Иран - жойқын соққы жасаймыз. Израиль - бірінші шабуылға шығайық!

Израиль билігі Иран тарапынан жасалуы ықтимал шабуылға дайындалуда. WSJ басылымы Иран билігіне араб елдері дипломатиялық арналар арқылы Израильге шабуылды жасамауға кеңес бергенін жазды, алайда Тегеран ұсыныстан бас тартқан. «Иран ықтимал соққының жағдайды шиеленістіретінін біледі, алайда жауап беруге шешім қабылдады» дейді басылым.


Новая война. Иран напал на Израиль и атаковал его БпЛА

 

Аятолла Али Хаменеи «Израильді қатаң жаза күтіп тұрғанын» айтты. Тегеран 2024 жылдың 13-сәуірінде Израиль аумағын атқылаған болатын. Алайда нақты нәтижеге қол жеткізе алмады және шабуылды «күш көрсету сипаты» деп атады. Иран көктемгі шабуылда 350 жуық зымыран мен дронды қолданды. Зымырандар мен дрондардың басым көпшілігін Израильдің әуе қорғаныс жүйелері мен аймақтағы АҚШ, Ұлыбритания ұшақтары әуеде қағып түсірді. Иордания ұшақтары да Иран тарапынан болған шабуылды тойтаруға қатысты.

 

Сарапшылар бұл жолы Иранның шабуылы басқа сипатта болуы мүмкін екенін айтады. Шабуылға Иранның зымыран күштері мен дрондар әскерінен бөлек, аймақтағы проксилері де белсенді түрде қатысуы ықтимал деп топшылауда.

 

Ұлыбритания барлау қызметі: «Иран жерінен дрондар мен зымырандар Израильге қарай бағыт алатын болады. Сол сәтте Израильдің әуе қорғаныс жүйесінің зымырандарын сарқылту мақсатында «Хезболла» мен Ирак жеріндегі Иран проксилері Израильге зымыран, дрон ата бастайды. Шабуылға хуситтер де қосылуы ықтимал. Комбинациялық шабуылдың нәтижесінде Иран Израильдің әуе қорғанысынан өтуге тырысады және бірнеше маңызды нысанға тиюді ойлайды. Мұндай шабуыл Израильдің әуе қорғаныс жүйесіне айтарлықтай салмақ салады. Солтүстік шекарада Ливан аумағынан шекараны минометпен атқылау көріністері де болуы ықтимал. Қалай болғанда да, бұл жолы Иранның шабуылы көктемгі нәтижесіз соққыдан әлдеқайда қуатты болуы ықтимал», - дейді.

 

Шабуыл алдында әлем елдері Ливаннан, Израильден және Ираннан өз азаматтарын кетуге шақыруда. АҚШ, Түркия, Ұлыбритания, Швеция, Франция, Канада, Иордания өз азаматтарын дереу Ливаннан кетуге шақырды. Бейрут әуежайында халықаралық рейстер уақытша тоқтатылуда. Ұшақ билеттері бірнеше есе қымбаттаған.

 

Израиль тарапы Ираннан соққыны күтпей, бірінші болып шабуылға шығуы мүмкін. Бұл туралы Ynet ақпараттық порталы жазды. Тамыздың 4-күні Израиль премьері Нетаньяху арнайы қызмет басшылары мен әскери қолбасшыларды жинап, Иран тарапынан болуы мүмкін шабуыл сценарийін және оған қарсы жауапты талқылады.

 

Жиынға қорғаныс министрі Йоав Галант, Израиль әскерінің Бас штаб қолбасшысы Герц Халеви, «Моссад» басшысы Давид Барнеа, Қарсы барлау қызметінің басшысы Ронен Бар қатысты. Жиын барысында маңызды шешім қабылданды. Тель-Авивтың қолына Тегеран тарапынан нақты шабуыл жасалатыны жайлы барлау қызметінің сенімді ақпараты түсетін болса, онда Израиль бірінші болып соққы жасамақ. Соққының мақсаты Иран тарапынан шабуылды болдырмау және жағдайды ушықтырмау дейді Ynet порталы.

 

NBC басылымы Израиль билігі Иран және оның проксилері тарапынан жасалатын шабуыл бірнеше күнге созылу мүмкіндігін болжағанын жазды. АҚШ барлау қызметі Иранның шабуылы 5-тамызда басталатынын болжауда. АҚШ-тың МемХатшысы Энтони Блинкен үш түрлі барлау қызметінен шабуылдың алдағы күндері болатыны жайлы ақпаратты алғанын мәлімдеді. Ал кей әскери сарапшылар Иранның Израильге шабуылы 12-13 тамызда болады деп болжауда. 

 

31-шілде күні Иран жерінде ХАМАС-тың саяси бюро басшысы Исмаил Хания өлтірілді. Тегеран шабуылдың артында Израиль тұрғанын айтып, қарсы соққы жасайтынын мәлімдеді. Израиль шабуылға қатысы бар-жоғын айтқан емес.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар