Париждегі төрткіл дүние көз тіккен байрақты бәсеке әне-міне, басталады деп отырғанда Қазақстанда шу шықты. Шығарған теннисші – Елена Рыбакина.
(Коллаж: Mezgil.kz. Суреттер: ҚТФ, Әділ Абдырахманов)
ЕЛЕНА РЫБАКИНА ДЕГЕН КІМ?
Сонымен Елена кім? 25 жасар теннисші Мәскеуде дүниеге келіп, Ресей туын көтеріп, үлкен корттарда алғашқы жетістіктерге жетті. Ол жасөспірімдердің Үлкен шлем турнирлерінің жартылай финалына шықты, сондай-ақ Халықаралық теннис федерациясының (ITF) жұптық разрядтағы екі турнирін жеңіп алды.
2018 жылы Елена Қазақстан құрамасына көшті және осы елдің өкілі ретінде әлемдік биіктерді бағындыруды жалғастырды.
Қазіргі уақытта оның мансабының шыңы - Уимблдон-2022 жеңісі.
2023 жылы ол «Australian Open» финалына шықты, сондай-ақ «Ролан Гаррос» ширек финалында екі рет ойнады. Қазір Рыбакина Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингінде төртінші орында тұр.
РЫБАКИНА ҚАЗАҚСТАН ТУЫН БӨТЕНСІДІ МЕ?
Елена Рыбакина қазақстандықтарға ауырып қалғандығы туралы, сондай-ақ Олимпиада басталғанға дейін өзіне-өзі келе алмайтынын һәм спорттық бабында болмайтынын айтып арзуланды.
Қазақстан теннис федерациясының ресми сайтында жарияланған мәлімдемесінде: «Құрметті қазақстандықтар! Маған бұл туралы хабарлау қиын, бірақ өкінішке қарай, мен Париж Олимпиадасына қатыса алмаймын. Уимблдон турнирінен кейін мен асқынған бронхитпен ауырып, жаттығуларға қайта оралуға тырысқаныма қарамастан, менің ағзам әлі қалпына келе алмады. Дәрігерлер кортқа шығуға қатаң тыйым салды. Сіздің үмітіңізді ақтай алмайтыныма және Париждегі Олимпиадада біздің құрамада ойнай алмайтыныма өкінемін. Мен Токиодағы медальға өте жақын болдым және Қазақстан үшін алтын жеңіп алу үшін Париж ойындарына мұқият дайындалдым. Өкінішке қарай, ауру бұл жоспарларды жүзеге асыра алмады», - делінген.
Бірақ жұрт олай демейді. Оған себеп те жоқ емес! Қазақстан қоғамы Рыбакинаның Түркия курортындағы суретіне қарап оның қазақтар төлейтін 250 мың долларды қомсынып, әрі жарақат алып қалудан сақтанғандық деп санайды.
Қазақстан қоғамы «Еленаның да, қазақ паспорты бар көптеген легионерлер сияқты, Қазақстанға деген патриоттық сезімі жоқ» деп есептейді.
ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ НАРАЗЫЛЫҒЫ: ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ПІКІРЛЕРІНЕ ШОЛУ:
«Шынымды айтсам, одан медаль күттім. Нөл патриотизм және кәсібилік. Бірнеше рет жаздым және жалғастырамын. Отандық спортшыларды өсіру керек! Елдің намысын Қазақстанның нағыз азаматтары қорғауға тиіс! Легионерлерге ҚР паспортын бермеу керек!».
***
«Бәлкім, Кремльден қоңырау соғылған шығар! Сонда бәрі түсінікті, оларды қуып шығу керек. Біздің отанымызды қорғайтын легионерлер әрдайым осылай жасайды!».
***
«Ел үшін патриотизм болмағанда осындай кеп кешеміз! Оның Қазақстан төлқұжаты жалақы үшін ғана керек! Бәлкім, Олимпиада кезінде оған ақы төлеу ұнамайтын шығар! Егер Олимпиадаға жолдама Қазақстанда туған қазақстандықта болса, онда ол жүгіріп жүрсе де, өз туған елі үшін күресуге барар еді! Ең болмаса Қазақстан есебінен алған барлық ақшаға олимпиадалық медаль әкеле алар еді».
***
«Бір айдан кейін, ештеңе болмағандай, турнирде ақшаға ойнайды».
***
«Табыс табуға мүмкіндік алған ел ол үшін тек қалтасын қампитатын қамба сияқты! Осыдан кейін Ресейден келген көптеген легионерлер екі жүзді көзқарас танытса, таң қалмаймын. Спорт министрлігі Олимпиада ойындарындағы бассыздығы үшін спортшының азаматтығын қайтарып алуы тиіс, ҚР теннисі федерациясы бұдан кейін кімге мүмкіндік беретінін қатысты қорытынды жасауы тиіс!».
Түйін: Елена Рыбакина – феонмені қарапайым қазақты да, билік тізгінін ұстағандарды терең ойға қалдырды. Бұдан шығатын қорытынды өзгеге жалтақтамай өз спорт жұлдыздарымызды тәрбиелеуге ақша жұмсау. Еленаға кеткен қаржыға қанша қазақ дарынды спортшыларын дайындауға іргетас қалай алар едік. Амал не!?
Mezgil.kz