Гаага соты: Путин Милошевичтің тағдырын қайталайды!

Халықаралық қылмыстық сот прокуроры Кәрім Хан Ресей президенті Владимир Путиннің тұтқындалатын-тұтқындалмайтыны туралы пікір білдірді.

1725620787589706.jpg

ГААГА СОТЫ: ПУТИН МИЛОШЕВИЧТІҢ ТАҒДЫРЫН ҚАЙТАЛАЙДЫ!

«ВВС» тілшілері ХҚС прокуроры Кәрім Ханнан: «Владимир Путин Гаагадағы сот отырысында болатынына сенесіз бе», - деп сұрайды. Бұған Кәрім Хан бұрынғы Югославияны мысалға келтіріп жауап беріпті. Бүйдейді:

«Гаага трибуналы Милошевичті айтпағанның өзінде, бұрынғы Югославия бойынша Караджич пен Младичті тұтқындауға ордер беруді сұрағанда жұрт күлген. Сьерра-Леоненің арнайы соты бұрынғы президент Чарльз Тейлорды тұтқындауға ордер шығарған кезде солай болған. Бірақ тарих көрсеткендей, бұрын өз елінде де, өңірде де үлкен билікке ие болған бұл адамдар ақыры сот орындығына отырды», - деді ХҚС прокуроры Хан.

Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) прокуроры Кәрім Хан Ресей президенті Владимир Путинді тұтқындауға ордер беру туралы шешімнің қалай қабылданғанын айтыпты. Оның айтуынша, Ресейдің Украинаға басып кіруі басқа таңдау қалдырмаған. Шын мәнінде, ХҚС Путин Украинаға басып кіреді дегенге сенбеген.

«Бірақ Путин соғыс ашқанда, мен үшін барлығы түсінікті болды. Және тергеуді бастау керек деп шештім. Мен оқиға орнында болдым, сіз сонда болған жан түршігерлік оқиғаларды тірі куәгерлердің өз аузынан естісеңіз, бұлтартпас айғақтарды, үйінді-қирандыларды өз көзіңізбен көрсеңіз, оған қоса Владимир Путин мен [Мария] Львова-Белованың қызыл өтірікке құрылған сөздерін тыңдасаңыз, заң шеңберіндегі ең қатал шешімді қабылдар едіңіз», - дейді Кәрім хан.

СОҒЫСТЫ ТОҚТАТУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛ БАР. ОЛ ҚАНДАЙ ЖОЛ?

«Foreign Affairs» сарапшылары Украинадағы соғысты тоқтатудың жалғыз жолы барын айтады.

«Украинадағы соғыстың жалғасып жатқанына 2,5 жылдан аса уақыт өтті.  АҚШ Украинаны қолдау һәм Ресейді жазалау мен екінші жақта Батыстағы жағдайды ушықтырмаудың алтын ортасын іздеп келеді.

Путинді агрессиядан бас тартуға мәжбүрлеу – бос шаруа! Путин ешқашан өзінікінен қайтпайды! Сондықтан, Украинадағы соғысты тоқтатудың жалғыз жолы бар. Ол – Путиннің өлгенін немесе басқа жолмен биліктен қуылғанын күту», - дейді сарапшылар.

Сарапшы-публицист Питер Шредер: «Киев пен Батыс үшін қолайлы шарттармен соғысты тоқтатудың жалғыз мүмкін жолы – Путиннің орнына басқа біреу келгенін күту. Бұл арқылы Украинадағы алдыңғы шепті, санкциялық қысымды ұстап тұруға және қақтығыстардың деңгейін төмендетуге болады», - дейді.

Ал Путинді кім алмастыруы мүмкін? Бұл сұраққа сарапшылар бүйдеп жауап беріпті: «Қазір Кремль маңайында Путиннің бірде-бір шын бәсекелесі жоқ. Потенциалды екеуі болған. Путин олардан құтылды. Оппозиционер Алексей Навальный мен Евгений Пригожин өлді», - дейді.

Питер Шредер соғысты тоқтатудың екі ықтимал нұсқасын көреді: не Ресей оны жалғастыру мүмкіндігінен айырылады, не Путин биліктен кетуі керек.

Бұл туралы сіз не дейсіз?

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар