Курск майданы: Не болып жатыр?

Украина әскерінің Курсктегі алға жылжуы жалғасуда. Соғысты зерттеу институтының (ISW) мәліметінше Ресей мен Украина Курск аймағындағы шайқастарға жаңа әскери күштерді аттандыруда. Ресей Курск облысын қорғау үшін оккупациядағы Харьков және Запорож бағытынан, Калининградтан әскер аттандырып жатыр. Украина Курскпен шекаралас жатқан Сум облысына қосымша әскери күшті топтастыруда.


Раненный при обстреле ВСУ житель Курской области умер в больнице

 

Ресей әскері Курсктегі майдан шебінен 10-15 шақырым қашықтықта жаңа қорғаныс шептерін салуда. Спутниктік түсірілімдер Ресей әскерінің бронды техниканы тоқтататын айдаһар тістерін қойып, окоп қазып жатқанын көрсетті.

 

Украина әскері Курск облысының батысында Слободка-Ивановка, Тёткино, Гордеевка, Успеновка және Викторовка ауылдары маңында шабуылға шығып, алға жылжи білген. Шабуыл барысында Украина Слободка-Ивановка, Успеновка және Викторовка елді-мекендерін басып алса, Снагость пен Кремяное ауылдары үшін қиян-кескі шайқастар болуда. Украиа әскері Коренево елді-мекеніне жақын маңда тұр. Кореневоны ұрыссыз алу үшін қалашықты екі қапталдан айналып өтіп, қоршауға алуға тырысуда. Қалашықта ұрыс қимылдарына дейін 6 мың тұрғын болған. Қазіргі сәтте қалашық халқы эвакуацияланды.

 

Коренево қалашығын басып алса, Украина әскеріне Курчатов қалашығына жол ашылады және АЭС-ке шынайы қауіп төнуі мүмкін. Дей-тұра Украина әскері үшін бұл оңайға соқпайды және Ресей әскері бұл бағытта бірқатар қорғаныс шебін түзіп үлгерген.

 

Дүйсенбі күні Украина әскері Псел өзенінен өтіп, Гуево ауылын басып алды. Аталмыш ауыл Суджа қаласының шығысында орналасқан. Ресейлік әскери сарапшылар Украина әскері бетпе-бет ұрысқа түсу тактикасынан бас тартып, қарсыластың позициясын қапталдар арқылы айналып өтіп, қоршауға алу әдісін кеңірек қолдануда дейді. Бұл тактика шығынды азайтып, тұтқындар санының көп болуына ықпал етуде.

 

Курск облысының губернаторы Алексей Смирнов Ресей президенті Владимир Путинге 28 елді-мекеннің Украина әскерінің бақылауына өткенін айтты. Ұрыс шебінің ұзындығы 40 шақырымға созылып, Украина әскері Ресей аумағына 12 шақырымға дейін енгенін жеткізді. Соғыс қимылдарына байланысты 180 мыңға жуық адамды эвакуациялауға тиіспіз, қазір 121 мыңын эвакуацияладық дейді. Алайда Украина әскері басып алған кей елді-мекен шекарадан 25 шақырым қашықтықта орналасқан.

 

Белгород облысының шекаралас аймақтары да елді-мекен тұрғындарын ерікті негізде эвакуациялануға шақырды. Облыс губернаторы Вячеслав Гладковтың сөзінше Шебекино қаласының 70 пайыз тұрғыны қаладан кетуге мәжбүр болған.

 

«Ахмат» жасағының қолбасшысы, генерал-майор Апти Алаудинов Суджа қаласы Ресей әскерінің қолында екенін мәлімдеді. Дей-тұра оның сөзі үлкен күмән туындатты. Себебі Украина арналары Суджа қаласының украин әскерінің қолына өткенін дәлелдейтін видеоларды жариялады.

 

Әскери сарапшылар Украина мен Ресейдің Курсктегі шайқастары бірнеше айға созылуы мүмкін деп санайды. Ал Киевтің мақсаты Ресейдің жерін иемдену емес, оккупациядағы жеріне алмастыру екенін жазуда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар