Жаңа әскери одақ: Қазақстан Ресейсіз әскери одақ құрмақ па?

Орталық Азия төңiрегiнде сақталып отырған күрделi әскери-саяси ахуал жағдайында «қорғаныс саясаты мен қауiпсiздiк саласындағы кооперация қажеттiлiгi» туындайды. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Казахстанская правда» басылымында жарияланған мақаласында жазды.

1723796424305387.jpg

(Коллаж: Mezgil.kz)

Тоқаевтың айтуынша, өңірлік қауіпсіздік архитектурасын құру, оның ішінде Орталық Азия үшін қауіпсіздік қатерлерінің каталогын әзірлеу және олардың алдын алу шараларын қабылдау арқылы жасау аса өзекті мәселе болып табылады.

Тоқаев Орталық Азия мемлекеттерінің негізгі басымдықтары - бұл бөлінбейтін қауіпсіздік кеңістігін қалыптастыру, болжалды қатерлермен бірлесе күресу үшін түйінді мәселелерді шешудің кешенді тәсілдерін іздеу, осы салада БҰҰ-мен және басқа да халықаралық, өңірлік ұйымдармен белсенді өзара іс-қимыл жасау екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, ол жаһандық геосаяси турбуленттілік жағдайында өңірде сенім мен ортақ бөлінбес қауіпсіздік кеңістігі қалыптасқанын, кооперацияға кедергі келтіретін кедергілер жойылғанын, ынтымақтастықты неғұрлым жоғары деңгейде жүргізудің іргетас қаланғанын атап өтті.

Қазақстан Қырғызстанмен, Тәжікстанмен, Өзбекстанмен одақтастық қарым-қатынас орнатып, Түрікменстанмен стратегиялық серіктестікті кеңейтуде. Және осы елдердің арасындағы өзара қарым-қатынастар қазірдің өзінде терең стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейіне көтерілді.

Ресей: Қазақстан бізге қарсы әскери одақ құрмақ...

1723795025229609.jpg

(Сурет википедиядан алынды)

Тап осы мақалаға қатысты Ресей БАҚ:

«Қазақстан – Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Беларусь және Ресеймен қатар ҰҚШҰ құрамында. Айтпақшы, дәл осы ҰҚШҰ Токаевты 2022 жылдың қаңтарында, Қазақстанда төңкеріс әрекетінің алдын алған кезде құтқарған болатын. Үндеуге үн қатқан Ресей мен блоктың басқа да қатысушылары тез арада елдегі тәртіпті қалпына келтіре алды.

Енді Тоқаевқа жаңа қорғаныс одағы керек болып отыр. Оның Қытайға немесе Түркияға қарсы болуы екіталай. Ресей қорғаныс министрі Андрей Белоусов маусым айында ҰҚШҰ қорғаныс министрлерінің кездесуінде Қазақстанның екі орындықта мәңгі отыра алмайтынын және НАТО мен ҰҚШҰ арасында таңдау жасауға тура келетінін айтқан болатын», - деп қара аспанды төндіруге кірісті.

«Кімге қарсы дос болғысы келеді? Олардың кімге қарсы ынтымақтасатыны түсінікті», - деп жазды ресейлік саясаткер Олег Царев. Әрі қарай: «Ресейге осындай «сенімді» одақтастар керек пе - риторикалық сауал көкеймізге тіреледі», - деп сөйледі. Ресейдің бұл сәуегейлері қазақты бұрынғыдай айтқанына жүргізіп, құлдай жұмсамақ құлықта. Бірақ оның дәурені өтіп кеткенін мойындамайды.

Иә, әлем бір кездері ОА-ны ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған Ресейдің ойлағанынан мүлдем бөлек. Қазақстан кіммен әскери одақ құру керектігін өзі біледі.

1723795188815468.jpg

(Сурет aa.com.tr сайтынан алынды)

Әскери ынтымақтастық: Қазақстан мен Түркия

Қазақстан президенті Тоқаев қайсыбір жолы  Түркияға жасаған мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Түркияның Қорғаныс министрлері жеке жолыққан. Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты әскери ынтымақтастықты реттейтін бірқатар құжаттарға қол қойылды. Ал келісімнің өзінде қол қойған елдердің ұлттық қауіпсіздігі туралы тармақтар бар.

«Егер тараптардың бірі әскери мүлік пен персонал транзиті осы келісімнің ережелеріне сәйкес келмейді немесе тараптар мемлекеттерінің ұлттық қауіпсіздігіне немесе тараптар мемлекеттерінің заңнамасында айқындалған басқа да мәселелерге қатер төндіреді деп шешсе, ол транзитке кез келген рұқсатты қабылдамау, сондай-ақ бұрын берілген транзитке рұқсаттарды тоқтата тұру немесе күшін жою құқығын сақтайды», - делінген келісім жобасында.

Келісімде ақпараттық қауіпсіздік туралы айтылады.

«Тараптар осы келісім шеңберінде алынған немесе ұсынылған ақпаратты қорғауды тараптар мемлекеттерінің заңнамасына және 2018 жылғы 13 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы әскери саладағы құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімге сәйкес қамтамасыз етеді. Ақпаратты беруші тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз ақпаратты ашуға немесе үшінші тарапқа беруге болмайды», - делінген құжатта.

Ал биыл 13 тамызда «Ашық Үкімет» порталында Қорғаныс министрлігі ұсынған Қазақстан мен Түркия арасында жаңа келісімге қол қою туралы Үкімет қаулысының жобасы пайда болды. Бұл келісім екі елдің әуе кеңістігі арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитіне қатысты. Яғни, Қазақстан мен Түркия бір-бірінің әскери авиациясына өз әуе кеңістіктерін еш кедергісіз пайдалануға рұқсат беру жайын талқылап жатыр.

1723795287198553.jpg

(Сурет qazaqgreen.com сайтынан алынды)

Әскери ынтымақтастық: Қазақстан мен Франция

Естеріңізге сала кетейік, соңғы жылдары Франция Қазақстан тарабымен Каспийдегі әскери-теңіз саласында белсенді ынтымақтасып келеді.

2017 жылғы көктемде Каспий теңізінің акваториясында минаға қарсы қорғаныс жүйелерін өндірушілер арасында әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатын «ECA Group» француз компаниясы «UMIS» (Unmanned Mine Counter Measure Integrated System) интеграцияланған минаға қарсы жүйесін табысты сынақтан өткізді.

Анықтама үшін: «UMIS» жүйесі A9 автономды суасты аппараттарынан тұрады («Алистер 9»), K-STER I (Identification) бiрдейлендiру және миналарды залалсыздандыру аппараттары K-STER C (Charge), сондай-ақ интеграцияланған бағдарламалық жасақтамамен бір көп функциялы басқару пульті, UMIS жүйесі минаға қарсы қорғаныс операциялары үшін тиімді шешім болып табылады және теңіз түбін бастапқы шолудан, нысанды табудан және саралаудан бастап түпкілікті сәйкестендіру мен бейтараптандыруға дейінгі функциялардың толық спектрін қамтамасыз етеді.

Жоғары шешімді ГАС және А9 бейнекамерасымен жабдықталған аппараттар, сондай-ақ K-STER I сәйкестендіру аппараттары Қазақстан ӘТК-не минасыздандыру міндеттерін орындаудан басқа, барлау жүргізуге және іздестіру-құтқару операцияларын жүргізуге мүмкіндік береді.

«France24» мәліметінше, Елисей сарайы, сондай-ақ, Франция «ел егемендігін нығайту» мақсатында Қазақстанға «Ground Master 400» әуе шабуылына қарсы қорғаныс радарлық жүйелерін жеткізетін болады.

«Ground Master 400» радиолокациялық станциясы - әртүрлі биіктіктегі, тіпті шағын ұшқышсыз ұшу аппараттарына дейінгі мақсаттарды анықтауды қамтамасыз ететін кең радиусты зениттік радар.

1723795357476830.jpg

(Сурет dknews.kz сайтынан алынды)

Әскери ынтымақтастық: Қазақстан мен Қытай

Қытай Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне әскери альянс ұсынды.  ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстан көшбасшыларымен кездесу өткізіп, ынтымақтастықты, оның ішінде қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді ұсынды.

Си Цзиньпин Қытай ОА елдерінің қорғаныс қабілетін нығайтуға, олардың сыртқы және ішкі қауіпсіздігін арттыруға және өңірде бейбітшілікті қамтамасыз етуге дайын екенін мәлімдеді. Осы мақсатта «ізгі ниет қадамы» ретінде Си жолдастың иығынан 26 миллиард юань беруге уәде берді. 3,6 миллиард доллар.

Түйін: Қазақстан әскери әріптестік саласында көп векторлылық жолынан айнымауы, әскери ынтымақтастықты, әскери саладағы алыс-берісті әртараптандыру керек-ақ. Жоғарыдағы келісімдер мен келіссөздер Орталық Азияның, соның ішінде Қазақстанның Ресейдіз де әскери әріптестікті түрліше жүргізе алатынын аңғартады.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар