Қазақстан Олимпиада ойындарында: Атлантадан Парижге дейін...

Қазақстан спортшылары КСРО командасының құрамында 1952-1980, 1988 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысты. КСРО тараған 1992 жылы ХОК туын көтеріп, ТМД елдерінің біріккен командасының құрамында қатысты.

1721916095515269.jpg

(Суреттер Википедиядан және olympic.kz сайттарынан алынды)

Тәуелсіздік жарияланғаннан және Қазақстан ҰОК танылғаннан кейін дербес команда ретінде әрекет етіп келеді.

Еліміз өз Тәуелсіздігін алған соң, біздің спортшыларымыз 7 рет жазғы Олимпиадаға қатысып, байрақты жарыста 71 медаль, соның ішінде 14 алтын, 21 күміс және 36 қола медальға қол жеткізді.

1721914481387307.jpg

(Суреттер Википедиядан және olympic.kz сайттарынан алынды)

АТЛАНТА-1996

Отандық спортшылар әлем біріншілігінде Атланта-1996-да тұңғыш рет бақ сынады. Жарысқа Тәуелсіз Қазақстан атынан 96 спортшы қатысып, ел байрағын желбіреткен атақты боксшы Ермахан Ибраимов қола медальмен елге оралды.  Қазақстан тарихындағы тұңғыш Олимпиадада боксшы Василий Жиров, грек-рим күресінің шебері Юрий Мельниченко және бессайысшы Александр Парыгин чемпион атанды. Балқаш жолбарысы лақабымен әуесқой бокс жанкүйерлеріне танымал болған Василий Жиров ең әбжіл боксшыға берілетін «Вэл Баркер» кубогына лайық деп танылды.

Сондай-ақ осы Олимпиадада Қазақстан спортшылары төрт күміс медаль жеңіп алды: Болат Жұмаділов - бокста; Сергей Беляев - жатып және үш позициядан винтовкамен атудан екі медаль; Анатолий Храпатый - ауыр атлетикада. Қола медаль: Владимир Вохмянин - тез ататын тапаншадан ату (25 м); Ермахан Ибрагимов, Болат Ниязымбетов - бокс; Мәулен Мамыров - еркін күрес.

1721914677526924.jpg

(Суреттер Википедиядан және olympic.kz сайттарынан алынды)

СИДНЕЙ-2000

2000 жылы Сиднейде, «Жасыл континентте» өткен XXVIII жазғы Олимпиада ойындарында 130 спортшымыз спорттың 17 түрінен бақ сынады. Нәтижесінде ресми емес жалпыкомандалық есепте 22-орынды иеленген қазақ спортшылары 3 алтын, 4 күміс медаль жеңіп алды.

Қазақстандық Бекзат Саттарханов, Ермахан Ибраимов және жеңіл атлет Ольга Шишигина 100 метрге кедергілермен жүгіруде бірінші болып чемпион атанды.

Синдейде 2000 жылы мынадай спортшылар елімізге күміс медальдар әкелді: Ислам Байрамуков - еркін күрес; Мұхтархан Ділдәбеков, Болат Жұмаділов - бокс; Александр Винокуров - велоспорт.

1721914832517373.jpg

(Суреттер Википедиядан және olympic.kz сайттарынан алынды)

АФИНА-2004

2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарының отанында 119 жерлесіміз спорттың 17 түрінен ел намысын қорғады. Сайыстың соңғы күні боксшы Бахтияр Артаев кубалық қарсыласын жеңіп, алтын медаль жеңіп, бүкіл елге ұмытылмас әсерлер сыйлады. Артаев отандық спорт тарихында екінші болып «Вэла Баркер» кубогын жеңіп алды.

Күміс: Геннадий Головкин - бокс; Георгий Цурцумия - грек-рим күресі; Геннадий Лалиев - еркін күрес; Сергей Филимонов - ауыр атлетика. Қола: Дмитрий Карпов - жеңіл атлетика; Мхитар Манукян - грек-рим күресі; Серік Елеуов - бокс.

1721915085906820.jpg

(Суреттер Википедиядан және olympic.kz сайттарынан алынды)

БЕЙЖІҢ-2008:

2008 жылы Қытайда өткен ХХІХ жазғы Олимпиада ойындарында біздің елдің намысын 22 спорт түрі бойынша 132 спортшы қорғады. Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте біріншілік қорытындысы бойынша 2 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль жеңіп алып, 30 ұлттық команданың қатарына енді.

Бейжіңде боксшы Бақыт Сәрсекбаев пен ауыр атлетика өкілі Алла Важенина алтынан алқа тақты.

Күміс медаль алғандар: Асхат Житкеев - дзюдо; Ольга Рыпакова - үш мәрте секіру; Нұрбақыт Теңізбаев - грек-рим күресі. Қазақстандық құраманың қоржынына қола: Арман Чилманов - тхэквондо; Марид Муталимов, Елена Шалыгина - еркін күрес; Еркебұлан Шыналиев - бокс.

1721915290124669.jpg

(Суреттер Википедиядан және olympic.kz сайттарынан алынды)

ЛОНДОН-2012

2012 жылы Қазақстанның 107 спортшысы «Тұманды Альбиондағы» Олимпиада ойындарына  спорттың 27 түрінен қатысты. Еліміздің әнұраны Лондон аспанында үш рет орындалып: Александр Винокуровтың, Ольга Рыпакованың және Серік Сәпиевтің жеңісті жолы мәңгілік спорт тарихымызға енді. Сәпиев болса, «Вэла Баркер» Кубогы иелерінің элиталық тізіміне енді.

Сондай-ақ боксер Әділбек Ниязымбетов күміс медаль алса, грек-рим күресінен Ақжүрек Таңатаров, Даниял Гаджиев, Гюзель Манюрова, бокстан Иван Дычко қола жүлдегерлер атанды.

1721915812503023.jpg

(Суреттер Википедиядан және olympic.kz сайттарынан алынды)

РИО-2016

2016 жылы жазғы Олимпиада Риода өтті. Бұл Олимпиадаға елімізден спорттың 17 түрінен 104 спортшымыз қатысып, жиыны 17 медаль (2 алтын, 5 күміс және 10 қола) жеңіп алды. Бокстан Данияр Елеусінов, жүзуден Дмитрий Баландин Рио Олимпиадасының чемпионы атанды.

2016 жылы күміс медаль: Гюзель Манюрова - күрес; Әділбек Ниязымбетов, Василий Левит - бокс; Жазира Жаппарқұл - ауыр атлетика; Елдос Сметов - дзюдо. Қола жүлдені: Фархад Харки, Карина Горичева, Александр Зайчиков - ауыр атлетика; Ольга Рыпакова - жеңіл атлетика; Эльмира Сыздықова, Екатерина Ларионова - күрес; Иван Дычко, Дариға Шәкімова - бокс; Галбадрахын Отгонцэцэг – дзюдо жеңіп алды.

1721916771755257.jpg

(Суреттер Википедиядан және olympic.kz сайттарынан алынды)

ТОКИО-2020:

2020 жылғы Олимпиада Жапон астанасында өтті. Бұл Олимпиада қазақ елі үшін Алтынсыз Олимпиада атанды. Күншығыс елінде Ұлтық құрамамыз сапындағы 93 спортшымыз 19 спорт түрінен бақ сынап 8 қола медаль жеңіп алды. Бұл ойындарда біздің жерлестеріміз жүлделер үшін сайысқа түсті.

Ұлттық құрама қоржынына күміс салғандар каратэшілер Дархан Асәділов мен Софья Берульцева, дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло, боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов, балуан Нұрислам Санаевтар болды.

ПАРИЖ-2024

Төрткүл дүние тағатсыздана күткен төртжылдықтың басты додасы - Париж Олимпиадасының басталуына 1 күн қалды. Қазақстан құрамасында спорттың 25 түрінен барлығы 93 лицензия (80 спортшы) иеленді. Ел үміті ақталады деп сенеміз! Mezgil.kz ақпараттық порталы аталған Олимпиададағы Қазақстан құрамасының жеңісті жолымен қазақ оқырмандарын уақытылы хабардар етіп отыратын болады.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар