Өткен аптаның аяғындағы әлемдік ақпараттық һәм саяси кеңістіктің қызу талқысын тудырған тақырып – Ливандағы «Хезболла» жетекшісі Хасан Насралланың қаза табуы болды.
(Сурет ВВС сайтынан алынды)
Израиль армиясы Ливан аумағындағы «Хезболла» нысандарын бір аптаға жуық бомбалады. Ақырында жер астындағы бункерде жасырынған «Хезболла» лидері Хасан Насралланың көзі жойылды. Бұл ақпаратты Израиль тарабы да, «Хезболла» тарабы да ресми түрде растады.
АҚШ президенті Жо Байден бастаған әлемдік лидерлер аталған жағдайға қатысты пікір білдірді. Байден Насралла қазасын «әділетті жаза – әділетті өлім» деп мәлімдесе, Израиль Қорғаныс министрлігі: «Насралла – Израильдің ұлы дұшпандарының бірі болды», - деп мәлімдеді.
Ал Ресей мен Түркия биліктері Израильдің бұл операциясын айыптап мәлімдеме жасаса, Иран 5 күндік «Аза тұту күнін» жариялады.
НАСРАЛЛАНЫҢ КӨЗІН ЖОЮ ОПЕРАЦИЯСЫ: 8 ҚЫЗЫҚТЫ ФАКТ
«Хезболла» лидері Хасан Насралланың көзін жою операциясына қатысты бірнеше маңызды деректі Mezgil.kz оқырмандарының талқысмына ұсынғанды жөн санадық.
Бірінші: Израиль арнайы қызметі бірнеше айдан бері Насралланың орналасқан жерін біліп келген. Соққы жасайтын сәтті тосқан;
Екінші: Израиль Насралла мен «Хезболла» әскери басшылары орналасқан жерге ұзын-саны 80 бомба тастаған;
Үшінші: Израиль Насралланың тобындағы Иран агентінен оның қайда жүргені туралы ақпарат алған және сол күні Насралла қаза тапқан. 27 қыркүйекте Бейрутте Насралла, Иран генералы және «Хезболланың» 12 аға командирі бункерге жиналған. Олар бункерге жиналардан бұрын, сол маңда жерлеу рәсіміне қатысқан. Израиль барлау қызметі оларды басынан бақылап отырған. Израиль бункерге F-35 ұшақтарымен соққы жасаған.
Төртінші: 2006 жылғы соғыстан кейін Израиль арнайы қызметі барлау желісін құрып, кейін агенттер «Хезболланың» ішіне енген.
Бесінші: Насралланың қазасынан соң оның орнына Хашем Сафи ат-Дин «Хезболланы» тізгіндеген. Ол Насралланың аталас інісі әрі қаза тапқан атақты генерал Қасым Сүлейманидің күйеу баласы.
Алтыншы: Насралла қазасмынан соң Израиль арнайы қызметі хакерлері Бейрут әуежайының диспечерлік пунткін бұзып, Ираннан ұшақ келе жатқанын, оны қондырмау керектігін хабарлап, сес көрсеткен. Ұшақты жаратын айтқан. Осыдан соң Ливанның Транспорт министрі Ливан әуе кеңістігін жабуға бұйрық берген. Ал Тегераннан ұшып шыққан ұшақ кері бұрылған.
Жетінші: Иран Израильмен соғысуға әскер аттандырмақ. ИР сақшылар корпусы: «Жақын күндері Иранда еріктілерді жинау басталады. Біздің елдің және шетелдегі жастар Израильмен соғысуға даяр отыр. Біз Ливанның оңтүстігіне, Сирияға, Голан жотасына әскер жібереміз», - деп мәлімдеді.
Сегізінші: Израиль 2023 жылдың 8 қазанынан бері «Хезболланың» әскери басшыларының түгел дерлік көзін жойған. Аман қалғаны жалғыз адам. Ол - «Бадр» командирі Абу Әли Рида.
ХАСАН НАСРАЛЛА ДЕГЕН КІМ? ОНЫҢ ҚАЗАСЫНАН СОҢ ТАЯУ ШЫҒЫСТА НЕ ӨЗГЕРЕДІ?
1992 жылдан бері «Хезболланы» басқарып келе жатқан Хасан Насралланың өлімі соңғы онжылдықтағы Израильдің ең күшті және қауіпті жауының бірі болып саналатын әскерилер үшін үлкен соққы болды.
Хасан Насралланың қайтыс болуынан соң «Хезболла» өзінің көшбасшысынан ғана емес, топырағынан да айырылды деп санайды көптеген сарапшылар. Насралланың ықпалының ауқымы «Хезболланың» шегінен әлдеқайда асып түседі. Тіпті оның Израильдегі және Батыстағы қарсыластары Насралланы Таяу Шығыс саясатындағы көрнекті тұлға ретінде таниды.
Насралла «Хезболланы» 32 жыл бойы басқарып келген. «Хезболланың» саясаты мен әскери стратегиясын Насралла анықтап келген де осы Насралла. Ол 1992 жылы израильдік зымыран соққысында қаза тапқан өзінен бұрынғы Аббас Мұсауи қайтыс болғаннан кейін «Хезболланы» тізгіндеді. Сарапшылардың пайымдауынша, «Хезболла» қатарындағы негізгі проблема таяу күндері толық деморализация болмақ.
Хасан Насралланың қайтыс болуы – Израильдің әскери және барлау жағынан басымдығын көрсетті. Сарапшылар пікірінше, «Хезболланың» аймақтағы ықпалы Хасан Насралланың өлімінен кейін азаяды.
Хасан Насралланың өлімі – Тегеранның Ливандағығ Таяу Шығыстағы ықпалынана және стратегиялық ұстанымына үлкен соққы. Сондықтан Иран статус-квоны қалпына келтіру үшін қолынан келгеннің бәрін жасауға асығады, ал бұл әскери жеткізілімдерді де қамтиды.
«Хезболла» - радикалды әскерилендірілген топ қана емес, сонымен қатар 2005 жылдан бері Ливан үкіметінің құрамына кіріп, қазіргі таңда парламентте 15 орынды иеленген саяси партия. 2022 жылға дейін тағы бір радикалды «Амал» партиясымен коалиция құрып, парламенттік көпшілікке ие болған.
Mezgil.kz