Мигранттарға арнайы дәріс: Көшеде айғайлама, құрбандық шалма...

Ресейдің ұлттар істері жөніндегі федералдық агенттігі Орталық Азиядан келген еңбек мигранттарының әлеуметтік-мәдени бейімделуіне арналған курсты әзірлеп шықты. Курс 70 минуттық дәрістен және бірнеше роликтен тұрады. Дәріс барысында мигранттар көші-қон және еңбек заңнамалары туралы негізгі ақпараттарды біліп шығады. Бұл туралы «Настоящее время» жазды. 


В Агентстве миграции допустили дальнейшее снижение потока трудовых мигрантов  в Россию

 

Курс негізгі төрт блокқа бөлінген, олар: «Көші-қон және еңбек заңнамасының негіздері», «Ресейдегі күнделікті өмірде өзін-өзі ұстау негіздері», «Заңдарды сақтамағаны үшін жауапкершілік» және «Ресей мен Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынастар тарихы» деп аталады.

 

Алғашқы бөлімде еңбек мигранттары елге келу және елден кету, патент рәсімдеу және еңбек шартын келісу жайлы ақпараттарды біледі. Сонымен бірге, Ресей әскерімен шарт жасасу арқылы жеңілдетілген форматта азаматтық алу жайлы ақпараттар да осы бөлімде айтылады.

 

«Ресейдегі күнделікті өмірде өзін-өзі ұстау негіздері» деп аталатын бөлімде Ресей қоғамында өзін ұстау туралы айтылады. Дәріс берушілер орыс тілінің маңызы жайлы айтады. Қоғамда жақын туыстарынан басқа адамдарға «аға» (брат) және «әпке, қарындас» (сестра) деп сөйлемеу керектігі айтылған. Шетел азаматтары өз тілдерінде өзгені сыбырлап сөз етпеуі тиіс, ол мәдениетке сай емес дейді курс авторлары.

 

Дәрісте Ресейдің зайырлы ел екені айтылмақ. Ол бойынша қандай да бір діни ұстанымды ашық насихаттамауға шақырады. Көшеде, қоғамдық орында діни рәсім орындап, құрбандық шалуға болмайтыны жайлы мәлімет беріледі. 

 

Ресей қоғамында әйел мен ердің құқығы тең екені, әйелдер қалауы бойынша киінетіні және әйелдің киіміне қарап түсінік қалыптаспау қажеттілігі көрсетілмек. Таныс емес адамдарға қол тигізуге, танымайтын адамның назарын аудару үшін көшеде ысқыруға, айғайлауға болмайтыны айтылады.

 

Дәрістің үшінші бөлігінде Ресей заңын бұзған азаматтарға қандай жаза қолданылатыны айтылады. Оның ішінде терроризм және экстремизм жайлы көбірек жазылмақ. Сонымен бірге, митингтер мен наразылық акцияларына қатыспау қажеттілігі көрсетіледі.

 

Төртінші бөлімде Ресей мен Орталық Азияның тарихына тоқталады. Онда ғасырлар бойы ОА мен Ресей арасында байланыс болғаны көрсетіледі. КСРО тарихы кеңінен айтылады. «Кеңес билігі Орталық Азияның дамуына көп үлес қосқаны жазылады» дейді авторлар.

 

Аталмыш курс 2023 жылы дайын болған. Пилоттық жоба ретінде Калининград, Мәскеу, Перм, Краснодар аймақтарында қолданылды. Ендігі таңда жаппай Ресейде қолданысқа енуі мүмкін.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар