Ердоған қаһарланды: Израильге әскер кіргіземіз! Аббас, ешкімнен қорықпа!

Түнеугүні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жаһандық БАҚ пен саяси кеңістікті бір шулатты. Ол: «Біз Қарабақ пен Ливияға кіргендей (әскер кіргізгендей), Израильге де кіре аламыз. Мүмкін емес нәрсе жоқ», - деп сөйледі.

1722245044575955.jpg

(Коллаж: Mezgil.kz)

ЕРДОҒАН: ПАЛЕСТИНАНЫ ҚОРҒАУ ҮШІН ИЗРАИЛЬГЕ ӘСКЕР КІРГІЗЕМІЗ!

Түркия президенті Ердоғанның сөздерін «Halk» телеарнасы былай деп келтіреді: «Біз Қарабаққа кіргеніміз секілді, Ливияға кіргеніміз секілді Израильге де әскер кіргізе аламыз! Мүмкін емес ештеңе жоқ. Бізге осы қадамды жасау үшін күшті болуымыз керек», - деді Ердоған.

ӘЗЕРБАЙЖАН МЕН ЛИВИЯДАҒЫ ТҮРІК ӘСКЕРІ ҺӘМ ИЗРАИЛЬГЕ СЕС!

Осылайша, Ердоған Палестинаны кез келген жолмен қолдауға дайын екенін тағы бір рет мәлімдеді.

2020 жылғы Қарабақ соғысынан кейін Қарабақтағы Әзербайжан мен Армения және армян сепаратистері тарапынан әскери іс-қимылдар мен оқ атуды болдырмау мақсатында «Ресей-Түркия» бірлескен мониторинг орталығы құрылғаны белгілі.

2021 жылдың қаңтарында Түркия парламенті осы бітімгерлік миссияға барған Түркия әскерін Әзербайжан жерінде тағы бір жылға қалдыру туралы шешім қабылдаған.

Ал 2023 жылдың қарашасында Түркия парламенті Ливиядағы түрік әскери миссиясын 24 айға, яғни тағы 2 жылға қалдыру туралы шешімді бекіткен. Ол жерде Түркия мен Үкімет арасында қол қойылған әскери ынтымақтастық туралы ұлттық келісім бар.

ЕРДОҒАН: ӘЙ, АББАС, ЕШКІМНЕН ҚОРЫҚПАЙ, БІЗГЕ КЕЛ!

Ердоған сондай-ақ, Палестина президенті Махмұд Аббастың жігерсіздігін сынап мәлімдеме жасады. Ренішін білдірді.

Түркия президенті Ердоған Палестина президенті Аббасты Түркия парламентіне шақырып, сөз сөйлеу құқығын ұсынған. Идея бойынша Нетаньяху АҚШ Конгрессінде баяндама жасап жатқан сәтте, Палестина басшысы Аббас Түркия парламентінде сөйлеп жатуы тиіс еді. Алайда Махмұд Аббас нақты жауап қатпай, келе алмаған.

«Әрине барлығын түсінемін. Біз Аббасты шақырдық, алайда ол нақты жауап бермеді. Аббас мырза ренжімесін, дей-тұра ол бізден кешірім сұрауы тиіс шығар. Палестинадағы бауырларымыз бен қарындастарымыздың сөзін сөйлеп, үнін әлемге естітіп жүрміз. Біздің парламент есігі әділдікті жақтайтындарға әрқашан ашық», – дейді Ердоған.

АББАС ЕРДОҒАННЫҢ АҚЫЛЫН ТЫҢДАДЫ!

Палестина көшбасшысы Ердоғанның сынына құлақ асты. Палестина көшбасшысы Махмуд Аббас Түркия парламентінде сөз сөйлеуге ниетті, деп мәлімдеді Анкарадағы автономия елшісі Фаед Мустафа.

Дипломаттың айтуынша, Палестина басшысы Түркия парламентінің спикері Нуман Күртұлмуштан ресми шақыру алды. Қазіргі уақытта дипломатиялық арналар арқылы Аббастың сөз сөйлеу күнін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар