Соғыс: Курск шайқасы, Донбасс бағыты, Ресей елшісінің мәлімдемесі...

Bloomberg басылымы Ресейдің Қорғаныс министрлігі өкілдеріне сүйене отырып, Курсктегі шайқастарға байланысты Ресей әскерінің бір бөлігін Донбасстан шығармайтынын анықтады. Ресей билігі Донецк бағытындағы шабуылдарды үдетуге шешім қабылдаған. Украина әскері Курскке екпіндей кірсе де, Мәскеу негізгі бағыт ретінде Донбассты толық жаулап алуға бет бұрған дейді басылым мақаласында.


Как может закончиться война России в Украине?

 

Американың соғысты зерттеу институты (ISW) Ресейдің бірнеше әскери бөлімшені Украинаның шығысы мен оңтүстігінен әкетіп, Курскке аттандырғанын анықтады. Алайда аталмыш әскери бөлімшелер Украина жеріндегі күш қатынасын өзгерте алмайды. Себебі олар ұрысқа қатыспаған және жасақталу үстіндегі бөлімшелер болатын.

 

Сарапшы Ян Матвеевтің пікірінше, Курск аймағын қайтару үшін Ресейге 40-50 мың сарбаз бен мыңдаған әскери техника қажет. Ресей билігі бұл міндетті шешу үшін күзгі және көктемгі шақырылым сарбаздарын қолдануы мүмкін. Бейресми дереккөздер Ресей билігі кезекті мобилизацияны жариялауға дайын екенін жазуда.

 

Украина әскері Курск аймағына 6-тамызда басып кірді. Украинаның Бас қолбасшысы  Александр Сырский 20-тамызда Украинаның бақылауына 1260 шаршы шақырым немесе 93 елді-мекен өткенін айтты. Сырскийдің мәліметінше Украина жасақтары кей бағытта Ресейге 35 шақырым ішкері кіріп үлгерген.  

 

9-тамыздан бастап Белгород, Брянск, Курск облыстарында антитеррор режимі енгізілді. Қазіргі сәтте ұрыс қимылдары өрбіген аумақта мектеп, университет қашықтықтан оқу формасына ауысқан. Өзге аймаққа эвакуацияланғандар арасында 3,5 мың оқушы бар. Оларды Ресей билігі уақытша өзге мектептерге орналастыру шешімін қабылдаған.

 

АҚШ-тағы Ресейдің елшісі Анатолий Антонов тілшілер сұрағына жауап беріп, Ресейдің Украинаға жауабы қатаң болатынын айтты. Ол былай дейді: «Мен білгенімді айтайын, президент шешім қабылдап қойды. Курск облысындағы жағдайларға байланысты қарсы тарап қатаң жаза алатын болады. Оған толық сенімдімін», - дейді.

 

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Курсктегі жағдайға байланысты жиын өткізіп, Украинаға қатаң жауап болатынын ескерткен-ді.

 

АҚШ Украинаның тәуелсіздік күніне орай Ресей тарапы жойқын соққы жасауы мүмкін деп болжауда. 24-тамызда Украина тәуелсіздік күнін атап өтеді. Сарапшылар Ресей дәл осы күні Украина аумағын бұрын-соңды болмаған зымыран және дрон соққысына алуы мүмкін деп топшылайды.

 

Өз кезегінде Вашингтон Украинаның тәуелсіздік күніне орай құны 125 млн доллар болатын әскери көмек пакетін жариялады. Жаңа әскери пакетке Javelin, әуе қорғаныс жүйесінің зымырандары, HIMARS кешеніне арналған зымырандар, дрондарға қарсы жүйелер, оқ-дәрілер мен снарядтар (155 мм, 105 мм) кіреді.

 

Украина әскері қару-жарақты Курск облысына емес, Донецк бағытына жіберуі мүмкін. Ресей әскері Донбасстағы маңызды қалашық саналатын Покровск қаласына 10 шақырым жерге келді. Украина дереу арада қала қорғанысын күшейтіп, тұрғындарды эвакуациялауда. Донбасс бағытында Украина әскері қарсыластың қоршауына түспеу мақсатында бірнеше позицияда кері шегінген. Сарапшылар Ресейдің мақсаты жыл соңына дейін Донбассты толық басып алып, келіссөздерге көшу деп болжауда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар