«Бақылау қырандары»: Референдумның әділ өтуіне әрбіріміз мүдделі болуымыз керек!

Бүгін Алматыда «Бақылау қырандары» бақылаушылар тобы баспасөз жиынын өткізді. Оған бақылаушылар тобының штаб жетекшілері қатысты.


WhatsApp Image 2024-09-18 at 14.35.17.jpeg

 

АЭС құрылысы жөніндегі референдум қарсаңында қоғамдық бастама негізінде еліміздегі бір топ саясаткерлер құрған «Бақылау қырандары» бақылаушылар тобы елімізде 6 қазанында өтетін ел ішілік электоралды процесс процедураларының қатаң сақталуын қамтамасыз ету үшін еліміздің бірқатар аймақтарындағы дауыс беру учаскелерінде бақылаушылық жасамақ.


Аумақтық бақылаушылар желісі өз жұмыстарын Алматы қаласындағы Орталық штаб пен еліміздің Астана, Шымкент, Түркістан, Жезқазған, Қызылорда, Талдықорған, Талғар және Қонаев қалаларында  орналасқан өңірлік штабтар арқылы жүргізбек.

 

Баспасөз жиынына «Бақылау қырандары» тобының бастамашысы, саясаттанушы Нұрболат Нышанбай, белгілі жазушы, журналист, қоғам қайраткері Бекнур Кисиков, журналист Исламбек Дастан мен саясаткер, журналист Нұргелді Әбдіғани қатысты.


Возможно, это изображение 1 человек и текст

 

Біздің мақсат бақылаушыларды оқыту, сайлау процесін бақылау!

 

Нұрболат Нышанбай, саясаттанушы:

– Елімізде 6 қазанда өтетін референдум азаматтардың жауапкершілігі мен саяси белсенділігінің артуына тікелей әсер етеді. Саясаттанушымын. Саяси процесстер мен үшін қызық. Қазір сіздер не үшін бақылаушыларды дайындағыңыз келеді? АЭС-ке көзқарасыңыз қалай деп сұрақ қойып жатырсыздар.

 

Бақылаушы дайындау сайлау процесін кеңінен түсінуге ықпал етеді ғой. Тәуелсіз бақылаушылардың дауыс беру пунктілерінде бақылаушылық жасауы дауыс берудің ашық, әділ өтуіне ықпал етеді. Бұл өз кезегінде азаматтық қоғамның дамуына, халықтың саналы түрде саяси процесстерге қатысуын және ел болашағына деген жауапкершілігін арттырады. Бұл бір.

 

Ал екінші сұраққа қатысты айтар болсам, мен АЭС-тің салынуын қолдаймын немесе қарсымын деп айта алмаймын. Өйткені бұл бақылаушыны дайындау, оқыту позицияма сәйкес келмейтін еді. Әрине, менің бұл сұраққа қатысты жеке позициям бар, алайда ол позициямды мен сол 6-қазан күні бюллетеньде белгілеймін. Ал бақылаушыларға өзіміздің қандай да бір көзқарасымызды тықпалап, үгіт-насихат жасамаймыз. Біздің миссия бақылаушыларды оқыту, үйрету, сайлау процесін бақылау.


Қазақстанда дауыс беру құқығына ие 11 миллионнан астам азамат бар. Әрбір азаматтың дауыс беру құқығы қоғам үшін маңызды, себебі бұл қоғамның пікірімен санасып, шешімдер қабылдауда маңызды рөл атқарады.

 

«Бақылау қырандары» тобының мақсаты айқын, референдум барысын заңнама талаптарына сай өтуін қадағалау. Әр азаматтың өз пікірін білдіріп, еркін таңдау жасау мүмкіндігі елімізде демократияның нығаюына, азаматтық қоғамның дамуына және халықтың белсенді саяси ұстанымын қалыптастыруға септігін тигізеді ғой.


Жастар кадрлық резерві үлкен серпіліс болады – Исламбек Дастан

 

Референдумның әділ әрі таза өтуіне әрбіріміз мүдделі болуымыз керек!

 

Исламбек Дастан, журналист:

– Мен журналист және қоғам белсендісі ретінде елімізде өткен осыған дейінгі сайлаулар мен референдумдарда бақылаушылық жасадым. Өзім өмір сүріп жатқан Жамбыл облысы аумағындағы сайлау науқандарында тәжірбие жинадым. Алда болатын АЭС құрылысына қатысты жалпыхалықтық референдум кезінде де «Бақылау қырандары» қатарына қосылып, өзім туған және өмір сүріп жатқан Жамбыл облысында бақылаушылық жасауды, бақылаушы болуға ниетті азаматтарды оқытып, үйретіп-даярлауға қатыспақпын.


Референдум сөзсіз – Қазақстан қоғамы үшін аса маңызды мәселе. Мұндай сәтте бүк түсіп, үйде жатуға болмайды. Референдум – мемлекет үшін маңызды мәселені шешердегі халық үніне құлақ аса отырып, шешім қабылдайтын демократиялық тәсіл десек, оның әділ әрі таза өтуіне әрбіріміз мүдделі болуымыз керек!

 

Бекнур Кисиков: Алматы достойно подготовился к избирательному процессу


Бұл жастар үшін үлкен тәжірбе болмақ!

 

Бекнұр Кисиков, жазушы:

– Сайлау процесі мен үшін тың тақырып емес. Бұрыннан бастап сайлау, референдумдарда бақылаушы болдым. Бақылаушыларды дайындадым. Оларды оқыту тәжірибем жеткілікті. Қазіргі сәтте саяси белсенділікке қатысты дәрістер оқып жүрмін. Көзінде оты жанып тұрған, талантты шәкірттерім жетерлік. Солардың бірі осы Нұрболат Нышанбай атты ініміз. Бақылаушыларды дайындауға, оқытуға қатысты бастама ұсынды. Әлбетте мен қос қолдап қолдадым. Өйткені жастар саяси белсенділік танытуда, сайлаудың заң талабына сай өтуіне үлесін қосқысы келеді, дауыс беруді бақылағысы келеді. Неге қолдамасқа? Сол себепті мен Нұрболаттың бастамасын қолдап отырмын. Қолымыздан келгенше ағалық ақыл-кеңесімізді, маман ретінде ұсыныстарымызды айтудамын. Бұл жастар үшін үлкен тәжірбе болмақ.


Нұргелді Әбдіғани: Өтпелі кезеңнен өткелі...

 

АЭС құрылысы бір адамның пәрменімен шешілмейтін, жалпыхалықтық мәселе!

 

Нұргелді Әбдіғани, саясаткер, журналист:

– АЭС құрылысы секілді Қазақстан үшін аса маңызды мәселе бір адамның «айттым – бітті, кестім - үзілді» деген сөзімен шешілмейді! Сол үшін де жалпыхалықтық референдум жарияланды. Ендеше, Қазақстанның сергек саналы әрбір азаматы референдумға барып, АЭС құрылысына қатысты өз позицияларын ашық білдіруі керек.

 

Қазақстан тәуелсіздік алған 33 жылдың ішінде бірнеше жолы референдум өтті. 1995 жылғы Ата Заңға өзгерту енгізуден басталған референдумның ең соңғысы Конституциялық реформалар жөніндегі референдум болды. Ал бұл жолғы референдумның мәні бөлек. Себебі, бұл жолы Қазақстан үшін тағдыршешті мәселе талқыға салынуда.

 

Ендеше, дауыс беруге құқылы Қазақстанның әрбір азаматы тәуелсіз бақылаушы болып қана қоймай, электоралды процесте дауыс бұрмалаушылықтарды болдырмауға үлес қосуы тиіс. Ол үшін еліміздің аумағында ресми тіркелген бірнеше бақылаушылық ұйымдар бар. Сондай тәуелсіз бақылаушылық жасайтын топтың бірі – «Бақылау қырандары» жуырда бақылаушыларды оқытып, даярлауға белсенді кіріскенін мәлімдеді. Біз де, Нұрболат Нышанбай бастаған жігіттердің жанынан табылып, алдағы электоралды процесске тәуелсіз бақылаушыларды даярлау ісіне араласпақпыз.


Mezgil.kz

 

 



Ұқсас тақырыптар