Ресейлік депутат: Ақшамызға Украинадан азат еткен қалаларды бейнелейік!

Ресей МемДумасының Ағартушылық комитетінің басшы орынбасары, депутат Яна Лантратова Ресей Орталық  Банк басшысы Эльвира Набиуллинаға хат жазды. Хатта Лантратова алдағы уақытта Орталық Банк шығаратын купюралар мен монеталарға Украинада қаза тапқан ресейлік сарбаздардың суреттері мен оккупациядағы украин қалаларын белгілеуді ұсынған.


Раде предлагают запретить российский рубль в Украине — Минфин

 

«Бұл купюралар, монеталар белгілі бір датаға арналып шығарылған және қолдану аясы тар ақша болмауы тиіс. Күнделікті өмірде әр ресейлік көріп, ұстап, түсінетін деңгейде, жаппай шығару маңызды. Осылайша біз қаза тапқан батырларды ұлықтап, азат етілген қалаларды халыққа ұғындырып, жастарға отаншылдық тәрбиесін сіңіре аламыз», - дейді Лантратова өз хатында.

 

Лантратова қандай купюрадан қай қала бейнеленуі тиістігін де ұсыныпты. Мысалы ол 50 рубльде басқыншылар қолына өткен Соледар қаласын, 100 рубльге Бахмутты, 200 рубльге Работино ауылын бейнелеу қажет дейді. Луганск қаласы 500 рубльде, Донецк қалашығы 1 мың рубльде, Авдеевка қалашығы 2 мың рубльде, ал Мариуполь қаласы 5 мың рубльдік купюрада болғаны абзал дейді.

 

«5 және 10 рубльдік монеталарда арнайы операцияда қаза тапқан ұлт батырларын бейнелеуге тиіспіз. Оған Ресей Федерациясының батыры атағын алған, ерлікпен қаза тапқандардың портреттерін орналастырайық», - дейді депутат. Ал  1 және 2 рубльдік монетаға ресейлік әскери техниканы салуды ұсынған.

 

Ресей билігі 2022 жылдың жазында 1 мың және 5 мыңдық банкноттарды өзгерту туралы шешім қабылдаған еді. 2023 жылдың күзінде Ресей Орталық банкі Қазандағы сарай шіркеуі бейнеленген купюраны шығарды. Алайда ол купюрада бейнеленген күмбезде крест бейнесі жоқ еді. Қоғам кресттің жоқтығын айтып, ызу-қызу талқы өтті. Дизайнды жасаушылар православие шіркеуі өкілдерінің қатаң сынына ұшырады. Орталық банк дизайнерлердің банкнотты қайта қарайтынын айтып, ресми мәлімдеме жасаған болатын.

 

Ендігі таңда, ресейлік депутат Лантратова банкноттарда Ресейдің агрессиясы мен оккупациясын бейнелеуді ұсынып отыр. Сарапшылар бұл ұсыныс қабылданатын болса, онда ресейлік валюта әлем бойынша құнын жоғалта бастайтынын айтуда. Себебі әлемде Ресейдің Украинадағы оккупациясын жақтайтын елдер өте аз, сәйкесінше ресейлік валютаны қабылдайтындар саны да азаюы мүмкін дейді мамандар.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар