Бейжіңдегі басқосу: Палестина тәуелсіз мемлекет атана ма? Қазақстан не дейді?

Палестинаның түрлі саяси күштері «Құдысты азат ету ұйымы» (ҚАҰ) аясында біртұтас мемлекет құру үшін күш біріктіріп, келіссөздерді бастап кетті деген хабар әлем жұртшылығын бір елең еткізгені жасырын емес.

1721734312404120.jpg

(Коллаж: Mezgil.kz)

КЕЗДЕСУ ОРНЫ – БЕЙЖІҢ

Бейжіңде 14 палестиналық топ пен фракция өкілдері Иордан өзенінің батыс жағалауын басқаратын «ҚҚБ» аясында уақытша халық бірлігі үкіметін құруға келісті.

«Бейжіңдегі кездесуге қатысқан түрлі палестиналық күштердің өкілдері Палестинаны азат ету ұйымының (ҚАҰ) қамқорлығымен барлық топтар мен фракцияларды қамтитын ұлттық бірлік әкімшілігін құруға қол жеткізуге келісті», - деп хабарлайды қытайлық БАҚ.

Мұсылман әлемін қуантқан хабарламада: «Қатысушылар Палестина фракцияларының консенсусымен және Палестинаның негізгі Заңын басшылыққа ала отырып, президенттің шешімімен құрылатын болып келісті.

Сонымен қатар, қатысушылар Палестина мемлекетінің аумағындағы барлық палестиналық институттарды біріктіруге, Газа секторын қалпына келтіруге және таяу арада Орталық сайлау комиссиясының бақылауымен жалпыға ортақ сайлау  өткізу үшін жер дайындауға мақұлдасты», - делінген.

ПАЛЕСТИНА МЕМЛЕКЕТІН ҚҰРУҒА КІМДЕР КӨМЕКТЕСПЕК?

Тараптар мақұлдап, қабылдаған құжатта: «ҚАҰ – Палестина халқының жалғыз заңды өкілі», - деп аталды. Бірыңғай мемлекет құру мәселесінде Палестинаға көмек көрсете алатын елдер қатарында Қытай, Ресей, Мысыр және Алжир бар.

БІРТҰТАС ПАЛЕСТИНАНЫ ҚҰРУ ТУРАЛЫ ЖИЫНҒА КІМДЕР ҚАТЫСТЫ?

Бейжіңдегі алқа-қотан басқосуға барлығы 14 топ келіп қатысты. Олар: «ХАМАС», «Палестинаны ұлттық азат ету үшін қозғалыс» (ФАТХ), «Ислам жихады» (террористік топ болып танылған және Қазақстанда тыйым салынған), «Палестинаны азат ету халықтық майданы», «Палестинаны азат ету демократиялық майданы», «Палестина халықтық партиясы», «Палестина халықтық күрес майданы», «Палестина ұлттық бастамасы қозғалысы», «Халықтық майданның бас қолбасшылығы», «Палестина демократиялық одағы», «Палестинаны азат ету майданы», «Араб азат ету майданы», «Палестина-араб майданы» және «Халықтық азат ету соғысының авангарды».

Палестинадағы негізгі күштер – «ХАМАС» (Газа секторын басқарады) және «КҚБ» (Иордан өзенінің батыс жағалауын басқарады, оны ФАТХ құрды) болып табылады.

Олардың арасында 1980-жылдардан бері бөлініс жалғасуда, себебі ұйым күрестің лаңкестік әдістерінен бас тартып, Израильмен келіссөз жүргізді, ал «ХАМАС» қарулы күрес позициясында қалуды шешті.

«ХАМАС» пен «ФАТХ-ТЫҢ» ҚАҚТЫҒЫСЫ: БАС-БАСЫНА БИ БОЛҒАН ПАЛЕСТИНА

2007 жылы «ХАМАС» «ФАТХ-пен» қарулы қақтығыстан кейін, Газа секторында билікке келді. Қақтығыс 2006 жылы Палестина заң шығару кеңесіне («Рамаллада» орналасқан бір палаталы парламент) өткен сайлауда «ХАМАС» «ФАТХ-қа» қарағанда көп орын алғаннан кейін басталды. Соңғы сайлау нәтижелері мойындалған жоқ. «ФАТХ» жетекші рөлі бар ұлттық бірлік үкіметін құру мүмкін болмады. Ұрыс нәтижесінде «ХАМАС» «ФАТХ-ты» Газа секторынан ығыстырды.

Сөйткен, палестиналық фракциялар Бейжіңде «ҚАҰ» аясында бірігу мүмкіндігін талқылауда. «ФАТХ» Орталық комитеті хатшысының орынбасары Сабри Сайдам: «Палестиналық-израильдік қақтығыста палестиналық қатарлардың бірлігі мен израильдік оккупацияны тоқтату үшін бірлескен іс-қимылдарқажет», - деп мәлімдеді.

Қытай астанасында кеңейтілген кездесу өткізіп жатқан Палестина фракциялары сондай-ақ, анклавтағы ұрыс қимылдары аяқталғаннан кейін Газа секторын басқару жөніндегі бірлескен қызметтің перспективаларын талқылауда.

16 шілдеде «ХАМАС» саяси бюросының мүшесі Хусам Бадран қозғалыстың Қытай астанасындағы палестиналық фракциялардың кеңейтілген кеңесіне қатысу ниетін растап, алдағы келіссөздер «түрлі фракциялардың қатысуымен жан-жақты ұлттық кездесу» болып табылатынын, ал «екі жақты байланыстар жүргізу туралы уағдаластықтар [ФАТХ] жоқ екенін» атап өтті.

18 шілдеде «ХАМАС» «Құдысты азат ету ұйымынан» «Израильді тану туралы мәлімдемесін» кері қайтарып алуға шақырды. Радикалды қозғалыстың бұл үндеуі Израиль парламентінің (кнессеттің) Палестина мемлекетінің құрылуына қарсы өзінің «принципті ұстанымы» туралы декларацияны көпшілік дауыспен бекіткен шешімімен туындады.

Ослодағы келіссөздердің қорытындысы бойынша, 1990 жылдары «ҚҚБ» мен Израиль өзара мойындалды. Қол қойылған құжаттарға сәйкес, Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторының аумақтарында өзін-өзі басқару енгізілді. Атап айтқанда Палестина ұлттық әкімшілігі жоғары билік органы және Палестина заң шығару кеңесі құрылды, оған парламент өкілеттіктері берілді.

2007 жылы палестиналық ұйымдар арасында «ХАМАС» Газа секторында билікті басып алды. Ал Иорданның батыс жағалауын әлі күнге дейін «ҚАҰ» басқарады.

2024 жылдың наурыз және сәуір айларында түрлі палестиналық фракциялардың өкілдері Мәскеу мен Бейжіңде олардың арасындағы алшақтықты жою мақсатында келіссөздер жүргізді. Бірақ бұл кездесулер әлі айтарлықтай нәтиже бере алмады.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПОЗИЦИЯСЫ ҚАНДАЙ?

Қазақстан Палестина мемлекеті арасында дипломатиялық қатынастарын 1992-ші жылғы 6-шы сәуірде орнатты. 1993-ші жылдың маусымынан бері Палестинаның Қазақстандағы Елшілігі жұмыс жасайды және осы уақыт аралығында қазақ елі Құдыстың жеке мемлекетін құруын қолдаушы елдерінің бірі саналады.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар