Бүгін елімізде АЭС құрылысы бойынша жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр. Ел аумағында және шетелдердегі елшіліктерді ұзын-саны 10 мыңнан астам дауыс беру учаскесі ашылды.
(Суреттер: el.kz, baigenews.kz, sputnik.kz)
Дауыс беру таңғы 07:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады. Елімізде 12,3 млн адамның (12 244 683) адамның дауыс беруге құқы бар. Ең бірінші болып ашылған учаскілер: Корей Республикасы мен Жапонияда болса, ең соңғы болып ашылатын учаскелер АҚШ пен Канадада.
Бүлетенде: «Сіз Қазақстанда Атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген жалғыз сұрақ жазылған.
Жауап нұсқалары екеу: «Иә, келісемін» және «Жоқ, келіспеймін».
Елдордадағы дауыс беру учаскесіне барған президент Қасым-Жомарт Тоқаев егер халық АЭС құрылысын қолдап дауыс беретін болса, болашақта АЭС-ті кім салуы мүмкін деген журналистер сұрағына: «Бұл күрделі сұрақ. Үкімет талдау жасап, тиісті келіссөз жүргізуі керек. Бірақ бұл мәселеге менің жеке көзқарасым – Қазақстанда ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан тұратын халықаралық консорциум жұмыс істеуі керек. Әрі қарай өмір өзі көрсетеді», - деді (Азаттық радиосы).
Қазақстандық БАҚ-тар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Президент кеңесшісі Ерлан Қариннің, Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің, ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пен өзге де үкімет мүшелерінің дауыс бергені жайлы жарияланды.
Ескерту: Референдум өтті деп есептелуі үшін сайлаушылардың 50-ден астамы дауыс беруі керек.
Mezgil.kz