«Киевті 3 күнде «алудан», 3 облысты қорғауға дейін»: Кремль ҰҚШҰ-дан көмек сұрай ма?

Қазір әлем жұрты ызу-қызу талқылап жатқан тақырып – Украинаның Курскі және Белгород облыстарына жасап жатқан шабуылдары болып тұр.

1723536469465432.jpg

(Коллаж: Mezgil.kz)

Ресейдің әскери һәм саяси билігінің агрессиясына жауап ретінде Украина Ресейдің Курскі облысына әскермен кіріп, Суджа ауданында сойқан салып жатқалы бір аптаның жүзі болды. Украина әскербасы, генерал Александр Сырскийдің сөзінде Украина Курскі облысында Ресейдің 1000 шаршы шақырымға дейінгі аумағын өз бақылауына алған.

Ал Ресей дереккөздері Украинаның 28 елдімекенді өз бақылауын алғанын жазуда. Курскі облысындағы жағдайларға байланысты Кремль билігі 3 облыста: Курскі, Белгород және Брянскі облыстарында контр-террорлық режим жариялап, Курскінің шекаралық аудандарынан ұзын-саны 120 мыңға жуық адамды эвакуациялауға мәжбүр болды. Украинамен шектесетін Белгород облысында да жағдай мәз емес. Белгород облысының шекаралық Краснояружскі ауданы кеше толықтай жабылып, 15 мыңға жуық халық эвакуацияланды. Қазір бұл ауданда Украина рейдшілері мен Ресей әскері шасқас жүргізуде.

1723535906864772.jpg

(Сурет interfax.ru сайтынан алынды)

ПРЕЗИДЕНТ ПУТИН КУРСКІ ШАЙҚАСЫ ТУРАЛЫ НЕ ДЕЙДІ?

Ресей президенті Путин Украинаның Курскіге шабуылы туралы 3 кезек мәлімдеме жасаған.

Бірінші жолы: «Украинаның Ресей аумағына кіруі кең ауқымды арандату (провокация)»,- деген.

Екінші жолы Курскі облысының елдімекендерінен мәжбүрлі эвакуацияланғандарға 10 мың рубльден берілетіні туралы айтты.

Үшінші жолы: «Украина өзінің келіссөздерге дейінгі позициясын күшейту үшін Курскіге шабуылдады. Украина біздің шабуылымызды тоқтату үшін Курскіге соққы беруде. Киев Ресей халқының ішіне іріткі салып, елді дүрбелеңге әкелу үшін осы қадамға баруда және олар аяғына дейін солай жасайтын болады», - деп сөйледі. "

«Егер бүгін Брянскіде жағдай біршама тыныш болса, бұл ертең де солай болып қалады дегенді білдірмейді», - деп қосты Путин.

1723536015805070.jpg

(Сурет aa.com.tr сайтынан алынды)

ПРЕЗИДЕНТ ЗЕЛЕНСКИЙ КУРСКІ ШАЙҚАСЫ ТУРАЛЫ НЕ ДЕЙДІ?

Украина президенті Зеленский Курскіге шабуыл басталғалы-бері кеше алғаш рет ресми мәлімдеме жасады. Ол күн сайынғы кешкі үндеуінде:  «Путин билігі тұсында Ресейдің қалай қарай бет алғанын бәріміз көріп-біліп отырмыз. Осыдан 24 жыл бұрын «Курскі» катастрофасы болды. Бұл символикалық тұрғыдан Путин билігінің бастауы еді. Енді сол Курскі Путиннің ақыры болмақ! Курскі Путин соғысының финалы», - деді. Владимир Зеленский: «Курск операциясы Украина қауіпсіздігінің мәселесі. Себебі Украинаның Сумскі облысына шабуыл осы Курскіден жасалды»,- деді.

1723536106354626.jpg

(Сурет sputnik.kz сайтынан алынды)

ТАСМАҒАМБЕТОВ ТЫНЫШ ОТЫРА МА?

Осы тұсқа қазақ қоғамын алаңдатқан бір мәселе бар. Ол – Қазақстан мен Ресей бір әскери одақта. Украинаның «қанға – қан, жерге - жер» позициясын бек ұстанып, Ресей аумағына басып кіруі Кремль билігін ҰҚШҰ (ОДКБ) көмегіне жүгінуге мәрбүрлей ме деген басы ашық сауал.

ҰҚШҰ-ға Иманғали Тасмағамбетов Бас хатшы екені белгілі. Және «қасіретті қаңтарда» «ислам содырарлары елімізде болды» деген желеумен ҰҚШҰ әскері елімізге кіргені де кешегі тарих.

Ал Ресейдің Украинаға қарсы соғысы 2,5 жылдан асып, үшінші жылға бет алды. Ақырға аптада Украина Ресейдің екі бірдей облысын әлекке салуда. Сөзсіз, бұл Кремльдегі көп білгішке ҰҚШҰ күшін формалды түрде соғысқа араластыруға таптырмайтын мүмкіндік. Қазірдің өзінде қазақ-қырғыз ақпарат кеңістігінде Ресей тарапынан Тасмағамбетовке жасалған қайрылулар туралы сөз шыға бастады.

Мысалы: «Иманғали Тасмағамбетов формулировкалармен ойнауға мәжбүр. Әзірге ол Ресей соғыс емес, арнайы әскери операция терминін қолданатындықтан және Украина Ресей аумағына ресми түрде соғыс жариялап кірмегендіктен, ҰҚШҰ күштерін түрлі айла-шарғымен араластырмау мәселесін оңды реттеп отыр» - деп жазады «Dala inside».

Десе де, Ресей Думасы мен Кремль төңірігенідегі көп шендінің басына не кіріп, не шығып жатқанын болжап білу мүмкін емес. Егер ҰҚШҰ көмегіне жүгінуге мәжбүрлоік туа қалса, себеп те, сылтау да әп-сәтте табыла қалары анық.

ҰҚШҰ-ға қазақ қоғамы наразы. Бұл қазаққа керегі жоқ әскери бірлестік екені сна рет айтылды. Тіпті ҰҚШҰ-дан шығу туралы арнайы петиция да жарияланғаны факт. Ол құрылғалы-бергі уақытта өз-өзін біртұтас әскери құрылым ретінде дәлелдей алмаған, тіпті ҰҚШҰ ішіндегі территориялық қақтығыстар кезінде дәрменсіздік танытқан өлі бірлестік. ҰҚШҰ әзірге тек Қазақстандағы «қанды қаңтар» кезінде ғана қолданылды. Ауған соғысынан сабақ алмаған Ресей қазір шынымен жалғыз қалды. Және ҰҚШҰ өзінің соңғы ақтық демін алу үстінде.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар