Генерал Сырский: Мен Ресейді қалай жеңуге болатынын білемін! Аз қалды!

«The Guardian» басылымы Украинаның бас генералы Александр Сырскийдің сұхбатын жариялады. Сұхбат: «Ресейге қарсы күресті қалай жеңетінімізді білемін» деп аталады. Сонымен, генерал Сырский не дейді? Қысқаша шолу жасадық...

1721813734470082.jpg

(Сурет: rbc.ua)

Генерал-полковник Александр Сырский Украинаның таяудағы сәтсіздіктерін, 1945 жылдан бергі Еуропадағы ең ірі соғыстың бүгінде өзгеріп келе жатқан бейнесі жайлы сөз етеді.

Генерал Сырский өз сұхбатында орыстардың ресурстармен әлдеқайда жақсы қамтамасыз етілгенін мойындайды. «Техникаға келгенде 1:2 немесе 1:3 арақатынасы олардың пайдасына шешілуде», - деді Сырский.

Сырскийдің сөзінше, 2022 жылдан бастап соғыстағы ресейлік танктердің саны 1700-ден 3500-ге дейін өскен. Артиллериялық жүйелердің саны үш есеге, ал брондытранспортерлердің саны 4500-ден 8900-ге дейін артқан.

«Қарсыластың күші мен ресурстары жағынан айтарлықтай артықшылықтары бар. Сол үшін де, біз оларды жеңу үшін сапа мәселесін шын мәнінде бірінші орынға қоямыз», - деді Сырский.

Сырский: «Ресей агрессорлары көптеген бағыттар бойынша біздің позицияларымызға шабуыл жасауда. Ресейдің шабуылын тоқтатуға бола ма? Иә, әрине! Ең алдымен, бұл біздің батыл сарбаздарымызға, біздің офицерлерге байланысты. Қазірге дейін көбіне «табанды әрі батыл» украин бөлімшелері ірі күштерді жеңіп шығып отырды», - деді.

Осыған мысал ретінде, генерал Сырский Ресейдің Харьков және оған көрші Сум облысын басып алуға жасаған соңғы әрекеттерін келтірді.

«Ресейдің бұл шабуылдары сәтсіз болды. Ұрыс қимылдары жалғасты, бірақ Путиннің Ресей шекарасы мен Белгород облысының жанынан «қауіпсіздік дәлізін» құруға тырысқан әрекеті сәтсіз болды», - деді Сырский.

Жалпы алғанда, Сырский жақында орын алған сәтсіздіктерді Ресейдің қарқынды жеңістері емес, керісінше «тактикалық» - ірі қаланы басып алу сияқты «жедел» тегеуірінділік те емес, бар болғаны уақытша қол жеткізілген жергілікті жетістіктер деп сипаттады.

«Дұшпан ешқандай елеулі жетістікке қол жеткізген жоқ. Майданның ұзындығы 3700 км. Белсенді ұрыс қимылдары одан 977 км немесе Германия мен Франция арасындағы шекарадан екі есе ұзақтықта жүргізілді. Ал Ресейдің табысы адам қанын судай төгуімен байланысты. Кремльдің шығыны Украинадағыдан «үш есе» жоғары және белгілі бір бағыттарда «тіпті көп. Біз үшін сарбаздарымыздың өмірін сақтап қалу өте маңызды. Біз жау қиратқан жерлерімізді қасық қанымыз қалғанша қорғамаймыз», - деді Сырский.

Одан әрі генерал Сырский: «Ресейде «озық авиация» және «өте күшті» әуе шабуылына қарсы қорғаныс болды. Осыған байланысты Украина ұшқышсыз ұшу жүйелеріне жиі жүгінді», - деді.

«Біз дрондарды «өте тиімді» пайдаланып, «роботталған жер үсті жүйелерін» - оқ-дәрілерді жеткізетін немесе жараланған солдатты құтқаратын жерүсті роботтарын сынадық. Ұшқышсыз жүйелердің жаңа қолбасшылығы пайда болды. Біз санмен емес, сапамен күресеміз», - деген Сырский дрондардың «артиллерия сияқты үлкен рөл атқаратынын» айтты.

Оның айтуынша, Кремль украиналық шабуылдардан кейін Қырым портынан «толық кетуге» мәжбүр болған. Дрондар мен зымырандардың соққысы радарлар мен зымыран қондырғыларын жойды.

«Украинаның негізгі мақсаты оккупацияланған жартылай аралды Ресеймен жалғайтын Керчь автомобиль және темір жол өткелін жою болып табылады», - деді Украина әскерінің бас қолбасшысы.

Ол Киевтің Қырымды қайтару жоспары бар екенін айтты. «Бұл шынымен де мүмкін бе? Әрине! Бұл үлкен әскери құпия», - деді генерал.

Ол: «Біз 1991 жылы [Украина КСРО-дан тәуелсіздікке дауыс бергенде] халықаралық мойындалған шекараларға жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Біз жеңуге тиіспіз... зардап шегіп жатқан оккупацияланған аумақтардағы азаматтарымызды босату үшін. Мен жеңетінімізді білемін. Мен мұны қалай істеу керектігін білемін. Мен мұны істейтінімізге сенімдімін», - деді Сырский.

Сырский мобилизациясыз ол қажет жаңа резервтер мен бригадалар құра алмайтынын айтты, себебі Ресей өзінің құрлықтағы күштерін арттырды.

«Біз үшін Украинаның барлық азаматтары өздерінің конституциялық міндеттерін орындауы өте маңызды», - деді ол. Ол өз елінен тыс жерлерде тұратын украиндықтарды да қатысуға шақырды.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар