысуда. Саммиттен кейін Орбан Байденмен емес, АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамппен кездесті. Ол бұл туралы өзінің «Х» желісіне жазба қалдырып, «Өте жақсы жаңалық бар: Ол бұл мәселені шешеді!» деп жазды.

 

Трамп өзінің Truth Social желісіне Орбанмен кездесуге қатысты пікір білдірді. Трамп: «Рахмет, Виктор. Бейбітшілік тез арада орнауы тиіс. Бұл соғыс басталмауы тиіс еді, бұл қырғында өте көп адам қаза тапты!», - дейді ол.

 

Бұған дейін Трамп соғысты жылдам арада тоқтата алатынын айтқан болатын. Оның сөзінше соғысты тоқтату үшін 24 сағат жеткілікті-міс. The Washington Post басылымы Трамптың Украинаға қатысты жоспарын жария етіп, онда соғысты тоқтату үшін Киевтің бірқатар аймағын Ресейге беруге келісуі қажет екендігін айтты. Алайда Трамптың ресми штабы ол мәліметті жоққа шығарды.  

 

Bloomberg басылымы Орбан мен Трамптың арасындағы байланыс жайлы жазды. Наурыз айында Орбан Трамппен кездесу ұйымдастырып, «соғысты тоқтату үшін Ақ үйге Трамп оралуы тиіс» деп мәлімдеген болатын. Басылым Орбанды Трамп пен Путин арасындағы байланысты орнатушы тұлға санайтынын айтты.

 

Орбанның пікірінше Путин мен Си Цзиньпин Украина соғысына қатысты келіссөзді жыл соңында бастауы мүмкін.


Mezgil.kz

 



Ұқсас тақырыптар