Ғағауыздың бұрынғы басшысы Влах билікке ұмтылуда: Молдовада дүрбелең бола ма?

Ғағауызияның бұрынғы басшысы, қазіргі таңдағы «Молдова» платформасының төрайымы Ирина Влах күзде өтетін Молдова президенттігіне сайлауға түспек.


Экс-башкан Гагаузии Ирина Влах запускает общественную ассоциацию «Платформа  Молдова»: «Это общественно-политический проект» | Ziarul de Gardă RUS

 

Мен осы бір саяси науқанға нақты міндеттерді орындау үшін қатыспақпын. Молдованың жаңа президенті бейбітшіліктің кепілі болады. Біздің бейбітшілігімізге ешқандай қауіп төнбеген сәтте, біз ішіміздегі өзге мәселелерді бірінен соң бірін шеше бастаймыз», - дейді ол. Ол өзінің сайлауалды бағдарламасын әлеуметтік мәселелерді шешуге бағыттамақ.

 

Сарапшылар Влахты ресейшіл саясаткер санайды. 2015 жылы Ғағауызия башканы (басшысы) сайлауына ол тәуелсіз кандидат ретінде түскен болатын. Алайда оны сол сәтте Мәскеу ашық қолдады. Сайлау алдында ол МемДума төрағасы Нарышкин және Федерация Кеңесінің спикері Матвиенкомен кездесді. Ресей мен Ғағауызия арасындағы маңызды байланыс жайлы сөз қозғалды. Сайлаудағы ұрандарының бірі «Ресеймен бірге болу – біздің қолымыздан келеді» деп аталды. 2023 жылы Влах Ғағауызия басшылығынан кетіп, орнына ресейшіл Гуцул отырды. 

 

Мандаты аяқталған сәтте Влах Молдова саясатынан кетпейтінін айтты. Ол автобиографиялық кітап жазып, әлеуметтік желісін жандандырды. Ол ЕО-ны демократия бесігі деп атай бастады және Ғағауызия барлық елмен тең дәрежеде байланыс жасау керектігін айтып, парақшасында жазбалар жазды. Ресей мен Украина соғысына қатысты ресми позициясын білдірген емес. Соғысты келісіммен аяқтау қажет дегенді айтуда. Соғыс басталған сәттен кейін, Ирина Влах Ресейге бірнеше мәрте сапарлап барды. 2023 жылы 16-19 мамырда Ресейде өткен «Россия – Исламский мир: KazanForum» атты форумға қатысты.

 

Молдовада президенттік сайлау 20-қазанда өтеді. Сол сәтте ЕО-ға қосылу бастамасына қатысты референдум да бірге өткізілмек. Президенттік сайлауға қазіргі президент Майя Санду да түспек. Ол ЕО-ға қосылуды қолдайды және Ресейден алшақтау саясатын жүргізуде.

 

Соңғы жылы Ресей мен Молдова арасындағы қарым-қатынас шиеленіскен күйде тұр. Молдова құрамындағы Ғағауызия басшысы Евгения Гуцул Мәскеумен байланысын арттырып, президент Сандуға қарсы мәлімдемелер жасауда. Сарапшылар ресейлік тарап Гуцул мен Влахты күздегі сайлауда Сандуға қарсы қолданып, Молдовада дүрбелең жасауы мүмкін деп топшылайды.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар