Ресей дрондары шабуылдауда...Беларусьті!

Беларусь әскерилері алғаш рет ел аумағына өзге елдің камикадзе дрондары кіргенін растады. Бұған дейін Беларусь аумағына дрондардың кіргеніне қатысты ақпараттарды бірнеше мәрте тәуелсіз мониторинг орталықтары жариялаған болатын.


Иран признал поставки дронов России до начала спецоперации на Украине — РБК

 

«5-қыркүйектің түнінде Беларусь Республикасының әуе кеңістігін бұзып, ел шекарасына дрондардың кіруі анықталды», - дейді Әуе қорғаныс күштерінің қолбасшысы Сергей Фролов. Ол сөзін ары жалғап, былай деді: «Әуе кеңістігін бұзып кірген нысандарды жою шешімі қабылданды. Барлық нысан әуе қорғаныс жүйелерінің қырағы қызметінің арқасында жойылды», - деп баяндады.

 

Фролов Беларусь аумағына қай елдің дрондары кіргеніне қатысты түсініктеме берген жоқ. Тек тексеріс және сараптама жүргізіліп жатқанын айтты.

 

«Беларускі Гаюн» мониторинг жасау жобасы бірнеше дронның ел аумағына кіргеніне қатысты алғаш болып жазды. Онда Беларусь аумағына ресейлік Shahed дрондарының кіріп кеткені және оны Беларусь әуе қорғаныс жүйесі мен ұшақтары Гомель ауданында атып түсіргені айтылды.

 

Беларусь аумағына соңғы уақытта белгісіз дрондардың кіруі жиіледі. «Беларускі Гаюн» жобасының ақпаратынша 2024 жылдың жазында Беларусь әуе кеңстігіне кемі 4 мәрте ресейлік дрондар кірген. Салдарынан Минск үнемі ұшақтарды әуеге көтеруге мәжбүр болған.

 

16-шілде күні Shahed-131/136 дрондары Гомель аймағына кіргені анықталды. Артынша дронның бірі Украина шекарасынан 120 шақырым қашықтықта орналасқан Бобруйск қаласының маңында жарылған. Сарапшылар жарылыс қуатына байланысты Беларусь әуе кеңістігін бұзып кірген ресейлік камикадзе дрон екеніне сенімді.

 

Беларусь әуе кеңістігін ресейлік дрондардың бұзып кіргеніне қатысты Украина тарапы да мәлімдеме жасаумен келеді. Алайда ресми Минск пен Мәскеу бұл мәселеге қатысты әлі бірде-бір мәлімдеме жасап, түсініктеме берген емес.

 

Әскери сарапшылар ресейлік тарап камикадзе дрондарды Беларусь жері арқылы ұшырып, Украина әуе қорғаныс жүйесінен қорғану тактикасын пысықтауда деген ойда. Аталмыш маневрлар Минскпен келіспей іске асуы да мүмкін дейді олар. Тағы бір болжам бойынша Украинаның радиоэлектронды қорғаныс жүйелері ресейлік дрондарды бағытынан жаңылыстыруы мүмкін.

 

Беларусь президенті Лукашенко бірнеше мәрте Украина дрондары ел шекарасын бұзып кіргенін айтып, Киевке сес көрсеткен болатын. Алайда Беларусь басшысы ресейлік дрондарға қатысты пікір білдірген емес.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар