Қызыл теңіздегі қырғын: Ресей хуситтерге қандай зымыран бермек?

Ресей тарапы Иран арқылы құпия негізде хуситтерге кемелерге қарсы зымырандарды жеткізу бойынша келіссөз жүргізуде. Бұл туралы Reuters ақпараттық агенттігі жазды.


ВМФ России получил 55 ракет «Оникс» в 2019 году

 

Ақпарат көздері Ресейдің хуситтерге П-800 «Оникс» зымыранын беруі мүмкін екенін жазды. Зымыран 300 шақырымдағы нысандарды жоюға қабілетті. Бұл зымырандар Қызыл теңіздегі кемелерге хуситтер тарапынан төнетін қауіпті арттырар еді. Аймақтағы АҚШ пен Ұлыбританияның әскери кемелеріне де төнетін қауіп еселенетін болады.

 

Ресей билігі зымырандарды беру бойынша нақты шешім қабылдамаған. Дей-тұра келіссөздер жалғасуда және алдағы аптада Тегеранда кезекті келіссөз өтпек.

 

Сарапшылар Батыс елдері Украинаға берген зымырандарымен Ресейдің заңды аумағын атқылауға рұқсат етсе, Ресей жауап ретінде хуситтерге кемелерге қарсы зымырандарды жеткізуі мүмкін деп болжауда. Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин «Батыс елдері Украинаға қару беруді тоқтатпаса, онда Ресей Батысқа қарсы елдер мен күштерге қару жеткізуі мүмкін» деп сес көрсеткен болатын.

 

Reuters ақпараттық агенттігі «Яхонт» (П-800 «Оникс») зымыраны кемелерге қарсы қуатты зымыран екенін атап өтті. Жағалау күзеті үшін қолданылатын зымыранның бұл түрі жүздеген шақырым қашықтықтағы нысандарды жоюға қабілетті. Ресей әскері авиацияға және теңіз күштеріне арнап Оникстың екі түрін шығарған болатын. Сарапшылар хуситтердің зымыранды тек теңіздегі нысанды емес, сонымен бірге құрлықтағы нысанды да атуы мүмкін екенін айтуда. «Бұл Сауд Арабиясы үшін қауіпті болуы мүмкін» дейді олар.

 

Bloomberg басылымы хуситтер ресейлік зымыранмен ресейлік кемелерді де атқылауы ғажап емес дейді. Жыл басынан бері Қызыл теңіз аймағында хуситтер 83 кемеге шабуыл жасаған, оның ішінде 20 пайызы ресейлік порттардан шыққан кемелер саналады. Хуситтер шабуыл жасаған ресейлік кемелердің барлығы дерлік астық және мұнай тасыған танкерлер мен жүк кемелері болып шықты.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар